Қорғаныс сақадай сай ма екен?

0
38

Қорғаныс сақадай
сай ма екен?
Мемлекет басшысы 29 қазанда Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында министр Қазақстан Президентіне еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде мәлімделді.
Н.Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметіне тоқталды.
Соңында Елбасы бірқа­тар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру