Он бағыт оңды істерге бастасын!

0
200

Кеше, 12 маусымда елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өтті.
Мемлекеттік Ту мен Президент Байрағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кон­­ституциясы Тәуел­сіздік са­ра­йының Үлкен залына әкелінген соң, жаңадан сай­ланған Қа­зақстан Республикасы Президенті Мемлекеттік күзет қызметі бас­тығының рапортын қа­былдап, ішке кірді.
  Конституцияның 42-бабына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа ант берді.
– Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Рес­публикасының Кон­­с­ти­­ту­циясы мен заң­дарын қатаң сақтауға, аза­мат­­тар­дың құқықтары мен бос­тандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал ат­қаруға салтанатты түрде ант етемін!
Жаңа сайланған Қазақстан Президентінің қызметке кі­рісу құрметіне Мемлекеттік әнұран ойналып, 21 рет зең­бірек­тер­ден оқ атылды, Ақорда резиденциясының үстінде Қа­зақстан Республи­касының Мемлекеттік Туы көтерілді.
Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт То­қаев­қа Қазақстан Респуб­ликасы Пре­зидентінің куәлігін тапсырды.
Мемлекет басшысы ұлық­тау рәсімінде сөйлеген сө­зінде зор сенім артқаны үшін қазақстандықтардың бә­ріне алғыс айтып, қазіргі қа­зақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.
– Менің мақсатым – қо­ғам­­ның бірлігін қамта­масыз ету және әрбір аза­маттың құ­­қығын қорғау. Қа­зақ­стан­ның ұлттық мүддесін әр­қа­шан және бар­лық жерде қорғайтын боламын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті он негізгі бағытты белгілеп берді және олардың бәрін жүзеге асыруға дереу кірісу керектігін айтты. Атап айтқанда, халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар жасау, соттық-құқықтық реформа, әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді дамыту, тепе-теңдік және көпвекторлы сыртқы саясат, сондай-ақ, жастарды қолдау.
Соңында Қазақстан Респу­бликасының Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысы Тәуелсіздік сарайының алдындағы алаң­­да Қорғаныс министрі Нұр­­лан Ермекбаевтан рапорт қа­былдады. Мемлекет бас­шы­сының алдынан ҚР Қарулы Күштерінің әскер түр­лері салтанатты сап түзеп өтті.
Ұлықтау рәсіміне Тұңғыш Президент – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Парламен­ті депутаттары, Үкімет мү­шелері, Жоғарғы сот судьялары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, орталық мемлекеттік басқару органдарының басшылары, Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері, діни конфессия өкілдері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстандағы дип­ло­матиялық өкілдіктердің бас­­­­шылары, президенттікке үміткер болғандар, «Nur Otan» партиясының бас­шы­­лы­ғы, Республикалық және аймақтық қоғамдық штабтар­дың мүшелері, қо­ғам­­дық ұйым­дардың және бұ­қаралық ақпарат құрал­дарының өкіл­дері, іскер топтар өкілдері, көр­некті ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар ұйымдарының көш­бас­шылары қатысты. Рәсім­ге барлығы 2500 адам қаты­насты.

 

Жауап қалдыру