Өнімділікті арттыру маңызды міндет

0
45

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 көкекте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады.
Мемлекет басшысына министрлік жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспарлары жөнінде баяндалды.
Қазақстан Президенті агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті және қайта өңделген өнімнің экспортқа шығарылуын арттыру үшін министрліктің алдына қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асырудың маңызды екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылға дейін тех­ника­лардың жаңартылу қарқынын 2-ден 6 пайызға және суармалы егіншілік жер­лерін 1,4 миллионнан 2 миллион гектарға арттыру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық жүйе­сінің кешенін пайдалану, егістік ал­қаптарын әртарап­тан­дыру, тұқым сапасын жақ­сарту, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ірі қара малдың тұқымын зерттеу және қайта асылдандыру үшін заманауи технологияны енгізу, отбасылық мал шаруашылығын құру және пайдаланылатын жайы­лымдардың көле­мін ұлғайту жөніндегі жұмыс­тарды жалғастыруды тапсырды.

Жауап қалдыру