Негізгі басымдық – теңдестірілген аймақтық даму

0
39

29 тамызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев­тың төрағалығымен 2018-2022 жылдарға арналған әлеу­меттік-экономикалық даму болжамы мен негізгі басым­дықтары қаралған Үкімет отырысы өтті.
ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов құ­жат «Қазақстан-2050» стра­те­­гия­­сында, 30 озық дамыған елдің қатарына кіру тұжы­рым­дамасында, бес институцио­налдық реформада, сондай-ақ Қазақстанның үшінші жаңғы­руында көрсетілген мақ­сат­тар мен міндеттерді іске асыру үшін әзірленгенін мәлімдеді.
Жыл басынан бері Қазақ­станда экономикалық белсен­ді­ліктің жақсарғаны байқалуда. 7 айдағы ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. Жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 3,4 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Бұдан өзге, ХВҚ болжамына сәйкес, 2017-2018 жылдары экономикасы дамыған елдердің белсенділігінің артуы себебінен 3,5-3,6% деңгейде әлем­дік ілгерілемелі экономи­калық өсім болуы ықтимал.
2018-2022 жылдарға арналған болжам мен 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерді қалыптастырудың негізі ретінде мұнай бағасы — 45 доллар кезіндегі базалық сценарий алынды.
ЖІӨ-нің нақты өсімі 2018 жылы 3,1 пайыз деңгейінде бол­­жанған, 2022 жылы 4,2 па­йызға дейін өсім күтілуде. ЖІӨ өсімінің орташа жылдық қар­қыны алдағы кезеңде 3,7 па­йызды құрайды. Атаулы ЖІӨ алдағы жылы 55,9 трлн тең­геден 2022 жылы 75,9 трлн теңгеге дейін өседі. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім мөлшері 2018 жылы 9 000 долларды құрайды, 2022 жылы 11 700 долларға дейін ұл­ғайтылады.
ИИДМБ жобаларын енгізу, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп кешенін да­мыту мемлекеттік бағдар­ла­ма­ларын іске асыруды жал­ғас­тыру, сондай-ақ Үшінші жаң­ғыртуды іске асыру бойынша жо­балық басқаруды енгізудің арқа­сында өңдеу өнеркәсібінде 4,2 па­йыз деңгейінде, ауыл шаруа­шылығында – 5,7%, құры­лыс саласында – 4,0%, көлік саласында – 5,1% және саудада – 3,5% өсімнің тәуір қарқыны орын алады деп күтілуде.
Ұлттық банк инфляци­я дең­гейін 2018 жылы 5-7 па­йызға, 2019 жылы 4-6% пайызға және 2020-2022 жылдары 3-4 па­йызға дейін төмендету арқы­лы жылдық инфляцияның мақ­сат­ты дәлізін сақтамақ. Жұмыс­сыз­дық деңгейі 2018 жылы 4,9%-дан 2022 жылы 4,7%-ға дейін қысқартылады.
Өсім параметрлеріне қол жет­­­кізу үшін негізгі назар эконо­­микалық саясаттың келесі басым­дықтарына беріледі: мак­роэкономикалық тұрақтылық­­пен қамтамасыз ету, жедел­­де­­тілген технологиялық жаң­ғырту, бизнес ортаны түбе­гейлі жақсарту мен кеңейту, адам ка­пи­талының сапасын жақ­­сар­ту, институционалдық қай­та құру.
Сондай-ақ, негізгі басымдық экономикалық дербестік пен өңірлердің жауапкершілігін ны­ғайтып, кеңейту және Қазақ­стан азаматтарына өмір сүру ме­ке­ніне қарамастан бірдей дең­гейде өмірлік және еңбек жағ­дай­ларын жасау мақсатында тең­дестірілген аймақтық дамы­туға бағытталады.

Дастан ҚАДЫР,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру