Нұрлы жол жар­қын бо­ла­шақтың бағдар­шамы.

0
62

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы Қазақстан халқына Жолдауында «Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтар­дың өзара байланысын жақсарту ел­дің ішкі әлеуетін арттырады. Облыс­тар­дың бip-бipiмeн сауда-сат­тығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі Жол­дау­дың ең басты түйіні бол­мақ» ─ деп атап өткені белгілі.
Осыған орай облыс активінде Мемлекет басшысы Н. Н­азар­баевтың «Нұрлы жол – бола­шақ­қа бастар жол» атты Қазақ­стан халқына арналған Жолдауында белгiленген мiндет­тер­дi iске асыру жөнiн­дегi iс-шаралар жоспары жасалды. Өңірдің өсіп-өркендеуінің басты бағытта­ры айқындалды. Бір­аз­дан бері іске асырылып келе жат­қан өңiрi­мiз­дегі индустрияландыру картасы бағ­дар­ла­масын орын­дау­дың бiрiн­шi 5-жыл­дығында 38 млрд. теңгенiң 31 жобасы енсе, оның 29-ы жүзеге асырылды. Ал келесi 5-жылдыққа 100 млрд теңгенi құрайтын 70 жобаны енгiзу жоспарланып отыр. Осындай іргелі жұмыс­тар­дың нәтижесінде 1045 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бердi. Сонымен қатар өндiрiс ошақ­тарының инновациялық белсендiлiгiн 4-есеге ұлғайтты. Осы арада мына шараны айта кеткенім артық болмас. Ағымда­ғы жылдың 28- қарашасында облыс орталығында халық­аралық инвестициялық форум өтедi деп жоспарлап отырмыз. Онда алыс-жақын шетелдердiң өкiлдерi қатыспақшы. Аталмыш шара өз кезегiнде, өңiр экономикасының дамуына үлесiн қосып серпiн беретiнi рас. Оның үстіне жиынға қатысушылар Жолдауға қатысты өз пiкiрлерiн актив алдында айтуға мүмкiндiк алады. Олардың нақты ұсыныстарына сәйкес қосымша шаралар белгілейтін боламыз.
Жоғарыда айтылғандай өңір эко­но­микасының қан тамыры – об­лыс­тық және ау­дан­дық ма­ңыз­да­ғы 7500 шақы­рым­нан астам жол бар. Елбасы Жол­дауын­дағы бірінші тапсырмасында көліктік-логисти­ка­лық ин­фра­құрылымдарды дамыту мә­се­ле­сі, әсіресе, оның ішінде бі­рін­ші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет деп атап көрсеткен еді. Бұл міндетті іске асыруға еліміздің өзге өңірлеріне қарағанда біз­дің мүм­кіндігіміз мол. Өйт­ке­ні, Қы­зыл­жар өңірі тоғыз жол­дың торабында орналасқан. Те­ріс­кейде облыстық және аудан­дық маңызы бар жолдардың ұзын­ды­ғы 7 жарым мың шақы­рым­ды құрайды. Оның тең жартысы жөндеуді қажет етеді. Аймақта тозығы жеткен жолдарға асфальт төсеу үшін, арнайы 5 жылдық жоспар құрылған. Сондай-ақ Петропавл халықаралық әуе­жайында да жаңғырту жұмыс­тары қолға алынбақ. Бұл мақ­сат­қа ел қа­зы­насынан 150 млн теңге қа­рас­тырылып отыр. Келе­сі жылы да осы мәселеге қатыс­ты қар­жы­ландыру көлемін ұл­ғай­тамыз деп жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, алдағы 5 жылда 4 мың шақырымдық жолды толығымен жөндеп шы­ға­мыз. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін біздің Петропавл әуежайы 20 жылдан артық нақты жұ­мыс істе­­­меген болатын. Бүгінгі таң­да әуежайдың жаңа жоба-сме­та­лық құжаттамалары аяқ­талу­ға таяу. Келесі жылы ұшу ала­ңы­на то­лық реконструкция жасаймыз.
Қылышын сүйретіп каһар­лы қыс айы да келіп қалды. Бас­қа өңірлерге қарағанда біз­дің өңірде қыс ерте түсіп, қар қалың, қара суық қатты болатыны белгілі. Содан да өңірдің қан тамыры іспеттес жолдардың қа­лып­ты жағ­дайда жұмыс істеуіне ерте бастан әзірлік жасаймыз.
Қыс мер­зiмiнде осы аумақты, әсi­ресе, боранда бiтелiп қала­тын 1021 шақырымды қардан тазарту үшiн 103 техника әзiр­лен­ген. Ерте көктемнен арнайы жоспар жасалып, жолдарда қар тоқтатпау шаралары атқарылған. Жолдарды тегiстеу, жиектердегi шөптi шабу, ағаш-талдарды қырқу, техниканы әзiр­леу жұмыстары атқа­рыл­ған. Қар­жы­ландыру мәселелерi алдын ала шешiл­ген. Ай­тар­лық, облыстық маңыз­да­ғы жол­дар­ға үс­тi­мiздегi жыл­дың қа­ра­ша-жел­тоқсан айларына 35 млн. теңге бөлінсе, 2015 жыл­дың қаң­тар – наурыз айларына 230 млн. теңге қарастыры­лып отыр. Кө­лiк­терi тоқтап жолда қал­ған­дар үшiн арнайы қо­сын­дар әзiр­ленген. Сондай-ақ, автостанцияларда автобустар жүр­меген жағдайда жолау­шылар тасымалдайтын же­ңіл кө­лік­тер қыз­мет көрсе­тетін жағ­дайы да ойластырылып қойыл­ған. Өңір жолдарын қа­лың қар­дан аршып кү­ні-түні қыз­мет көр­се­те­тін 150-ге жуық техника сақ­а­дай-сай әзір тұр.
Елбасы Жолдауында әдет­те­гі­дей шағын және орта бизнес пен іс­керлік белсенділікті қол­дау­ға қатысты нақты тапсырмалар берілді. Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгінде Ұлттық қор­дан шағын орта бизнесті қол­дау­ға және несиелеуге бағыттал­ған 100 миллиард теңге толық­тай иге­ріл­ді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді» – деп атап өткен еді. Бұл орайда бүгінде өңірде жұмыс істей­тін 25 мыңға жуық бизнес субъектілеріне жүз мыңнан астам сол­түс­тік­қазақстандық тар­тыл­ған. Былтыр бұл саладағы өсім 3,5 пайыз­ды құ­рап, 295 миллиард теңге болған. Ішкі жалпы өнім 747,5 миллиард теңгеге жетсе, төрттен бір бөлігі ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Облыстық бюджетке құйыл­ған барлық салық тө­лем­­дерінің 63 пайызы кәсіп­кер­лердің үле­сін­де.
Дегенмен, бұл көрсет­кіш­тер­ге қанағаттануға болмайды. Өнім көлемін мо­лай­тудың, сапасын жақ­сар­тудың мүмкін­дік­те­рі аз емес. Тек осыған, тежеу салатын бюрократтық ке­дер­гі­лер­ді жою қажет деп санаймын. Іш­кі-сыртқы экономика­лық ре­зерв­терді қарас­тыра отырып, облыстағы жан басына шақ­қан­дағы ішкі жалпы өнім көр­сет­кішін респуб­ли­ка­лық орташа деңгейге, яғни 15 мың дол­лар­ға жеткізу қажет. Ол үшін ірі кәсіп­орын­дардың мүм­кін­дік­терін тиімді пай­да­лану­дың ма­ңызы зор. Олар­дың қызме­тін жаң­ғырту үшін «Самұрық-Қа­зына», «Қ­азақ­стан темір жолы ҰҚ» ар­қылы бірқатар тапсыры­стар­дың орындалғаны белгілі. Бұл жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасын табатын болады. Әлеуеті жоғары өндіріс орындары жанындағы шағын кәсіп­керлік нысандарының жаңа желісін құруға қарқын беруге ден қоймақшымыз. Тұтас­тай ал­ған­да, шағын және орта биз­нес­ті өркендету арқылы облыс тұр­ғын­дарының өмір сапасын, әлеу­мет­тік жағдайын жақ­сар­туға зор мүмкіндіктер туды­ры­латы­нын бір сәт те естен шы­ғар­мауы­мыз керек деп ойлаймын.
Елбасы Жолдауында айрық­ша мән берілген бір сала ─ ша­ғын және орта бизнесті дамыту болса, бұл ретте туризм үшін ин­фра­құрылым – жеке бағыт болып саналады. Оның басты ба­сым­дығы ─ жұмыс орындары санын көптеп құру мүм­кін­дігі болып табылады. Мұнда бір жұ­мыс орнын құру өнеркә­сіп­ке қа­ра­ғанда 10 есе арзанға тү­се­ді. Бұл туралы да Елбасымыз ерек­ше астын сызып айтты. Біз­дің өңірде де туризм саласы­ның да­мытудың мүмкінді­гі зор. Осыған орай алдағы жылдары жасыл желекке бай Теріс­кей­дың 4 ауданында жаңа демалыс орындары салынады. Мәсе­лен, Айыртау ауданында орна­лас­қан Шал­қар мен Имантаудың та­би­ғ­аты Бурабайдан кем емес. То­пы­ра­ғы шұрайлы, суы шипалы.
Халқымызда «балапанды күз­де санайды» дегендей қа­шан­нан Қы­зыл­жар өңірі елі­міз­де­гі астықты өлке болып саналады. Ел­басымыз Нұрсұлтан На­зар­баев­тың ағымдағы жыл­дың қыр­күйек айында біздің өңір­ге сапарында егіс ал­қап­тарын­да­ғы жай­қалған ал­қап­қа оң баға берген еді. Айт­қан­дай, алын­ған өнім де жаман болған жоқ. Тек биыл­ғы жылы ғана өңір ди­қан­да­ры ауа райы­ның қо­лай­сыз жағ­дайына қара­мас­тан, гектар бе­ре­келі­гін 14,6 центнерден айналдырып, 5 миллион тоннадан астам астық жинады.
Түйіндей айтқанда, Жол­дау­да айтылған ойлар мен ал­ға қо­йыл­ған мiндеттер жү­рек­тер­ге жол табуда.Бұл маңызды құ­жат елі­міз­дің жарқын бола­ша­ғы­на жа­сал­ған тағы бір оң қа­дам деуі­мізге болады. Бiр сөз­бен айт­қан­да, Нұрлы жол – жар­қын бо­ла­шақ жолының бағдар­шамы.

Жауап қалдыру