Мерекелік марапат

0
267

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 15 желтоқсан күні мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты.
Рәсімге қатысушыларға ар­нал­ған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құт­тықтап, егеменді ел ретінде дамыған жылдарымыздағы бір­қатар жетістіктерді атап өтті.
– Мемлекеттік егемендікке ие болған соң біз мықты әрі өркендеу жолына түскен Қазақ­станды құруға кірістік. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген елеулі жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізді. Ауқымды жаңғыру үдерісі аясында азаматтарымызға жоғары әлеуметтік кепілдік беріп, әл-ауқатының артуын қамтамасыз еттік. Біз Қазақстанның халық­аралық беделін нығайтып, жа­һандық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды лайықты өткіздік, – деді Елбасы.
Рәсім барысында Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеу­меттік-гуманитарлық тұр­ғы­дан дамытудағы аса үздік жетіс­тіктері үшін «Қазақ­станның Еңбек Ері» атағы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компа­ниясы» АҚ Басқармасының төра­ғасы А.Есімовке, Атырау об­лы­сындағы «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері Р.Қуатовқа және «Жақсылық» ШҚ басшысы Ж.Үшкемпіровке табыс етілді.
«Отан» орденімен Шығыс Қа­зақ­стан облысының әкімі Д.Ах­метов, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев және Ақтөбе облысындағы «Степное» ЖШС директоры А.Төлеуов марапатталды. ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Каспий Құбыр Кон­сор­циумы-Қ» АҚ бас дирек­торының Қазақстан Респуб­ли­касы Үкіметімен байланыс жө­ніндегі орынбасары Қ.Қа­был­динге, Қазақстан Пре­зиден­ті­нің көмекшісі Н.Онжа­новқа және жазушы Ә.Сарайға берілді.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, бұрынғы Бас прокурор, Жоғарғы Сот тө­рағасы Ж.Асанов, Әділет министрі М.Бекетаев, Инвести­циялар және даму министрі Ж.Қасымбек, «М.Әуезов атын­­дағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театры» РМҚК әртісі М.Өтекешева «Парасат» орденімен марапатталды.
«Құрмет» орденімен белгілі ғалымдар, мәдениет қай­­­рат­керлері, өндіріс пен әлеуметтік сала өкілдері марапатталды. Олардың қатарында «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қастек орта мектебі» КММ мұғалімі Б.Бер­дікенова, боксшы Қ.Ис­лам, «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК дәрігері Т.Мүтішев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, кино­актриса Ә.Сәдуақасова бар.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болат қорытушысы И.Китаев иеленді.
«Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атағы «Астана Балет» театры» ЖШС бас балетмейстері М.Абубахриеваға және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Ж.Мәлібекұлына берілді.
Әскери және қызметтік бо­рышын үлгілі атқарғаны, заң­ды­лық пен құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз ету, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қор­ға­­ныс қабілетін нығайту кезін­де көрсеткен ерлігі мен қажыр­лылығы үшін әскери қызмет­шілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

«Астана Медиа Пресс»

Жауап қалдыру