Мемлекеттік бағдарлама жандандырылсын

0
33

3 көкек күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы Қазақстан Республикасы білім беруді мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы туралы баяндады.
Білім және ғылым министрі Е. Саға­диевтің айтуынша, 2017 жылы 64,4 мың орын­дық 849 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның 717-сі жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар. 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшаға кезектілігі өткен жылмен салыстырғанда 25,3%-ға азайып, бүгінде 125 мың адамды құрады. 2017 жылы еліміздегі балабақшалардың орта есеппен 15%-ы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған.
Орта білім беру саласында жаңар­тыл­ған білім мазмұнына көшу жалғасуда. 2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар жаңа жүйеге көшірілді. 5 күндік оқу аптасы енгізілді. 2019 жылдан бастап 10–11 сыныптарда жаратылыстану бағытының «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» 4 пәнін ағылшын тілінде оқы­туға даярлық жүргізілуде.
Техникалық және кәсіби білім беру (ТжКБ) саласында оның сапасын, қол­же­тім­ділігін және тартымдылығын арт­тыру­дың жаңа тәсілдері әзірленді. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 260 біліктілік бойынша жаңа модульдік бағдарламалар енгізіле бастады, онда мамандықтың 3 біліктілігін игеру қарастырылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бо­йынша 2017 жылдан бастап 583 колледжде «Баршаға арналған тегін ТжКБ» жо­басы іске асырылуда. 100,8 мың адам­ға мемлекеттік тапсырыс берілген, оның ішінде 21 мыңы – Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша.
Жоғары білім беру саласында ЖОО-лардың академиялық және басқару­шы­лық дербестігін кеңейту үшін тиісті заң жобасы әзірленіп, ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілген. QS WUR әлемнің үздік университеттерінің рейтінгісіне 2017 жылы қазақстандық 8 ЖОО кірді.
– Ғылым саласында ғылым мен эконо­миканың шынайы секторының өзара бай­ланысын күшейту және ғылыми қыз­мет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Халық­аралық ғылыми-техникалық орта­лықтың гранттық қаржыландыруы аясында 12 жоба іске асырылды, – деді Е. Сағадиев.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағын­таев бүгінде Жолдауды және Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруға байланысты білім беру жүйесіне өте маңызды міндеттер жүктелгенін атап өтті.
Осыған орай Білім және ғылым министрлігіне Мемлекеттік бағдарламаны жандандыру бойынша жұмыстарды жеделдету және жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студент жастардың жатақханадағы жағдайларын жақсарту бойынша Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру жөніндегі Елбасы тапсырмаларының орындалуын қамта­масыз ету тапсырылды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағын­таев белгіленген стандарттарға сәйкес мемлекеттік бағдарлама индикатор­лары­ның орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.

primeminister.kz

Жауап қалдыру