Мемлекет басшысының құттықтауы

0
197

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 5 маусым күні Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Президент құттықтауының толық мәтіні төменде ұсынылып отыр.
Құрметті отандастар!
Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үн­дей­тін қасиетті Рамазан айы­ның аяқталуы – күллі мұ­сыл­ман үмбеті үшін маңыз­ды мереке.
Ораза айт күндері әр мұ­сылман туған-туыстары мен бауырларына қамқор­лық көр­сетіп, мұқтаж жан­дар­ға қолұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.
Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.
Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қа­сиеттер.
Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәс­түрге берік қоғамымыз­дың рухани жаңғыру идеясы­на толық сай келеді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!
Ораза айт құтты болсын!

Жауап қалдыру