Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Гүлмира ҚАЛМҰРАТОВА: Жұмыспен қамту қарқыны қуантады

0
343

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өмірге келген «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алты жылдың ішінде бағдарлама өміршеңдігін танытып үлгерді. Халқымыздың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің жақсаруына оң ықпал етіп отыр. Статистикалық деректерге қарағанда аталмыш бағдарлама аясында осы мерзімде 461 мыңнан астам азамат жұмысқа тартылса, 121 мыңнан астам адам оқуға жіберіліп, кәсіби мамандық алды. Қазір бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға қатысты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес шалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту қадамдары да жасалуда.
Иә, бүгінгі таңда көптеген мемлекеттердің басты пробле­маларының бірі халықты жұ­мыспен қамту болып отыр. Бұл проблемадан Қазақстан да сырт қалып отырған жоқ. Сондықтан да дағдарысқа қарсы қазіргі шаралардың қатарында жұмыс орындарын қысқартпау, жұмыс­пен қамту мәселесі бірінші орын­да. Осы орайда біздің Маң­ғыстау өңірінде де біраз ауқымды шаралар жүзеген асырылып келеді. Жыл басынан бастап жұмыспен қамту органы 5,5 мыңдай адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті: 1734 жұмыссыз адам тұрақты жұмыс орындарын иеленді. 251 адам қайтадан құрылған жаңа жұмыс орындарына орна­лас­тырылды, оның ішінде мем­ле­кеттік, салалық бағдарла­малар, өңірлерді және жеке бизнес бас­тамаларын дамыту бағдар­ла­малары, шетелдік жұ­мыс кү­шін тартатын кәсіпорын­дар мін­дет­­темелері аясында жұ­мыс­пен қамтылды.
Сондай-ақ 848 адам әлеу­мет­тік жұмыспен қамтыл­ды; орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының 768 түлегі жастар тәжірибесі аясында құрылған жұмыс орындарына жіберілді; 1829 жұмыссыз – қоғамдық ақы төленетін жұмысқа тартылды.
«Егер өңірлер бөлігіндегі көр­сеткіштерге назар салсақ, Ақтау қаласында 967 адам, Жаңа­өзен қаласында –1472, Мұ­най­лы ауданында – 663, Қара­қия ауданында – 504, Бейнеу ауданында –1060, Маңғыс­тау ауданында – 366, Түпқа­раған ауданында – 399 адам жұмыспен қамтылды. Әсіресе, мемлекеттік «Нұр­лы жол» бағдарламасы аясында ұлттық компаниялар, даму институттарының қаржы­ландыруы және бюджеттік қар­жыландыру арқылы 14 инф­рақұрылымдық жобаны жү­зеге асыру тұрғындарды жұ­мыс­пен қамтуда өзінің оң ықпа­лын тигізді. Айталық, өңір­дегі барлық жобалар бойын­ша инвестиция көлемі 156,5 млрд теңгені құрады. Соның ішінде 2015 жылға Ұлттық қордан 28 млрд. теңге бөлінді. Нысандарды салу кезеңінде 2344 жұмыс орнын, ал пайда­лануға беру кезеңінде 426 жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл туралы жуырда өткен алқа мәжілісінде облыс әкімі Алик Айдарбаев ерекше қадап айтқан болатын.
Сондай-ақ, көлік инфрақұ­ры­лымын дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Мәселен, «Нұр­лы жол» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында жуырда ғана «Боржақты – Ерсай» теміржолы салынып бітті және оның бір бөлігінде пойыз қозғалысы ашы­лып, 60 адам тұрақты жұмыс орнына ие болып, осы жол арқылы алдағы уақытта жы­лына 8 млн тонна жүк тасы­малданады. Оған қоса авто­мобиль жолының да құры­лысы аяқталуға жақын. Бұл да біраз жаңадан жұмыс орын­дарының ашылуына игі ықпал етеді.
Тағы бір айта кететін ауқым­ды ісіміз – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық айма­ғында атқарылып жатқан сүбелі істерімізді айтуға болады. Қазір арнайы экономикалық аймақта 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Мұнда теңіздегі мұнай игеру жұмыстарына арналған метал­құрас­тырмаларынан бастап, тұрғын үй мен жол салуға қа­жетті түрлі өнім өндіріліп жа­тыр. 12 жыл бұрын құрылған аймаққа осы күнге дейін 30 млрд теңге инвестиция құйылып, 223 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Осылайша «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы даму көрсеткіші жағынан еліміз бойынша «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағынан ке­йін­гі екінші орынға көтерілді. Мұнда еліміздің және шетелдің кәсіпкерлері үшін мемлекет тарапынан түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Осының арқа­сында жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ниеттілер саны артып отыр. Бұл аймақ өңір экономикасының ғана емес, әлеуметтік жағда­йының жақсаруына да жол ашып отыр. Қазір мұнда мың­нан астам адам еңбек етіп жатыр. Қосымша 400 адамға жаңа жұмыс орындары ашыла ма де­ген болжамымыз бар.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 6 кәсіпорын іске қосылады деп кү­тілуде. Алты инвестор жаңа жобаларды жүзеге асыруға кі­рісіп кетті. Осылайша елімізде мұнай өндірісіне қажетті ерекше құбырлар, полимер өнімдері мен сұйық дәрілер шығарылатын болады. Сонымен қатар Ақтауда алғаш рет азық-түлік сақтайтын ірі логистикалық орталық қол­да­нысқа берілмекші. Осы жаңа жобалардың арқасында 500 маңғыстаулыққа жаңа жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде «Ақтау полимер» зауытында жұмыс қызу қарқынмен атқары­луда. Қазір өңірдегі тозығы жеткен су, газ, кәріз және жылу құбырларының орнына осында өндірілген құбырлар төселіп жатыр. Кәсіпорында жылына 67 мың метр полиэтилен құбыры шығарылады. Өндіріске қажетті шикізат Парсы шығанағы ел­дерінен «Ақтау теңіз порты» арқылы жеткізіледі. Полимер зауыты биылдан бастап өңірде алғаш рет жылуды барын­ша сақтап тұратын оқшау­лан­ған құбырларды жасап шығара бастады. Мұны жұмыс­шылар «ақылды құбыр» деп атайды. «Темір құбырдың сыртын полиэ­тилен қаптамамен қаптап, ішін көбікпен толтырамыз. Ол полиэтан деп аталады. Мұның ерекшелігі, жылуды тұты­ну­шыға дейін мол көлемде жеткі­зуінде және шығыны аз. Жаңа технологиямен жасалу­да. Ішінде мыстан сым жүргізілген. Бұл арнайы аппаратқа жалғанады да, құбыр жарылып, су кеткен жағдайда сол аралықты 1 метрге дейінгі ауытқу дәлдігімен көр­сете алады. Бұған қоса 2015-2017 жылдарға 7000 жұмыс орын­дарын құрайтын, жалпы құны 375 млрд. теңге болатын 14 жобаның іске асы­рылуы жос­пар­­ланғанын айта кетсем артық бол­мас.
Өткен шілде айының бас кезінде ҚР Премьер-Ми­нис­трі­нің орынбасары Бердібек Са­пар­­баев біздің өңірде жұ­мыс сапарымен болып, үкі­мет­тік бағдарламалардың орын­далу барысымен таны­сып қайт­ты. Оның ішінде өңірде жұ­мыс­сыздықты болдыр­мау­дағы атқа­рылып жатқан жұмыс­тары­­мызға ризашылық біл­дір­ді. Мәселен, 2013 жылы пайдалануға берілген Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ жерасты құрылғыларын жөндейтін цехтың жұмыс жасау барысымен танысты. Мұнда құрылғыларды қабылдайтын және жуатын, сорғы-компрес­сорлық құбырларды, сорғы қарнағы мен қарнақты терең сорғыларды жөндейтін жерде, дайын өнім телімінде еңбек етіп жатқан 350 адамның жұмыс жағдайын өз көзімен көрді. Еңбек ұжымымен кездесуі ке­зін­де жұмыс орындарын сақ­тап қалу үшін кәсіпорынның қабыл­даған шаралары туралы, «Өзен­мұнайгаз» АҚ өндірістік қыз­метіндегі мәселелер талқы­ланды.
Екіншіден, денсаулық сақ­тау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Са­ламатты Қазақстан» бағдар­ламасын жүзеге асыру бағы­тында атқарылып жатқан жұ­мыстарымызда жаңа жұмыс орындарының ашылуына оң ықпал етіп жатқанын да айта кеткеніміз жөн секілді. Биыл облысымызда «Саламат­ты Қа­зақстан» мемлекет­тік бағ­дар­ламасы бойынша 8 меди­циналық мекеме бой көтер­ген. Соның 7-еуі дәрігер­лік амбу­латория болса, біреуі фельдше­рлік-акушерлік пункт. Сондай-ақ, алдағы уақытта Қызан және Өмірзақ селоларында дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланып отыр. Оның үстіне, бір ғана Мұнайлы ауданында 8 бастапқы медициналық-санитарлық кө­мек көрсету орталығы мен ау­дандық 1 емхана іске қосылды. Бұл емдеу орындарына «Дип­лом­мен – ауылға» бағдар­ла­масы бойынша Астана, Алма­ты, Ақтөбе қаласындағы дәрігерлік академияның 12 жас түлегі ау­данымыздағы медици­налық ме­кемелерде жұмыс­қа ор­на­лас­ты.
Түйіндей айтқанда, Елба­сымыз Н.Ә.Назарбаевтың баста­масымен қолға алынып жатқан бес институттық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап көрсетілген халықты тұрақты жұмыс орындарымен қам­­тамасыз етуде атқарылар міндеттер аз емес. Осы бағыт­тағы жұмысымызды шира­та түсіп, Тәуелсіз еліміздің тұ­ғырын биіктете түсеміз.

Жауап қалдыру