Мақсат – тұрақты өсім

0
22

ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 28 қараша күні өткен Үкімет отырысында Үкімет мүшелері бірауыздан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қолдап, Мемлекет басшысының қарауына жіберді, – деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. Бұған дейін, яғни 27 қараша күні ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің жетекші сарапшыларымен «ашық диалог» форматында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын талқылаған болатын. Ерекше форматта өткен талқы отырысында айтылған ойлар төмендегі материалда ұсынылған.
ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалы­ғымен 28 қараша күні өткен Үкімет отырысында Үкімет мүшелері бірауыздан Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қолдап, Мемлекет басшысының қарауына жіберді, – деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми сайты. Бұған дейін, яғни 27 қараша күні ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің жетекші сарапшыларымен «ашық диалог» форматында Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының жобасын талқылаған болатын. Ерекше форматта өткен талқы отырысында айтылған ойлар төмендегі материалда ұсынылған.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Стратегиялық жоспардың негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтті. Оның айтуынша, жоспар 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, оның негізгі міндеттері бүгінгі таңда орындалған. Сондай-ақ, бұл құжат – «Қазақстан-2050» стратегиясына қатысты орта мерзімді жоспар.
– Стратегиялық жоспар – 2025 Стратегия – 2050-дің және Мемлекет басшысы ұсынған Ұлт жоспарының логикалық жалғасы және оны жүзеге асыру тетігі, – деп атап өтті Т. Сүлейменов.
Жаңа жоспардың негізгі мақсаты – 2025 жылға дейін эко­но­миканың сапалы әрі тұрақ­ты өсуіне қол жеткізу, бұл ЭЫДҰ елдерімен салыстыруға келетін, адамдардың өмір сүру дең­гейін жақсартуға жол ашады. Мақ­сатқа жетудегі оңа­лысты белгі­леу үшін, халық­тың өмір сүру сапа­­сын және эконо­ми­­­калық өсім са­па­сын өлшейтін ма­ңыз­­ды ұлттық көр­­­сет­кіштер қа­рас­­ты­­рыл­­ған.
Стратегиялық жос­пар 2025-тің не­­­гізі – Стратегия 2050-дің жеті жүйе­лік реформасы мен іске асы­рудың жеті басымдықты сая­сатының байланысы. Жоспар­дың 7×7 формуласы – Қазақ­станның жаһандық бәсекеге қабілет­тілігіне қол жеткізу үшін тұрақтылық пен дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Үкіметтің жеті саясаты реформаларды жүргізу барысында әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуді қамтамасыз етуге бағытталған. Басымдықты саясаттар әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, жүйелі жылдамдатылған реформаларды толықтырады.
Жеті жүйелі реформа:
– Жаңа адам капиталы.
– Технологиялық жаңарту және цифрландыру.
– Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес.
– Құқықты мемлекет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
– Қуатты аймақтар және кенттену.
– Рухани жаңғырту.
– Мемлекеттік сектор өзгерістер көшбасшысы ретінде.
Сарапшылар реформалардың əр­қайсысын талқылады. Талқы­лауға «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Назарбаев Университеті» ААҚ вице-президенті Қанат Байғарин, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Жарас Ахметов, Зерттеулер және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» ҚҚ директоры Меруерт Махмұтова, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев, Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов қатысты.
Талқылау модераторы – «Talap» қолданбалы зерттеулер орта­­лығының» директоры Рахым Ошақбаев бұл қазақстандық сарапшылар қауымдастығының пікіріне негізделген алғашқы құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, 80-нен астам сарапшы жоба туралы оң пікірлерін білдірді.
Талқылау барысында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин жаңа құжаттың жаңа технологияларды енгізу бойынша құралдары мен тәсілдеріне түсініктеме беріп өтті.
2025 жылға дейінгі стратегия­лық жоспардың негізінде эконо­микалық өсімнің жаңа моделі жатыр, оған көшу қазіргі мемлекеттік саясаттағы негізді өзгерістерді талап етеді.
«Технологиялық жаңару және цифрландыру» реформасы аясында жаңа экономика негізін құру көзделіп отыр. Бұл келесі міндеттерді: «цифрлық тұлғаларды» дамытуды, инновацияларды ынталандыруды, ғылыми-зерттеу жүйесін дамытуды көздейді.

Сондай-ақ, стратегиялық даму жоспарының жобасы көтерме сауда орталықтарының және электрондық сауданы дамыту үшін жағдай жасауды қарастырады. Бұл экономиканың жекелеген секторларында көптеген делдалдардың болуына байланысты шығындарды азайту үшін жасалатын болады.
Бағдат Мусиннің айтуынша, цифрландыру – бұл жеке сала емес, ол экономиканың барлық салаларына әсер етеді. Осыған орай, спикердің пікірінше, Қазақстанның бүкіл аумағын кең жолақты Интернет желілерімен тездетіп жабдықтау қажет.
Стратегиялық жоспардың жобасына сәйкес, цифрландыру мен инновациялық және ғылымды қажетсінетін даму бастамаларын іске асыру экономикадағы шығындарды азайту мен қосымша құнды құрудың елеулі әлеуетіне ие, ол 2025 жылдан бастап ел ЖІӨ-нің өсу қарқынын жылына 4,5-5% деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді, ал 1,7%-2,2%, яғни шамамен 30-40% тек цифрландыруға тиесілі болады.
Талқылау қатысушысы назар аударған екінші аспект – сауда саласы. «Біз барлық сауда-саттықты «электрондық рельстерге» көшіруіміз керек», – деді Б. Мусин.
Бұдан өзге, Б. Мусин электронды саудаға табыс салығын енгізу туралы шешімге түсініктеме берді. «Менің ойымша, бұл бүгінгі күнге қажетті қадам. Бүгінгі шағын электронды сауда келешекте экономиканың нағыз драйверіне айналуы керек», – деп атап өтті сарапшы.
Қорытындылай келе, ол барлық мемлекеттік органдардың процестерін оңтайландыру қажет екенін айтты.
– Денсаулық сақтау жүйесін автоматтандыру қажет. Себебі, адамдар дәрігердің қабылдауына дәптермен емес, смартфондарымен келеді. Құқық қорғау саласында да сол жағдай. Біз ұзақ жылдар бойы сыбайлас жемқорлықпен күрестік, ал қазір жағдайды «Сергек» шағын камерасы өзгертіп жатқанын көріп отырмыз, – деді Б. Мусин.
Ерекше форматтағы жиында Стратегиялық бастамалар орта­лығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов жаңа құжатқа, соның ішінде өңірлерді күшейту мен мемлекеттік органдар қыз­меттерін цифрландыруға қа­тысты реформаларға түсініктеме беріп өтті.
– Осы Стратегияда мен өзіме үш негізгі мәселені белгілеп алдым. Біріншіден, барлық үдерістер мен салаларды жаппай цифрландыру жүзеге асырылатын болады. Бұл шешімдер қабылдау үшін уақытты едәуір үнемдеуге және еңбек өнімділігін арттыруға тиіс, – деді сарапшы.
Олжас Құдайбергеновтың айтуынша, бүгінгі күні дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келетін еңбек өнімділігінің 40%-ын, Стратегиялық жоспарды іске асыру арқылы осы көрсеткіштерді бір жарым–екі есеге жақсартуға немесе 60-70% жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар сарапшы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі артатынын атап өтті. Мәселен, қағазды үйлестіру үшін қажетті уақытты қысқарту АӨК саласындағы субсидияларды уақытылы алуға мүмкіндік береді.
– Екінші мәселе – құжаттың елеулі экономикалық негізі, ол бюджеттің ЖІӨ үлесін 18-ден 25%-ға дейін ұлғайту арқылы және ұлттық валютадағы несиелеу көлемінің 18-ден 50%-ға дейін өсуі арқылы көрінеді. Алдыңғы құ­жат­тарда бұндай көр­сеткіштер болмады.
Үшінші мәселе – құжатта өңірлердің тең­дестірілген дамуын көз­дейтін бө­лім бар, – деді О. Құдай­бер­ге­нов.
Олжас Құдайбер­геновтың пікірінше, Стратегиялық жоспар жобасы ҚР Үкіметі бекіткен жағдайда жүзеге асыруға дайын.
– Құжат жобасы талқы­ланудың 4 кезеңінен өтті: сарапшылар қауым­дастығы, халық­аралық ұйымдар, өңірлер және мемлекеттік органдар арасын­дағы ішкі келісім. Құжат маусым айынан бастап әзірленді және мен ай сайын, әсіресе, реформалар мен бастамалар бөлімдерінде қандай өзгерістер болғанын көрдім, – деді О. Құдайбергенов.
Талқылау барысында бәсе­келестік пен бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне қатысты реформалар туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов түсініктеме беріп өтті.
Реформа экономикадағы мемлекет рөлін төмендетуге, бизнесті жүргізудегі кедергілерді азайтуға, қаржыландыруға қол­жетім­ділікті арттыруға және қазақ­стандық бизнестің сыртқы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Абылай Мырзахметовтың ойынша, соңғы жылдары отандық биз­нес мемлекеттік қолдауға сү­йеніп алды. Енді бизнес-орталарда бизнестің артықшылықтары, бәсекелес тұстары туралы емес, көбіне Бизнестің жол картасы жайында сөз қозғалады. Мемлекеттік қолдаудың 50-ден астам түрі бар.
– Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту қажет. Мемлекет бизнесті жүргізу ережелерін белгілеп жатыр және ол өзгерістерге әзірлігін көрсетуде. Стратегиялық жос­пар­дың жобасына сәйкес, жеті жыл ішінде мемлекеттің кәсіп­керліктегі үлесі шамамен екі есеге азаюы тиіс. Мемлекеттің квазимемлекеттік сектордағы үлесін жыл сайын төмендету қажет, – деді Абылай Мырзахметов.
Жоспардың жобасына сәйкес, бюджет саясаты тиімсіз шараларды жою жолында өзгереді, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар ынталандырылатын болады. Ірі жекешелендіру және мемлекеттің бәсекеге қабілетті қызмет түрлерін бизнес ортасына беру арқасында экономикадағы мемлекеттің үлесі едәуір қысқартылады.

Дастан ҚАДЫР,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру