Мұсылман үмбеті үшін маңызды мейрам

0
214

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжінде болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқу орнының жұмысымен та­ны­сып, оқу үдерісі мен ма­териалдық-техникалық базасының жоғары деңгейде екенін айтты.
Студенттермен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті оқу және жатын орындарының жағдайын сұ­рады. Қасым-Жомарт То­қаев мұндай оқу орнында оқитын шәкірттер ынталы әрі тәрбиелі болуы керектігін атап өтті.
– Сіздерді қасиетті Ораза айт мерекесімен құт­тық­таймын. Аспанымыз ашық, жақсылықтар мол болсын, бақ-береке тілеймін. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, халқымыздың төрт құбы­ласы түгел жетуге нәсіп етсін. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! – деп тіледі Мемлекет басшысы.
Соңында Қазақстан Президенті еліміздің игілігі үшін дұға жасады.

Жауап қалдыру