Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ: Жер – тұрақты пайданың көзі

0
303

Әлемдік экономиканың әле­уеті әлсіреген тұста Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев Жаңа Экономикалық сая­сатты айқындап, соның ая­сында «Нұрлы жол» бағдар­ламасы қабылданғаны бел­гі­лі. Бұл бағдарламаның сырт­қы факторларға қарсы им­му­ни­тетті күшейтіп қана қой­май, ішкі өсімді де сақтауға қабілетті. «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары бойын­ша экономикалық өсімді қам­тамасыз етуге баса мән беріп отыр. Ал Елбасы айқындаған 100 нақты қадамның 50 қадамы, яғни Ұлт жоспарының 50 пайызы «индустрияландыру жә­не экономикалық өсім» ая­сын­дағы мәселелерді қамты­ған. Шындығында Қазақ­стан­ның келешегін экономикалық өсімсіз елестету мүмкін емес. Оның үстіне Қазақстан Дүние­жүзілік сауда ұйымының мү­шелігіне өткенін ескерсек, бұл мәселе одан сайын өзекті бола түсері сөзсіз. Осыған орай, Елбасының бастама жасаған ре­формаларына қатысты Ұлт­тық экономика вице-ми­нистрі Қайырбек Өскен­баевпен әң­гімелескен едік.
– Қайырбек Айтбайұлы, Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев өң­деуші секторды дамытуға мей­лінше мән беру керектігін ұдайы айтып келеді. Тіпті сарап­шылар арасында алдағы ДСҰ аясында осы салаға қауіп төнеді деген пікірлер де бар­шылық. Осыған орай, бү­гінгі Қазақстанның өң­деуші секторын қалай бағалар еді­ңіз?
– Әлбетте, өңдеуші секторды да­мыту – бүгінгі ұлттық эко­номиканың алдында тұрған өзекті мәселе. Ал еліміздің өңдеуші секторындағы ахуалға тоқталу үшін бірқатар алдын ала статистикалық деректерге мән берсек. 2008 жылмен са­лыс­тырғанда Қазақстанда 2014 жылғы 12 ай ішінде нақты мәндегі шикізат емес сек­тор­дың жалпы қосымша құнға өсімі жоспардағы 139,5% қар­ағанда 131,3%-ды құрады. Яғ­ни, біршама төменірек болып шықты. Неге бұлай деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Соған жауап бере кетсек, жалпы негізінен шикізаттың емес сектордың өні­мін өндіру ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтардағы өт­кізу мә­селелерімен тікелей бай­ла­нысты екенін естен шығармау керек. Осылайша, шикізаттың емес сек­тордың жалпы қосылған құндағы жоспарлы деңгейіне қол жеткізбеудің негізгі себеп­тері сыртқы нарықтардағы және бірінші кезекте Ресейдегі қа­зақстандық экспорттық пози­цияларға сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ мұнай және металдар бағаларының төмендеуі болып табылады. Өйткені, отандық экс­порт тауарларының 90%-ын минералдық өнімдер, ме­талдар және олардан жасалатын бұйымдар құрайды. Сәй­­­ке­сінше, бұл сондай-ақ өнер­­­кәсіптік өндірістің көлем­деріне, елдегі өнеркәсіптің өсу қарқы­нының төмендеуіне және жалпы қосылған құнның шыға­ры­лымына әсерін тигізеді.
Сосын, индикаторға қол жет­кізуге әсер еткен жанама көр­сеткіш көрсетілетін қызмет­тер секторының өсуіне де тә­уел­ді болып табылады. Атал­­ған сектордың серпінді өсуі ха­лықтың іскерлік белсен­­­­ді­лігінің артуына және табыс­­­тарының өсуіне байла­нысты. Осылайша, көрсеті­ле­тін қыз­мет­тер сек­торы­ның өсуі жал­пы қосыл­ған құндағы өнер­кәсіп үле­сінің, оның ішінде өңдеу өнер­кәсібі үлесінің тө­мендеуіне қы­сым көрсетті.
Айта кетерлігі, өңдеу өнер­кәсібі шығарылымының өсу қарқынының баяулауы елдегі инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен қоса жүрді. Осы­лайша, соңғы бес жыл ішін­де негізгі капиталдағы ин­вес­­­ти­­цияның жылдық өсу дең­­­­гейі 14,8%-дан 6,9%-ға қыс­­­қарды. Бұл ретте 2013 жы­лы инвестициялық салымдар­­дың ең үлкен көлемі, ал­дың­ғы жылдардағы сияқ­ты, тау-кен өндіру өнеркә­сі­бі­не тие­сі­лі болды (не­гіз­гі ка­пи­талға са­лынған бар­лық инвес­тиция­­лардың 29%). Негізгі ка­питалға са­лын­ған инвес­ти­ция­ларды қар­­жылан­дырудың не­гізгі көзі кәсіпорындардың же­­ке қара­жаты болып отыр (59%), ал бұл ретте, нарықта қор жинаудың ұзақмерзімді көз­­дерінің жетіс­пеушілігі бай­қа­ла­ды.
Енді, Елбасының алды­мыз­ға қойып отырған тапсыр­масы белгілі. Осыған бай­­ла­нысты қабылданған ша­ра­лар­ға тоқ­талып өтсем. Тұ­тас­тай ал­ған­да өңдеу өнер­кә­сібі кәсі­порындарын қолдау мақ­са­тында, Үкімет бірқа­тар құ­жат­тар топтамасын әзір­леп, қа­был­дады. Бұлардың ара­сын­да атап айтқанда, өнер­кәсіп­тік кәсіпорындарды қол­даудың 2015 жылға арналған жоспары, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары, бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары, Үкімет пен Ұлттық Банктің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қам­тамасыз ету жөніндегі бір­лескен іс-қимыл жоспары қабылданған болатын. Мәселен, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдаудың 2015 жылға арналған жоспары шеңберінде, нақты кәсіпорындар бойынша жүйе­лік, сондай-ақ «дәлдік» сипат­тағы мемлекеттік қолдау шара­ларын көрсету көзделеді.
Осылайша, ССТӨБ, Арселор Миттал Теміртау, Қазақстан алюминиі, Тараз металлургия зауыты, KSP Steel, Жәйрем ТБК, ӨТМК және т.б. кәсіпорындарға теміржол тарифтеріне, электр энергиясына уақытша төмен­дету коэффициенттерін ұсыну, өндіріс көлемін 2014 жыл дең­гейінде сақтау және арттыру мақсатында ұзақмерзімді келі­сімшарттар жасау, жұмыс орын­дарының қысқаратылуына жол бермеу, өнімнің экспортталуын ұлғайту түріндегі атаулы қолдау шаралары қолданылды. Сосын, Үкімет осы кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын, айна­лым қаражатының жеткілік­тігін, кредиторлық және де­биторлық қарызын, сондай-ақ жеңілдіктер мен субсидияларды қолданудың тиімділігін қадаға­лайтын болады. Бұл орайда Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында бірқатар шаруалар атқарылды.
Тұтастай алғанда, алдағы уақытта ұлттық экономикаға инвесторларды кеңінен тарта отырып, өңдеуші секторды да­мыту мәселесі өзектене тү­седі деп ойлаймын. Мемлекет басшысы соның аясында шетел­ден инвесторларды тарту, олар үшін жағымды инвести­циялық климатты жақсарту бойынша нақты міндеттерді айқындады. Ендеше, бағытымыз айқын, жұмысымыз жанданып жатыр.
– Қайырбек Айтбайұлы, Қа­зақ­станда халықтың 43 па­йыз­дан астамы ауылды жер­лерде тұра­тыны белгілі. Ендеше, еліміз үшін ауылдық әлеуетті арттырып, ауыл ша­руашылығы саласын да­мыта түсу қажеттілігі әлі де аңғарылады. Осыған орай, өңірлерді, соның ішінде ауыл­дарды дамытуға қатыс­ты не айтар едіңіз?
– Бұл Елбасының ұдайы назарындағы мәселенің бірі. Жалпы ауылдық елді мекен­­дердің әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуына жүргізілген мони­торинг мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылдың 1- қаңтарындағы жағдай бойынша республика көлемінде 6699 ауылдық елді мекен бар. Соның ішінде даму әлеуеті жоғары ауыл – 1183, даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекен – 5023, даму әлеуеті төмен ауылдық елді мекен – 493. Ауылдарда тұрып жатқан жұртшылықтың саны – 7,7 млн. адамды құрайды. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес ауылдық елді мекендер әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым ны­сандарымен қамтамасыз етіл­ген.
Қазіргі күні ауылдық аумақ­тарды дамыту қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағ­дар­ламалар, облыстардың аумақтарын дамыту бағдар­ла­малары шеңберінде іске асы­рылады. Айтар болсақ, Өңір­лерді дамытудың 2020 жыл­дар­ға дейінгі бағдар­ла­масында ауылдық аумақтарды дамыту туралы бөлек тарау қарас­ты­рылған. Аталған тарауда өңір­лік саясаттың басты бағыты – аудан орталықтарын және тірек ауылдық елді мекендерді дамыту болып табылатындығы көрсетілген.
Бүгінгі таңда облыс әкімдік­тері 313 тірек ауылдарды дамы­ту бойынша Кешенді жоспарлар­ды іске асыруда. Кешенді жос­парлар шеңберінде 2014 жылы 1888 шара іске асырылды, соның ішінде 1946 км. ин­женерлік инфрақұрылымды жә­не 62 нысанды салу, реконс­трукциялау және жөндеу бо­йынша жоба іске асырылған. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамытуға 590 жоба бағытталса, тірек ауылдардағы ауыл шаруашылығын дамытуға 643 жоба бағытталды. Ауыл­дық елді мекендерді дамы­ту бойынша аталған іс-шара­лар тұрақ­ты негізде іске асыры­лып, ауылдық жерлерде тұру үшін қолайлы жағдай қалып­тас­тырады.
– Елбасының «100 қадам» Ұлт Жоспары негізінен жұрт­шылықтың өмір сапасын арт­тыруға негізделеді емес пе? Осы тұрғыдан алғанда өңір тұрғындарының бақуат­ты­лы­ғын арттырып, өмір сапа­сын нығайтатын арнайы бағдар­ла­малар бар екені белгілі. Бүгінгі күні мұндай бағ­дар­ла­ма­лардың орындалуы қалай? Әсіресе, мо­ноқалаларды да­мыту мәсе­лесінде қаржы­лан­дыру мәселесі қалай ше­ші­ліп жатыр?
– 2015 жылдан бастап моно­қалаларды дамыту Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №728 қаулысымен бекітілген, Моноқалаларды дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған өзектендірілген кешенді жос­пар­ларының негізінде Өңір­лерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шең­берінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның негізгі міндеті моноқалалар халқының жұ­мыс­пен қамтылуының оңтай­лы құрылымын қамта­ма­сыз ету үшін экономиканы әрта­рап­тандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту, халық саны­ның есебінен моно­қала­ларда инженерлік инф­рақұрылымды дамыту және моноқалалардың еңбек ресурс­тарының ұтқыр­лығын арт­тыру болып табы­лады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін 2012-2015 жылдары республикалық бюд­жет қаражаты есебінен барлығы 64,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде – 54,0 млрд. теңге моно­қалалардың инженерлік инф­рақұрылымын дамытуға және жайластыруға, ал 10,4 млрд. теңге моноқалаларда ша­ғын және орта бизнесті да­мытуға бағытталған. Сондық­тан да, бағдарлама тиісті ба­ғытта жүргізіліп жатыр деуге болады.
– Мемлекет басшысы Н. На­зарбаев бес институттық ре­форма аясында ауылдық бюд­жеттерді қалыптастыру туралы айтқан болатын. Осы жа­йында қандай шаралар атқарылмақ? Жалпы жергі­лікті өзін-өзі басқару мәсе­лесінде алда қандай өзгерістер күтіледі?
– Расында, бес институттық реформаның «Есеп беретін мемлекет қалыптастыру» ба­ғыты бойынша бірқатар ша­ралар белгіленген. Бұл ретте Жаңғырту жөніндегі Ұлт­тық комиссиясының аясын­дағы жұмыс тобында Ұлт жоспарының 97-98-қадамдарын іске асыру бойынша әзірленген ұсыныстарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу кезеңмен жүр­гізу қарастырылуда. Жос­пар­ға сәйкес, бірінші кезеңде (2016-2017 жылдар) жергі­лікті өзін-өзі басқарудың салық әлеуетін күшейтуді көздейді және де бұл кезеңде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізуді қарастырмайды.
Ал аудандық маңызға ие қала, кент, ауыл, ауылдық округ деңгейіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу, тек қана халық саны 2 мыңнан асатын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін, екінші кезеңнен (2018 жылдан бастап) қарастырылса, ал жаппай енгізу үшінші кезеңде (2020 жылдан бастап) қарастырылған.
Әрбір кезеңде барлық қажетті сұрақтарды жоспарлы шешу үшін, мақұлданған амалдарды есепке ала отырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюд­жетін енгізу бойынша барлық жұмыстар, соның ішінде заң шығарушылық, үш кезеңге сәй­кес мақсатқа лайықты жүр­гізі­леді.
– Қайырбек Айтбайұлы, «100 нақты қадам­ның» 35-қа­дамында ауыл­шаруа­шылық жерлерін тиім­ді пайдалану мақсатымен оларды нарық­тық айналымға енгізу мә­селесі көтерілді. Шын­ды­ғында, бүгінгі күні елімізде жер мәселесінде қор­далаған проблемалар туралы не айтар едіңіз?
– Расында да, бұл бағытта біршама проблемалардың бар екені белгілі. Сондықтан да, Елбасы оған үлкен назар ауда­рып отыр. Мәселен, қазіргі таңда, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін берілген жердің жал­пы ауданы 98,6 млн. гектар, болса соның ішінде пайдаланып жат­қан жер – 97,4 млн. гектар немесе 98,8 %, ал жеке меншікте – 1,2 млн. гектар немесе 1,2 % бар.
Ауыл шаруашылығы мақса­тындағы жерлерге жекемен­шік институтын енгізу 2003 жылдан бастап, яғни Жер ко­дексі қабылданған уақыттан бастап жүзеге асырылғандығын атап өту қажет. Алайда, өткен 11 жылдың ішінде, бар-жоғы 1,2 млн. гектар ауыл шаруа­шылық жерлері ғана жеке­мен­шікке сатылған. Бұл ауыл ша­руашылық тауар өндіру­ші­лерінің жерлерді сатып алуға деген құлшыныстарының жоқ екендігін көрсетеді. Ел­басы атап өткендей, жалға алу­шы, ауыл шаруашылық мақ­сатын­дағы жерлерді уақыт­ша пай­­­да­ланатын болған­дықтан, жекеменшік ие­сіне қарағанда жер учас­кесінің құнарлылығын көте­ріп пайдалану, өнімділікті жоға­рылату немесе егіс айна­лымын енгізу жолдарын қарас­­­тыру сияқты маңызды мәсе­ле­леріне немқұрайлы қарай­­тыны бәрімізге мәлім.
Аталған түйткілді мәселе, 2012-2014 жылдары аралы­ғын­да 96,0 млн. гектар ауыл­шаруашылық алқап­тарында жүр­гі­зілген түгендеу барысында дәлелденген болатын. Түгендеу жұмыстарының қорытын­ды­сына сәйкес, 19,0 мың ауыл­шаруашылық субъектінің іші­нен 7,3 млн. гектар пайда­ла­нылмаған жер, соның ішінде шабындық пен жайылым үлесі 70,2% (5,2 млн. гектар), егістік бөлігі 12,7% (943 мың гектар) анықталып отыр.
Жергілікті атқарушы органдар қолданған шаралар бойынша мемлекеттік меншікке 2,5 млн. гектар (34%) пайдаланылмаған жер қайтарылды, соның ішін­де 2015 жылы 250,0 мың гектарды құрайды. Ал ескерту шараларынан кейін жердің жекеменшік иелері ауданы 2,1 млн. гектар (29%) жерді қайта жандандыра бастады. Қалған 2,7 млн. гектарды құрайтын (37%) пайдаланылмаған жер бөлігіне тиісті жергілікті атқа­рушы органдары мемлекет иелігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, шаруашылық айналымына 3,2 млн. гектар ауылшаруашылық жерлері тартылды, соның ішінде аукцион арқылы 1,1 млн. га жаңа жер иелеріне ұсынылды.
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлттық Жос­па­рына сәйкес, ауылша­руашылық жерлерінің шаруа­шы­лық өнді­рісте тиімді пайдалану мақса­тында біздің министрлік ауыл­шаруашылық жерлерін на­рықтық айналымға енгізу үшін жинақталған кешенді шара­­ларды қалыптастырып жа­тыр.
Қазіргі танда, ауылша­руа­шылық жерлерін нарықтық айналымға енгізу, оларды тиім­ді пайдалану және инвес­ти­­цияларды тарту мақса­ты­мен қолданыстағы Жер ко­­дексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарас­ты­рылуда. Тұтастай алғанда, Елбасы тапсырмасына сәйкес, елімізде жер шын мәнінде нарық­тық айналымға енгізілсе, оның тұрақты пайда әкелетіні де сөзсіз.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Қанат МӘМБЕТҚАЗЫҰЛЫ

Жауап қалдыру