Әлеуметтік қолдау шаралары

0
99

9 көкек күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру барысы қаралды.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтың айтуынша, 1 көкектен бастап атаулы әлеуметтік көмекті белгілеуге құжаттар барлық жерде қабылданып жатыр. 180 мың­ға жуық адам қабыл­данды.
Елбасының әлеуметтік бас­­тамалары бойынша ақ­па­раттық-түсіндіру жұ­мыс­­тарын жүргізу мақ­сатында ҚР Премьер-Ми­нистрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың жетекшілігімен еліміздің жеті өңірі мен елорда аудандарына сапарлар іске асырылды.
Жалпы, биыл жергілікті атқарушы органдармен 821 мың адамға әлеуметтік көмек көрсетуге 83 млрд теңге бағытталады. Жыл басынан бері 9,3 млрд теңге сомасына 282 мың адамға көмек көрсетілді. Бұған қоса, 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны құрылады, қазірге дейін 31,9 мың жұмыс орны құрыл­ған.
Министр сонымен қатар 58 мың отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге 2025 жылға дейін республикалық бюд­жеттен 500 млрд теңге бөлі­нетінін атап өтті, ол тұр­ғын үйді жалға беру және Тұр­ғын үй құрылыс жинақ бан­кінің жеңілдетілген қарыз­дарын беру арқылы жүзеге асырылады.
Оның айтуынша, әлеу­меттік салада мем­ле­кет­тің серіктесі бизнес қауымдастығы болуы тиіс.
– Корпоративтік әлеу­мет­тік жауапкершілік қо­ғамда компанияның іскерлік беделін арттыратын тиімді қызмет ретінде қабылдануы тиіс. Ол тиісінше, бизнестің өз елінің дамуына, әлеуметтік және экологиялық салаға қосатын ерікті үлесі, – деді ол.
Қазақстанда 1 178 ірі кәсі­п­орында көп балалы ата-аналар қатарынан 23,3 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде 15 мыңға жуы­ғы тұрғын үйге мұқтаж. Ми­­нистр сонымен қатар биз­­нестің өңірлерде іске асы­­рып жатқан әлеуметтік бас­­та­малары туралы баянда­ды. Мәселен, 2019 жылғы 1-тоқ­санда меценаттардың, де­меушілер мен жеке адам­дардың қаражаты есебінен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 3 млрд теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, 5 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың ішінен 1,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, 268 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Б. Сапарбаев бизнес-құры­­­лым­дармен бірлесіп бірқа­­тар әлеуметтік қол­дау шараларын іске асыруды талқы­лау­дың ма­ңызды­лы­ғын атап өтті, оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» және тағы басқа бағ­дарла­малары бойынша аз қам­тылған және көп балалы отбасылар қатарындағы өз қызметкерлеріне тұрғын үй сатып алуға бастапқы жар­наның 10%-нан кем емес мөл­шерде субсидиялауы бар.
Үкімет отырысында Елба­сының «Әлеуметтік қам­қор­лық» идеясын қолдап, нақты әлеуметтік бастамаларды іс­ке асыра бастаған бизнес өкіл­дері болғанын айта кеткен жөн. Қызылорда облысында жеке қаражаттар есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арнап тұрғын үй салуға бағытталған «Баламекен» жобасының іске асырылуы туралы Болат Өтемұратов қорының директоры М. Айтмағамбетов айтып берді. Маңғыстау облысында үйде өз ісін және шағын өнеркәсіптерді ашуды қол­дауға бағытталған «Үш күн ішінде бизнес ашу» жобасы туралы бастамашысы А. Нұрланова жан-жақты баяндады.
Отырыс соңында ҚР Пре­мьер-Министрінің орынба­сары Г. Әбдіқалықова Ел­­басының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік бастамаларын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатындағы Үкіметтік жұ­мыс тобының сапар­лары­ның қорытындысы Елба­сы­ның «Әлеуметтік қам­қор­­­лық» жаңа әлеуметтік баста­ма­ларын халық та, ірі кәсіпорындар басшылары да, бизнес құрылымдар мен кәсі­по­дақтар да белсене қол­дайтынын көрсететінін жет­кізді. Өз қызметкерлерін де, жергілікті халықты да әлеу­меттік қолдау мәсе­лесінде бизнестің бас­тама­шыл­дық ниетінің басым­дығы атап өтілді.
Жиында Үкімет басшысы бизнес-бастамаларды дамыту, өзінің жеке ісін ашу тәжірибесін көпшілікке тарату керек екенін айтты. Көп­теген кәсіпкерлер табысы аз азаматтарды өз кәсі­порын­дарына жұмысқа ор­на­­лас­тырып, бизнес негіз­деріне үйрете бастады.
– Азаматтар мұқтаж жан­дарға көмек тек мемлекет­тен ғана емес, бизнес қоғам­дастығынан да келіп жат­қа­нын білуі керек. Біздің ортақ міндетіміз – азамат­тарға өмірде өздері тап бол­ған қиын жағдайдан шы­ғуға көмек көрсету, – деді ҚР Премьер-Министрі.
Әлеуметтік мәселелер бо­йынша бизнестің қызықты идеялары мен ұсыныстары бар, олар Үкіметпен бірігіп іске асырылуы қажет. Сон­дық­­тан, өңірлердің әкім­деріне осындай бастамаларды белсенді түрде қолдау тапсырылды.
Бұдан өзге, Министрлер кабинетінің басшысы кәсіпорындардың басшыларын өз жұмыскерлерінің проблемаларына, соның ішінде тұрғын үй проблемаларына назар аударуға шақырды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбек жасын­дағы адамдарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту мәселесін ерекше бақылауға алу тапсырылды.

primeminister.kz

Жауап қалдыру