Конфессияаралық келісім – тыныштық кепілі

0
218

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықаралық кон­ференциялар мен құрылтайларда, саммиттерде, әр жыл­дар­дағы дәстүрлі халыққа Жолдаулары мен еліміздің келелі жиын­­дарында, тұғыры биік мінберлерде, сонымен қатар дін төңі­регіндегі сұхбаттарының баршасында халықтардың бірлігі мен конфессияаралық келісімді нығайтуды баса назарға алады. Бұл дегеніміз, біздің еліміз үшін конфессияаралық келісім мен дін­дер арасындағы диалогтардың маңызы зор деген сөз.

Берік ҚҰРМАНҒАЛИ, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы
Еліміз әлемдегі көпэтносты және көпконфессиялы мемле­кет­тер­дің бірі болып табылады. Бү­гінгі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс, эт­нос өкілдері ынтымақ-бірлік­те та­­ту-тәтті өмір сүруде. Әр­бір ұлыс пен этностың өзін­дік се­нім негіздерінің бар екенді­гін ес­керер болсақ, енде­ше елі­­­міз­­де түрлі наным-сенім мен кон­­фессия өкілдері өмір сү­ріп жат­қаны белгілі. Прези­ден­­­тіміз Н.Ә.Назарбаев бір сө­­зінде: «Қазақстан – ислам, пра­­­во­­славие, католицизм, про­тес­­­тантизм, буддизм және иу­да­­изм өкілдері келісім мен бей­бітшілікте өмір сүріп жатқан әлем­дегі жалғыз жер» деген еді.
Қазақстанда кон­фессия­ара­лық келісімнің сақталуының не­гіз­дерінің бірі – ел халқының ба­сым көпшілігінің ислам дінін, оның ішінде ханафи мәзһабын ұс­тануында жатыр десек ар­тық айтқандық емес. Біздің бұл сөздерімізді өзге наным-сенім­дерді төмендету емес, керісінше Ислам дінінің діни төзімділік пен сыйластыққа аса мән беруі деп түсінгеніміз жөн.
Қазақстан Еуразия жүрегін­де діни және мәдени әртүр­лілік үлкен тарихи кезеңде қалып­тасты. Дегенмен де, қазақ­тар мың жылдан астам уақыт бұ­рын Ислам дінін қабылдады, сон­­­дықтан Қазақстан Ислам әле­­мінің бір бөлшегіне, мұсыл­ман­дық оның халқының рухани өмірінің ажырамас бөлігіне ай­налды. Яғни, мемле­кет­ті құ­рау­­шы этносқа тән дәс­түрлі то­­ле­­ранттылық, оның бас­қа мә­дениеттер мен конфес­сия­лар­­дың өкілдеріне деген ізгі құр­­меті мен қарым-қатынасы өз кезе­гінде жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің сын­дар­­лы дамуы мен алдағы кезең­дегі өркендеуі үшін мықты әрі се­німді негіз бола алды деп түйін­деуге әбден негіз бар.
Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырға жуық уақыт ішін­де елімізде діни инсти­тут­тар­дың сандық және сапалық тұр­ғыдан жан-жақты өскендігі аңғарылады. Діндер арасында ха­лықтың 90%-дан астамын құ­райтын мұсылмандар мен пра­вослав христиандарының саны басым.
Бұл үдерістер елімізде руха­ни жаңғыруға, ар-ождан бос­тандығы, азамат­тық бейбіт­ші­лік пен конфессия­аралық ке­­­лі­сімді сақтап, нығайтуға ба­­ғыт­талған саясаттың оң нә­ти­­жесі екені даусыз. Кейбір шет­елдік және отандық құқық қорғау ұйымдарының «дін бос­тандығы бұзылады» деген мәлім­де­ме­ле­­ріне қара­мастан, нақты фак­тілер жағдай­дың керісінше еке­нін шынайы дә­лелдеп отыр. Өйт­кені Қазақ­станда барлық кон­фес­­сия­лардың өкілдеріне өзінің ру­хани қажеттіліктерін қана­ғат­тандыруға мол мүмкін­діктер қа­растырылған.
Қазақстандағы дін сала­сын­дағы мемлекеттік саясат келе­сі қағидаттарға сүйенеді:
– мемлекет пен оның инсти­тут­тарының зайырлы, конфес­сиялық бейтарап сипаты;
– адам мен азаматтың дінге көз­­қарасына, діни немесе за­йыр­лы бірлестіктерге қатыс­ты­лығына қарамастан олардың құ­қықтары мен бостандықтары тең;
– діни бірлестіктердің заң ал­дындағы теңдігі;
– халықтың түрлі топтарының эт­номәдени дәстүрлеріне, мен­талитет ерекшеліктеріне деген құрметі;
– ар-ождан мен дін бостан­ды­ғы саласында тек консти­туция­лық құрылым негіздерін, адам мен азаматтардың денсаулы­ғын, құқықтары мен заңды мүдде­лерін қорғауды қажет ететін жағ­­­дайлардан өзге шек­теулер қойыл­майды.
Ар-ождан мен дін бос­тан­дығы, конфессияаралық ке­лісім са­ласын­дағы мемлекеттік сая­сатты жүзеге асырудың тиімді қыз­мет ететін тетіктерін құру алға қойылған мақсаттар мен мін­деттерді табысты орын­дауға, түрлі дін өкілдері арасында және дінге сенбейтіндер ара­сын­да өзара түсіністік және ын­ты­мақтастықты нығайтуға, қоғамдағы тұрақтылықты сақ­тау­ға мүмкіндік береді.
Қазақстанда уақыт сынынан өткен этникааралық және дін­ара­лық келісім үлгісі қалып­тасты деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздегі түрлі кон­фессиялар арасында орнаған өзара әрекеттесу тәжірибесін ха­­лы­қа­ралық ұйымдар мен шет­­елдік әріптестер зерттеп, зер­­делеуде. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төраға­лығындағы ұраны төрт Т:Trust (сенім), Traditi­on (дәстүр), Transparency (транс­­паренттілік) және Tole­rance (то­ле­ранттылық) бол­ға­ны бел­гі­лі. Бұл схе­ма­дағы төр­тін­­ші ком­­понент – толе­рант­ты­­лық – мә­дениеттер, дін­дер және өр­­ке­ниеттер ара­сын­дағы диа­лог­ты нығай­тудың қан­­ша­лықты маңыз­ды екенін көрсе­теді.
Еуропа мен Азияның түйіс­кен жерінде орналасқан Қазақ­с­танның дінаралық диалогтың бас­тамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес. Біздің елімізде көптеген этностар мен діндердің өкіл­дері тұрып жатыр, олардың өзара әрекеттесуінің үлкен тә­жі­рибесі бар, сондықтан Қа­зақстанның конфессиялар мен өркениеттердің жемісті диало­гы орнаған мекен атануға құқығы бар.
Съезд өткізу Қазақстанды өр­кениетті елдер арасындағы диа­­лог алаңына айналуға мүм­кіндік берді. Дін лидерлері мен саясаткерлер Астанаға әлем да­муындағы ең өзекті деген мәсе­лелердің шешімін табу үшін жи­налады.
Қазақстан мәдениетаралық және өркениеттер арасында­ғы диа­логты құптайтын көпэт­носты, поликонфессиялық мем­­­­­ле­кет ретінде өзінің қуат­ты әлеуе­тін нацистік, діни тө­зім­­сіздік, нәсілшілдік, ксено­фо­бия және анти­семитизмді жеңу үшін пайдала­нып келеді.
Еліміздегі әрбір азаматтың ортақ парызы – дінаралық келі­сімді, этниаралық тату­лық­ты сақтау. Сондықтан осынау іс­тің басы-қасында елдегі ты­ныш­тықты, бейбіт­шілікті қа­лайтын әрбір азаматтың жүр­уі және оған жан-жақты атса­лысуы тиіс деп білеміз.

Жауап қалдыру