Үкіметтегі өзгерістер

0
121

Осы аптада билікте болған кадрлық ауыс-түйістер барысында Министрлер кабинеті толық­тай жаңармаса да, бірқатар өзгерістер орын алды. Жаңадан екі министрлік құрылып, Білім және ғылым министрлігіне он үшінші басшы келді. Сондай-ақ үкіметтің қатарынан бірнеше құрамында болған мәдениет пен спорт салаларына жауапты Арыстанбек Мұхамедиұлы орнын босатты. Енді осылар жөнінде аз-кем баян етелік.
Жаңадан құрылған ведо­м­ст­во­лардың бірі – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Оған бұрын мұнай және газ, энергетика вице-министрі болып қызмет еткен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев та­ғайындалды. Ал был­тырғы жылдың қыркүйе­гінен елорданы басқарып келген Бақыт Тұрлыханұлы Сұл­танов тағы бір жаңадан құ­рылған ҚР Сауда және интег­рация министрлігіне бас­­шы болып келді. ҚР Білім және ғылым министрлігін 4 айға жуық уақыт басқарған Күләш Шәмшидинованың орнына, Асхат Қанатұлы Ай­ма­ғамбетов тағайын­дал­­са, төрт премьер тұсын­да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тізгінін ұстаған Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметпен қош айтысып, оның орнына Ақтоты Рахма­тол­лақызы Ра­йымқұлова отырды. А.Ай­ма­ғам­бетов пен А.Ра­йым­құлова бұған дейін өз ведомстволарында вице-министр қызметін атқарған болатын.
Асқар Мамин басқаратын үкіметтің өзге мүшелері өз орындарында қалды:
Смайылов Әлихан Асханұлы – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі;
Қасымбек Жеңіс Мах­мұдұлы – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы – ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
Атамқұлов Бейбіт Бә­кірұлы – ҚР Сыртқы істер министрі;
Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы – ҚР Қорғаныс министрі;
Тұрғымбаев Ерлан За­ман­бекұлы – ҚР Ішкі істер министрі;
Абаев Дәурен Әскер­бекұлы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Омаров Сапархан Кесік­байұлы – ҚР Ауыл шаруа­шылығы министрі;
Бекетаев Марат Бақыт­жанұлы – ҚР Әділет министрі;
Біртанов Елжан Аман­тай­ұлы – ҚР Ден­сау­лық сақтау министрі;
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрі;
Скляр Роман Васильевич – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Дәленов Руслан Ербо­лат­ұлы – ҚР Ұлттық экономика министрі;
Жұмағалиев Асқар Қуа­нышұлы – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрі;
Бозымбаев Қанат Алда­бергенұлы – ҚР Энергетика министрі;
Сондай-ақ Досаев Ерболат Әскербекұлы ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы, Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметтерін сақтап қалды.
Республикалық маңы­зы бар қала, облыс басшы­лары­ның дені өз қызметін сақтап қалды. Ішінара ғана ауысқан әкімдердің толық тізімі төменде ұсынылған.
Алтай Сейдірұлы Көл­гі­нов – Нұр-Сұлтан қаласы­ның әкімі;
Бауыржан Қыдыр­ғали­ұлы Байбек – Алматы қала­сының әкімі;
Ғабидолла Рахме­тол­лаұлы Әбді­рахымов – Шымкент қаласының әкімі;
Ермек Боранбайұлы Мар­жықпаев – Ақмола облысының әкімі;
Оңдасын Сейілұлы Ора­за­лин – Ақтөбе облы­сының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Ба­талов – Алматы облы­сының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Но­ғаев – Атырау облысы­ның әкімі;
Асқар Исабекұлы Мыр­захметов – Жамбыл облы­сының әкімі;
Ерлан Жақанұлы Қоша­нов – Қарағанды облы­сы­ның әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;
Болат Жұмабекұлы Ба­қауов – Павлодар облысы­ның әкімі;
Құмар Іргебайұлы Ақса­қалов – Солтүстік Қазақ­стан облысының әкімі;
Өмірзақ Естайұлы Шө­кеев – Түркістан облы­сы­ның әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ах­метов – Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі болып тағайындалды.

Жауап қалдыру