Кездесулер сенімді серіктестікке бастайды

0
41

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 қараша күні Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті.
– Сауд Арабиясы – ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының Королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сауд Арабиясы Корольді­гінің Ішкі істер минист­рі кез­десуге мүмкіндік ал­ға­ны үшін Мемлекет басшы­сы­на ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Ара­бия­сының жоғары басшы­лы­ғының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

Жауап қалдыру