Кең ауқымды мәселелер қарастырылды

0
30

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 29-30 қа­раша күндері Беларусь Республикасында жұмыс са­парымен болды.
Мемлекет басшысы сапар ба­­ры­сында Беларусь Респуб­ликасының Президенті Алексан­др Лукашенкомен кездесіп, ша­ғын және кеңейтілген құрам­мен келіссөз жүргізді. Артынша Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапа­рының қорытындысы бо­йынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бри­финг өткізді
Қазақстан Президенті берік әріп­тес саналатын екі ел ара­сын­дағы қарым-қатынас­тардың ашық әрі сенімді сипаты бар екенін айтты.
– Бүгінде біздің арамызда өза­ра оңтайлы шешімі табыл­ма­ған мәселе жоқ. Біз екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәсе­лелерін қарастырдық, – деді Нұр­сұл­тан Назарбаев.
Александр Лукашенко екі­жақты қарым-қатынас және ин­тег­рациялық бірлестік тұрғы­сы­нан стратегиялық ынты­мақ­тастықтың маңыздылығын атап өтті.

Жауап қалдыру