Кәсіпкерліктің үлесі жоғары болады

0
129

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 13-ақпанда Оңтүстік Қазақ­стан облысының әкімі Жан­сейіт Түймебаевты қабыл­дады. Кездесу барысында Ж.Түй­­мебаев Мемлекет бас­шы­сына облыстың биылғы перс­пек­ти­валары, сондай-ақ өңірдің 2021 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы баяндады.
Елбасы аймақтың салық түсімдері көрсеткішінің төмен екенін, өңірдің республика бойынша мейлінше дотациялы болып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев еңбек нарығын реттеу саласындағы жұмыссыздық мәсе­лелеріне назар аударды.
– Өзін-өзі жұмыспен қамты­ған азаматтардың үлесі жоғары. Оң­түстік Қазақстан үшін жұ­мыс­сыздық пен халық­тың көші-қон мәселесі әрқашан өзекті болып қала бермек. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Жауап қалдыру