Өңірлерді дамыту жобасы мақұлданды

0
120

25 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы қаралып, қолданыстағы үкіметтік бағдарламаны мақсатты көрсеткіштері мен міндеттерін өзектендіру арқылы мемлекеттік бағдарлама етіп қайта құру жолдары талқыланды.
2014 жылы қолданыстағы салалық бағдарламаларды оңтайландыру мақсатында Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы қабылданған болатын. Бірыңғай бағдар­ламаға «Аймақтарды дамыту», «Моно-қалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лықты жаңғырту», «Қолже­тімді баспана – 2020», сон­дай-ақ шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы енгізілген еді.
Бағдарлама еліміздің ұтым­ды аумақтық ұйымын қалып­тастыру жолымен өңірлердің әлеуметтік-эко­номи­калық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, халық капиталын экономикалық өсімі жоғары орталықтарға шо­ғырландыруды көздейді. Бағдарлама аясында ха­лық­тың қай аймақта тұра­ты­нына қарамастан, инфра­құрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілді.
Өңірлерді дамыту бағдар­ламасы төрт міндетті шешуді көздейді:
– әр макроөңірге арнал­ған инвестициялық басым­дықтар,
– еліміздің аумақтық дамуын жетілдіру,
– инженерлік инфрақұры­лымды және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылықты жаң­ғырту,
– халықты ауызсумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамта­масыз ету.
Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов бағдар­ламаның барлық мақсатты индикаторлары жүзеге асырылып жатқандығын хабарлады.
– 2017 жылдың қорытын­дысы бойынша төрт агломерация халқының жалпы саны 2015 жылмен салыс­тарғанда 460,1 мың адамға өсті және 6,2 млн адам болжамында 6,6 млн адамды құрады. Агломерациялар халқы санының қарқынды өсімі биыл да байқалады, – деді Т. Сүлейменов.
Екінші индикатор бойынша – жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша, ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, жоспарлы мәндер орындалуда, олар бөлінген қаражат көлеміне байланысты жыл сайын түзетілуде. Үшінші индикатор бойынша – жылумен, электрмен және газбен жабдықтау желілерінің жаңғыртылған үлесі 2015 жылы республика бойынша орташа 4 пайызды, 2016 жылы – 2,1 пайызды, 2017 жылы – 2,8 пайызды құрады. 2017 жылы жылумен, электрмен, газбен, сумен жабдықтау және су бұрудың 11 581 шақырым желілері жаңғыртылды және салынды.
Төртінші индикатор – сумен жабдықтаудың және су бұрудың орталық­танды­ры­лған желілеріне қол­же­тімділік. 2017 жылы қала­ларда орталықтан­дырылған сумен жабдықтауға қолже­тімділік 93,8 пайызды құра­ды, ол 2015 жылғы мәннен 6,8% пайызға жоғары. Бұл ретте ауылдарда 57,4%, ол 2015 жылғы мәннен 3,5%-ға жоғары. Сонымен қатар ауыл халқының ор­та­лықтандырылған сумен жабдықтаумен қамта­масыз етілуі 2017 жыл­дың қорытын­дысы бо­йынша 80,7% пайызды құрайды. Қала­ларда орталықтан­дырылған су бұруға қолжетімділік 88 пайызды құрады, ол
2015 жылғы мән­нен 6 пайыз­ға жоғары. Ауыл­дарда – 11,5%, ол 2015 жылғы мән­нен 0,5%-ға жо­ғары.
– Күрделі жөн­деуді талап ететін
кон­доми­ниум объек­тілерінің үлесін азай­­ту жұмыстары
жүрг­ізі­­луде. 2017 жылдың қорытын­дысы бойынша осы көрсет­кіш республика бойынша орташа 2015 жылмен салыс­тырғанда 2 пайызға төмендеді. ЖАО ақпа­раты негізінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін реконструкциялау және салу нәтижесінде қалалық желілердегі сумен жабдықтаудың апаттылық коэффициенті 0,35-ке дейін, су бұруда – 0,16-ға дейін төмендеді. Қалаларда су тоғандарында нормативтік тазартылған ағынды сулардың үлесі республика бойынша орташа 91,1 пайызды құрайды, ол 2015 жылғы көрсеткіштен 10,1 пайызға жоғары, – деді ұлттық экономика министрі.
Т. Сүлейменов қолданыс­тағы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі үкіметтік бағдарламасының міндет­терін, нысаналы индикаторларын, нәтижелер көрсеткіштерін және іс-шараларын өзектілендірумен Мемлекеттік бағдарлама мәртебесінде бекіту бойынша жұмыстар жүргізілгенін айтты.
– «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндік­тері» Жолдауында Мемлекет басшысы Өңірлерді да­мытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елдімекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 млрд теңге бөлуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тапсырма берді. ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ережелерінен шыға отырып, Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – басқарылатын кенттену және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп анықталған, – деді ұлттық экономика министрі.
Өзектендірілген Мемлекеттік бағдарлама аясында бағыттар тұрғысынан функционалдық қалалық аудандарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық инфрақұрылымын дамыту міндеттерін шешу ұсы­нылады.
– Қалаларда және ауыл­дарда халықты орталық­тандырылған сумен жаб­дықтаумен одан әрі қам­тамасыз ету жұмыстары одан әрі жалғастырылатын болады. Осылайша, 2019 жылдың қорытындысы бо­йынша қалаларда ор­та­лық­тан­дырылған сумен жаб­дық­тау 97%-ды, ал ауылдарда – 62%-ды құ­рай­тын болады. Мемлекет бас­шысының тапсырмасы аясында Мемлекеттік бағдарлама жобасында шығыстар ауылдық сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға 100 млрд теңгеге дейін жеткізілген. Сондай-ақ халықты сумен қамтамасыз етудің ұтымды және тиімді жолдарына өтумен сумен жабдықтау жүйелерін дамытудың тетігі күшейтілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруа­шылықты жаңғырту жұмыстары жалғасты­ры­латын болады, – деп түйін­деді Т. Сүлейменов.

Жауап қалдыру