Инвестициялар тарту – әр әкімге жүктелген

0
102

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестициялар тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері 27 ақпан күнгі ҚР Үкіметі отырысында қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев аталған бағытта жұмысты жандандыру және жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Бақытжан Сағынтаев 2017 жылы инвестиция­лар тартудың барлық не­гізгі көрсеткіштері бойын­ша өсімге қол жеткізіл­генін атап өтті. Жаңа кәсі­порын­дар ашылуда, жұмыс орын­дары құрылып жатыр. Бар­лық деңгейдегі инвес­торларға мемлекеттік қол­дау көрсетілуде.
Жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыру бо­йынша қолға алынған ша­ра­ларға қарамастан, шетел­дік инвесторлардың жер-жерлердегі қандай да бір өзекті мәселелерді шешу бойынша өтінімдер саны азаймай отыр. Бұл проблемаларды инвесторлар Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес аясында және басқа да диалог алаңдарында айтып келеді.
Қазақстанда 145 басым­дықты инвестжобадан тұ­ратын тізім анықталды, олар­ға тұрақты түрде мониторинг жасалып отырады. Барлық мәселелерді «жалқы терезе» шең­берінде жедел тәртіпте ше­шу қажет.
Бақытжан Сағынтаев ай­тып өткендей, «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары аясында ТҰК мен «зә­кірлі инвесторларды» тар­т­у бойынша міндет тұр. Сон­д­ай-ақ, еліміз үшін Қазақстан мен Қытайдың 51 ортақ жобасын іске асыру аса маңызды.
Қазақстан Премьер-Министрі «Kazakh Invest» ҰК-мен бірге осы жобалардың әр қайсысы бойынша ха­лық арасында түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу қа­жет­тігіне инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің назарын аударды.
Бақытжан Сағынтаев об­­лыс­тардың әкімдеріне ин­вес­­тициялар тарту мә­селелерін қатаң ба­қы­лауды тапсырды, оған қоса жаңа және іске қо­сылған жо­балардың жұмы­сының тиімділігі туралы еске салды.

Дастан ҚАДЫР

Жауап қалдыру