Инвестицияға – тың серпін

0
97

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 23 қаңтар күні Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.
Жиында Қазақстан Пре­зи­дентінің Америка Құ­рама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдалас­тық­тарды жүзеге асыру жө­ніндегі шаралар қарас­тырылды.
– Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытын­дысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да бас­шылармен өткен келіс­сөздердің нәтижелерін тал­қылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келі­сімдерді іске асыру мәсе­лелеріне ерекше назар аударды.
– Біз америкалық бизне­с «капитандарымен» нақ­­ты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұлар біздің эконо­микамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін беретін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы Қазақ­стан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіп­сіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қа­уіп­­сіздік кеңесі отыры­сы­ның қорытындысы бо­йынша бірқатар нақты тап­сырма берді.

Жауап қалдыру