Интеграцияны дамыту – басты назарда

0
227

Үстіміздегі жылғы 29 мамырда елордада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.
Кеңестің шағын құрамдағы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің Елбасы Н.Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясы­ның 25 жылдығы мен Еура­зиялық экономикалық одақты құру туралы Келісімнің 5 жыл­дық мерейтойларына орай өткізіліп отырғанын атап өтті.
– Қазақстан Республика­сы­ның Тұңғыш Президенті – Елбасының саяси және стра­­тегиялық көрегендігінің арқасында еуразиялық интеграция идеясы іске асты, – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан Президент­і Ре­сей Федерациясының 2018 жылғы Еуразиялық эко­но­микалық одаққа жасаған төрағалығына жоғары баға беріп, Армения Респуб­лика­сы­ның төраға­лығы да ха­лықаралық ұйымның ны­ғая түсуіне ықпал ететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың өзекті мәселелері мен алдағы даму перспективаларына қа­тысты және 2019-2020 жыл­д­арға арналған негізгі макроэ­ко­но­микалық саясаты туралы пікір алмасты.
Тараптар мұнан соң Жоғары Еуразиялық эконо­микалық кеңестің кеңейтілген құрам­дағы отырысында бас қосты.
Жиында сөз сөйлеген Нұр­сұлтан Назарбаев «Жоғары Еура­зиялық экономикалық кеңестің құрметті Төрағасы» атағын беру жөніндегі баста­масы үшін Ресей Федера­циясының Президенті Влади­мир Путинге және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің барлық мүшелеріне Ре­сейдің осы ұсынысын қол­дағаны үшін ризашылығын білдір­ді.
Елбасы Еуразиялық эконо­микалық одақ Жер шарының 184 миллион тұрғыны бар орасан зор бөлігінің өмір­лік маңызы бар сауда-эконо­ми­ка­лық дәлізі саналатынын атап өтті.
– Біз бес мемлекеттің күш-жі­герін жұмылдырып, ора­­­сан зор аумақта бірегей экономикалық одақ құр­дық. Біздің бизнес қауым­дас­тықтарымыз тығыз ын­тымақтасып, Еуразиялық эко­номикалық одақтың мүм­­кіндіктерін пайдалануда. Қа­зақстанда Одақ елдері­мен бір­лесе құрған кәсіпорын­дардың саны 11 мыңға жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жоғары Еуразиялық эко­номикалық кеңестің құрметті Төрағасы әлем елдерінің 40-қа жуығы Одақтың жұмысына қызығушылық танытып отыр­ғанын айтты.
Әлемде қалыптасқан жағ­дайға және өңірлік үрдіс­терге байланысты, Нұр­сұлтан На­зарбав интег­рациялық үде­рісті одан әрі дамытуға қа­тысты өз ойын ортаға салды.
– Еуразиялық эконо­ми­ка­лық одақтың стратегиялық аясын кеңейтіп, интеграция идеясын ілгерілету қажет. Біз Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропа одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясы арасында жан-жақты экономикалық ынтымақтастық орнатуымыз керек. Еуразиялық экономикалық кеңістіктің мәнісі тұйықталуда емес, керісінше, оны жаһандық өзара іс-қимыл үшін барынша ашық өтуде, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев халықтарымыздың игілігі үшін интеграциялық бірлестікті одан әрі дәйекті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
– Бұл орайда экономикалық мақсаттарға беріктік және міндеттерді тек эконо­мика­лық қажеттілік тұрғы­сынан жүзеге асыру ниеті инсти­тут­тарымыздың жұмы­сындағы негізгі басымдық болуға тиіс. Баршаңызға толағай табыс тілеймін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Жоғары Еуразиялық эконо­микалық кеңес саммитінің қорытындысы бойынша 18 құжатқа қол қойылды.

Жауап қалдыру