Еуразиялық оптимистер сайлау науқанынына әзір

0
90

Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII съезі өтті
29-қаңтар күні өткен съезге екі мыңнан астам адам қатысты, олардың қата­рында республиканың бар­лық өңірінде өткен конфе­рен­ция­ларда сайланған де­ле­гат­тар, мемлекеттік бас­қару орган­дарының, ұлттық хол­динг­тердің басшы­лары, мәде­ниет және спорт қайрат­керлері, диплома­тия­лық корпустың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйым­дарының, бас­тауыш партия ұйым­дары­ның, бұқаралық ақпа­рат құрал­дары­ның өкілдері бар.
Іс-шара барысында «Қазақ­стан – 2021. Бірлік. Тұрақ­тылық. Жасампаздық» сай­лауал­ды бағдарламасы қа­был­данды, Парламент Мәжілі­сінің депутаттығына кан­ди­дат­тардың партиялық тізімі бекітіліп, партияның Сая­си кеңесі құ­рамына өзгеріс енгізілді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде елді дамытудың негізгі мәселелеріне тоқталып, «Нұр Отан» партиясының алдына жаңа сайлауалды бағдар­лама­сына қатысты бірқатар нақты міндет қойды.
Қазақстан Президенті был­тыр басталған Бес инсти­туционалдық реформаны заң­на­малық тұрғыдан қамтама­сыз ету үшін 59 жаңа заң қабылданғанын айтты. Бүгінде барлық мемлекеттік органдар оған қатысты белсене жұмыс жүргізуде, қазірдің өзінде нақты нәтижелер бар.
– Бес реформаны тиімді жү­зеге асыру – біздің ХХI ғасырда табысты болуымыздың кілті. 100 қадам – шын мәнінде елді әрі қарай дамытудың жүйелі мәселелеріне арналған менің 100 нақты шешімім. Ұлт жос­пары орындалу үшін Ұлттық комиссия жұмысына қоса бар­лық деңгейдегі мемлекеттік қызметтердің кәсіби іс-қимылы қажет. Сондықтан әкімдер және «Нұр Отан» партиясының бүкіл жүйесі мұны ең басты міндеттің бірі санағаны жөн. Ұлт жоспары біздің алдағы бесжылдық кезеңге арналған жаңа сай­лауалды бағ­дар­ламамыздың өзегі болып та­бы­лады, – деді Мем­лекет бас­шы­сы.
Елбасы сайлау алдындағы бағдарламаның негізгі бағыт­тары туралы да егжей-тегжейлі айтып берді.
Бірінші. Дағдарысқа қарсы тұрақтандыру
Халықтың іскерлік белсен­ділігін және жұмыспен қам­тылуын қолдауға бағыт­талған шараларды қарастырған Дағ­дарысқа қарсы бағдарлама қабыл­данды. Тек биылдың өзінде осы мақсатқа респуб­ликалық бюджеттен 225 миллиард теңге көлемінде арнайы резерв қарастырылған.
– Біз еңбек адамдарына «Жұ­мыспен қамту – 2020» жол картасының маңыздылығын арттыру арқылы қолдау көрсе­теміз. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасына 770 миллиард теңге қарастырылды, ол 93% игерілді. 500 шақырымға жуық автомобиль жолы салынды, қайта жөнделді. 7000 пәтер салынды, оған қосымша Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі арқылы 3700 пәтер берілді, сондай-ақ 51 білім беру нысаны іске қосылды. Кәсіпкерлікті қолдауға 100 миллиард теңге бөлінді. Агроөнеркәсіп кеше­ніне, автоөндірушілерге және басқа да салаларға көмек көр­сетілді. Бұл – бір жылғы жұмыс­тың нәтижесі. Алдағы уақытта жеке бизнесті, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісін қаржыландыру көлемі ұлғайтылады. Жалпы, «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыру барысы таяу жылдарда 400 мың жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті әлеу­мет­тік маңызы бар тауарлар бағасының алыпсатарлық ар­­қы­лы өсуіне жол бермеудің маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты елімізде өнім шығару көлемін ұлғайту қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуел­сіздік жылдары елде бизнесті дамыту үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті.
– Біз көптеген ауқатты адам­дарды қалыптастырдық, олар елімізде капитал жинақ­тады. Енді шетелдегі мүлік­терді заңдастырып, Қазақ­станға қаражат әкелу керек. Бүгін­де рес­публикада жеке­ше­лен­діру жүріп жатыр. Олар­дың осы үрдіске қатысып, ны­сан­дар сатып алуына және қазақ­стан­дықтар үшін жұмыс орын­дарын ашып, өндірісті да­мыту арқылы табыс табуына бо­лады, – деді Қазақстан Пре­зиденті.
Елбасы мемлекеттік шығыс­тардың барлық жүйесі қатаң үнемдеу қағидатына негізде­летінін айтты. Экономикалық өсім­нің қосымша көзі ретінде өңіраралық кооперацияға назар аударылды.
(Соңы 2-бетте)

Жауап қалдыру