Елорда жылдам өсіп келеді

0
26

Кеше Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев­тың төрағалымен елор­­­даны одан ары дамыту мәселелеріне арналған мәжіліс болып өтті. Мәжілісті ашқан Мемлекет басшысы ел кіндігін ар­қаға көшіру ісін еске ал­ды.
– Мінекей, көзді ашып-жұм­ғанша 20 жыл өтіп кетті. Біз биыл Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Менімен бірге сол кезде келген қатарластарым, жастардың есінде болса, бұл жер иен дала болатын. Бұрынғы Ақмола қала­сының төңірегінің қан­дай болғанын бәріміз бі­ле­­міз. Жаңа қаланың ор­нын­да мидай дала, еш­теңе жоқ. Қазір келе жатып қаланы көргенде осылай болғанына өзім де таңғаламын. Біз ата-баба­мыздың арманын орындап, Сарыарқаның төрінде ел ордасы – астананы салып, дүниежүзін тамсандырып, елімізді қуантатын, көршілеріміз таңғалатын шаһарға айналдырдық, – деді Қазақ­стан Президенті.
Осы орайда Елбасы Ас­тана экономикалық да­му­дың драйверіне айна­л­ғанын, 20 жыл ішін­де қа­ланың жалпы өңір­лік өні­мі елеулі түрде ұлғ­ай­ғанын, елорда инвести­ция тарту бағытында көш­бас­шылардың бірі бол­ға­нын атап өтті. Бас қа­лада ең ірі корпорация­лар, тран­сұлттық ком­па­­­ния­­лардың кеңсе­лері жұ­мыс істейді. Сонымен қа­тар, отан­дық кәсіпорын­дар, қар­­жылық әрі өндіріс ұйым­дары қыз­меттерін жал­ғас­­тыр­уда.
– Астана еліміздің ең жыл­дам өсіп келе жатқан қаласы. Халық санының өсуімен қатар, құрылыс жұмыстары қарқынды жүр­гізілуде. 20 жыл ішінде жиырма миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылдарда 53 жаңа мектеп, 26 аурухана, 4 аудан құрдық. Елорда жалынды жастардың қаласы. Қазір қала тұрғынының орташа жасы отызда, – деп тоқталды Н. Назарбаев.
Елбасы елорданы ауыл шаруашылығы өнім­дері­мен қамтамасыз ету жайы­на назар аударды.
– Біз ауыл шаруашылығы еліміз ғой. Біз әлі күнге дейін өнімдердің басым бөлігін сырттан алып отырмыз. Ет өндіреміз, шұжықты сырттан аламыз. Жеміс-жидек, көкөністі де тасымалдаймыз. Бізде не бар, соның барлығын сырттан алып отырмыз. Мүмкін нанды да сырттан алатын шығармыз, – деп Мемлекет басшысы елорданы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіндегі олқы­лықтарды атады. Артынша
ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары Ерболат Досаев пен Өмірзақ Шөкеевке азық-түлік мәсе­лесіне қатысты бар­лық түйткілдерді шешуді тапсырды.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру