Елбасы – біреу, бәріміз оған тіреу бола білейік

0
137

Сыр өңірі – алты Алаштың басын қосып, қаймағы бұзыл­ма­ған қазақ халқының қасиетті мекеніне айналып отырған, тарих қойнауында­ қатпарлы ізі қалған, сан ұлт пен ұлысты жат­сынбай бауырына басқан алты Алаштың анасы іс­пет­тес. Осынау қасиетті де киелі өңір­дің бүгінгі келбеті де, әлеу­мет­тік-экономикалық өсіп-өр­кен­деу көрсеткіштері де кө­ңіл қуантарлық. Елбасы­ның бас­та­масымен өмірге келген хал­қы­мыздың әл-ауқатын, тұр­мыс-тіршілігін жақсарту бағы­тын­дағы бағдарламаларын іске асыруда еліміз көлемінде алдың­ғы орындарда келе жатқан өңір­лердің бірі саналады.
Жуырда облыс әкімі Қырым­бек Кө­шербаев өңір жұртшылы­ғы алдында өткен жылы атқа­рыл­ған жұмыстар жайлы баяндап берді.

Елбасымыз Нұрсұлтан На­зар­баевтың өткен 2014 жылдың жел­тоқсан айының соңғы күн­дері Қазақстан халқына «Нұрлы жол – нұрлы болашаққа бастар жол» атты Жолдауына орай өңір­де басымдық берілетін бағыт­тар ай­қындалып, жаңа міндет­тер бел­гіленді. Жалпы өткен 2014 жыл Сыр өңірі жұртшы­лы­ғы үшін аса табысты жылдар­дың бірі болды деп айтуымызға болады. Өткен жылдың бас ке­зін­де осы жылға арналған іс-қи­мыл жоспарында айқындалған болатын. Іс-қимыл жоспарының бас­ты басымдықтары ретінде кі­ші кәсіп­керлікті дамыту­ға жағ­дай жасау, апатты жағдай­да­ғы мектептер мәселесін шешу, өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету­ші инфрақұрылымдарды дамыту, оның ішінде облысты газдандыру мәселесін дамыту белгіленді. Айта кетейін, іс-қимыл жоспарындағы 195 іс-шараның 80 пайызы орындалды. Бұл жылы да осындай басымдық бағдарламасы бе­кітіліп, бағалы бастама жал­ғасын табатын болады. Жалпы аймақта экономиканың және әлеуметтік сала дамуының оң серпіні сақталды. 2014 жыл­дың қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіп саласы өнім­дері­нің көлемі 7,9 пайызға артты. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер күріштен жақсы өнім алды. Мал басының өсу үрдісі байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілері белсенділері санының арту қарқыны республика өңірлерінің ішінде барынша жоғары болып отыр. Жыл ішінде экономика салаларында 11 мыңнан аса жұмыс орындары ашылды, бұл 2013 жылмен салыстырған­да айтарлықтай көбейген. Нәтиже­сінде жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендеді, бұл рес­публикалық орташа көр­сет­кіш деңгейінен аспайды.
Жастар арасындағы жұмыс­сыз­дық деңгейін төмендету­ге қол жеткізілді, 2013 жыл­ғы 6,7 пайыздан 2014 жылы 4,7 пайызға дейін азайды. 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пай­далануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6 пайызды құрайды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ об­лысты газдандыруға бағыт­тал­ған 23 млрд. теңге қаржы­ны құ­рай­тын ресурстарды игеру­ді бастады.
Елбасының тікелей тапсырмасымен осыдан 5 жыл бұ­рын өмірге енгізілген Ин­дус­триал­дық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы аясында бір­қа­тар игі­лік­ті бастамалар өмірге келді. 2010-2014 жылдары 82 млрд. тең­ге соманы құрайтын 17 жоба жү­зеге асырылды. Оның ішінде, 523 жұмыс орны құрылады деп жос­парланған құны 3,9 млрд. тең­ге­ні құрайтын 3 жоба пай­да­лануға берілді. Нақ­ты­сын­да 1000 жұмыс орны құ­рыл­ды. Атап айтқанда, «Химия­лық реагент­терді өндіру­ді жетіл­ді­ру өн­дірісінің көлемін ұл­ғай­ту­ды жаң­ғырту» жобасы, құ­ны – 500 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 2000 тонна өнім бе­ре­ді. Нысан 2014 жылдың қаң­та­рында пайдалануға беріл­ді. Екін­ші, «Ас және техника­лық тұз өндірісін жаңғырту» жобасы жұмыс жасап тұрған тұз шы­ға­ратын өндірісті кеңейтуге ба­ғыт­талған. Жоба құны – 2,1 млрд.теңге. Қуаттылығы – жылына 213 мың тонна тұз өн­діру көз­дел­ген. Жаңа зауыт­тың іске қосылу нәтиже­сін­де өндіріс қуаттылығы – 1,8-есеге ұл­ғайтылды. Жалағаш ауда­нын­дағы «Мия тамырын өсіру және қайта өңдеу» жобасы шетел­дік капиталдың (ҚХР) қатысуы­мен жүзеге асырылды. Жоба құ­ны – 1,8 млрд.теңге. Қуатты­лы­ғы жылына – 1000 тонна мия тамыры сығындысы, 100 тонна моноаммоний глициризинаты. Бірінші кезеңде өнімнің 3 түрін өндіру жоспарлануда, өндіріс көлемі жылына – 746 тоннаны құрайтын болады. Индустрия­ландыру картасы аясында 2014 жылы іске қосылған жаңа өндірістер қазірдің өзінде 10,8 млрд. теңге көлемінде өнім өн­діріп үлгерді. 2013 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 35 пайызға өсті (8 млрд. теңге).
Мұнан бөлек, өткен жыл­дың қаң­тарында «SmartRubber» ЖШС тозығы жеткен авто­кө­лік­тердің дөңгелектерін қайта өңдеу және жоғары сапалы резеңке үгінділерін алу, сондай-ақ жер асты суару құбырла­рын жасау желісі бойынша зауыт­ты іске қосты. Зауытта «жасыл экономика» принциптеріне то­лық сәй­кес келетін инновация­лық не­міс технологиясы қол­да­ны­лады. Қуаттылығы – жылына 270 тонна резеңке үгіндісі, 440 тонна пәрменді резеңке үгін­дісі, 3,9 млн. метр жер асты суару құбыр­лары.
2014 жылдың шілде айында құ­рамында токсинді-сынапты энергияүнемдегіш лампылар­ды жи­нақтау және залалсыз­дан­дыру желісі пайдалануға бе­рілді. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген грант есе­бі­нен қар­жы­ландырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау ретінде өнеркәсіп 0,5 га көлемінде жер учаскесін алды. Өндірістің іс­ке қосылу сәтінен бастап 10 мың­нан аса лампы залалсыздандырылды.
2014 жылғы қыр­күйек­те «Табиғи тас оңтүстік» ЖШС құ­ны 900 млн. теңге құрайтын, қуат­ты­лығы жылына – 40 мың тон­на­лық «Қиыршық тас шы­ға­ратын зауытты» пайда­ла­ну­ға берді. 2014 жылы 54,3 млн. тонна қиыршық тас, сонымен қатар 21,1 млн. теңгеге кесек тас өндірілді. Қазалы ауданында: құны 16,6 млн.теңге құрайтын құрылыс материалдары өндірісі (ЖК «Рахметов»); құны 10 млн. теңге құрайтын нан цехы (ЖК «Т. Бейсенали»); құны 6 млн.теңге құрайтын құрылыс материалдары өндірісі (Ар-М-Кон» ЖШС). Жалағаш ауданында: құ­ны 9 млн. теңгелік мал бор­да­қы­лау кешені мен мал сою нүк­тесі (ЖК «Қанатбаева»). Шие­лі ауданында: қуаты жылына 60 мың тонна өнім шы­ға­ра­тын әк зауыты («Шие­лі тас оңтүстік» ЖШС). Жоба құны – 777 млн. теңге; қуаты жылына 250-300 тонна мия ұн­та­ғын әзірлейтін мия тамырын өң­деу зауыты («Мия Шие­лі» ЖШС). Жоба құны – 612 млн. теңге. Жаңақорған ауданында қуат­тылығы 50 МВт болатын күн электр станциясының құры­лысы басталды. Бұл табиғи фак­тор­лардың көмегімен энергия­ның балама көзін пайдалана отырып, «Жасыл экономика» тү­зуге бетбұрыс жасайтын бірегей жоба болмақ. Облыс­тың энергияға қажеттілігі 54 МВт құрайды, егер бұл станция іске қосылса облысты то­лық энергиямен қамтитын болады. Қызылордада шыны зауыты­ның құрылысы да басталды. Бұ­ған техникасы озық америка­лық­тар инвестиция құятын болды. Электр қуатын экологиялық та­биғи әрі таза жолмен алатын станцияның құрылысын «Bas energy» ЖШС мердігер мекемесі бастамақ. 2016 жыл­ға қарай құрылыс жұмыстары то­лық аяқталады. Айта кетейік, жобаға салынатын инвестиция көлемі 65 млн еуроны құрайды. Құрылыс барысында 50-ге жуық адам жұмыс­пен қамтылған. Қазақстанды индустрияландыру картасы аясында облысымызда жалпы сомасы 189, 8 млрд. теңгені құрай­тын 26 жоба (оларда 3 мың жұ­мыс орны және құрылыс кезінде қо­сымша 3,1 мың жұмыс орны құ­рылатын болады), оның ішін­де аймақтық карта аясында, жалпы құны 137,7 млрд.теңгені құ­райтын 25 жоба бар
Ендігі бір өзекті мәселе – өңір­дің ауылшаруашылығы жайлы сөз етсек. Өткен жылы ауыл ша­руа­шылығын қолдауға бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстыр­ған­да 47 пайызға артық. 2014 жылы облыс бойынша 161,4 мың га-ға ауылшаруашылығы да­қыл­дары егілді (олардың 87,1 мың га – дәндідақылдар, 55,5 мың га – малазығындық, 18,0 мың га картоп, көкөніс, бақша да­қыл­дары, 839 мың га май және тех­ни­ка­лық, 81,2 мың га – күріш).
Негізгі дақыл – күріштің орташа өнімділігі әрбір гектардан – 50,1 центнерді құ­ра­ды. 2015 жылдың 1 қаңтарына облыста 251,2 мың бас ірі қара, 552,6 мың бас қой мен еш­кі, 80,8 мың бас жылқы, 34,5 мың бас түйе, 2,2 мың бас шош­қа жә­не 83,3 мың бас тауық бар екен­ді­гі есептелді. Ірі қара мал ба­сы­ның 0,9 пайызға, қой – 1,2 пайызға, түйе – 3,9 пайызға өс­ке­ні байқалады.
Мал шаруашылығы сала­сы­ның тиімділігін арттыру мақ­са­тында еліміздегі ал­дың­ғы қа­тардағы «Туған жер» ШҚ ғы­лы­ми орталығының ға­лым­да­рымен бірлесіп, Жала­ғаш ауданында қой еті бағытын­да­ғы «еділбай» тұқы­мын кө­бей­ту жө­нін­де селек­ция­лық жұ­мыстары жүргізілуде. Соң­ғы 3 жыл ішінде балық аулау 2 мың тон­на­ға немесе 40 пайызға артты. 2014 жылы ауланған балық 6,7 мың тоннаны құрады (Кі­ші Арал­дан – 5,6 мың. тонна) жә­не 2012 жылмен салыстырғанда 34 пайызға өсті.
Балық өнімдері жақын және алыс шетелдерге – Украина, Гүр­жістан, Дания, Польша, Австрия және Германияға экспортталады. Былтырғы жылмен са­лыс­тырғанда экспорттау 74 пайыз­ға өсті.
Қазіргі таңда жалпы жылдық қуа­ты 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс іс­тейді. Барлық балық өңдеу кә­сі­по­рындары халықаралық стандарттарға сәйкес қажетті құрыл­ғылармен жабдықталған.
Осындай іргелікті жұмыс­та­ры­мыздың нәтижесін­де соңғы екі жылда облыс бюджеті қо­сым­ша 44 миллиард теңгеге ұл­ғай­ды. Бұл қаражат ай­мақ үшін маңызды мәселелерді шешуге жұмсалды. Өңірде соң­ғы екі жылда 21 мыңнан астам, со­ның ішінде 18 мың тұрақты жұ­мыс орны ашылды. Өткен жылы «Бизнестің Жол картасы» шең­бе­рін­де кәсіпкерлерді қол­дау­ға 1 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Жыл ішінде ша­ғын және орта кәсіпкер­лік­тің бел­сен­ділігі едәуір артып, жеке кә­сіпке бет бұрғандардың саны 5,5 пайызға өсіп, кәсіпкер­лер қа­та­рына жаңадан 13 мың­нан астам адам қосылды.
Бізде адам басына шаққан­да­ғы шығыс көлемі бойынша 2014 жылы Астана, Алматы қа­лалары мен Атырау облысынан кейінгі 4-орынға көтеріл­ді. Ал әлеуметтік шығын­дар­дың үлесі бойынша бірінші орында тұрмыз. Біз жалпы бюджет­тік шығындардың 60 пайызға жуы­ғын әлеуметтік салаға бере­міз. Мәселен, білім беруді қар­жы­ландыру 2014 жылы 2012-мен салыстырғанда 1,8 миллиард теңгеге, денсаулық сақтау саласы 1 миллиард теңгеге артқан.
Өткен жылы облыс бойынша 300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй берілді. Бұл 2013 жылмен салыс­тыр­ған­да 9 пайызға артық. Сонымен қа­тар, «Қолжетімді баспана» және «Жұмыспен қам­ту­дың Жол картасы» бағдар­лама­лары бойынша 38 мың шаршы метрдей тұрғын үй салынған (435 пә­тер­ден тұратын 89 тұр­ғын үй салынды).
Түйіндей айтқанда, Сыр өңі­рін­де Елбасымыз Нұр­сұл­тан На­зар­баевтың «Мәңгі­лік ел» идеясына сай мәңгілік ел болуымыздың басты қадам­да­ры жасалып жатқандығын айта келіп, жуырда ғана еліміз­дің Қа­зақстан халқы Ассамблеясы мү­ше­лерінің ағымдағы 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын біздің өңір­дің тұр­ғын­да­ры да қызу қуат­тайды. Біз бұл ел тағдырындағы шешуші қадам, ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді деп есептей­міз. Әлем­дік тұ­рақ­сыз­дық, сырт­қы эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс­тың қысы­мы жағ­дай­ларында Президент ұсын­ған «Нұрлы жол» дағ­да­рысқа қар­сы саясатын іске асы­руға күш жү­гер­ді жұм­сау­да ма­ңызы зор. Елбасы – біреу, бә­рі­міз оған тіреу бола біл­ге­ні­міз жөн.

Жауап қалдыру