Елбасыға Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілді

0
133

Кеше ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қауіпс­іздік Кеңесі туралы» ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сөйтіп Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесi түпкілікті айқындалды.
Сенатта баяндама жасаған Әділет министрі Марат Бекетаев: «Заң жобасы «Қазақстан Рес­публикасының Прези­дентi туралы» Консти­туция­лық заңының отыз үшінші бабына сәйкес әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесiн, құзыретін және қызметінің ұйым­дастырылуын ай­қындайды. Осылай­ша, Заң жобасымен Қауі­п­сіздік Кеңесін үйлес­тіруші конститу­ция­лық орган ретінде тану ұсы­нылады, –деді, – Жал­пы, құжат үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарау Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құқық­тық мәртебесiн, қызметiнiң негiздерiн, мiндет­терi мен функцияларын айқындайды. Атап айтқан­да, Қауіпсіздік Кеңе­сінің міндеттеріне: елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетілігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың бағыттарын қарау; сол бағыттар бойынша мемлекеттік органдар мен ұйым­дардың қызме­тін үйлестіру жатады. Сонымен қатар, Қазақ­стан Респуб­ликасының заңна­ма­сына және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының ше­шім­деріне сәйкес, бас­қа да міндеттер қарас­тыры­лады. «Екінші тарау Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігін, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін белгілейді. Осы орайда, ҚК Төрағасына келесі өкілеттіктерді бекіту ұсынылады: Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін басқаруды жүзеге асыру; оның отырыстары мен жедел кеңестерін шақыру; Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережені бекіту; заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына бағынатын және есеп беретін Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады», – деді Бекетаев. Ал үшінші тарау Қауіпсіздік Кеңесі мен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін қаржыландыру мәселелерін, сондай-ақ заңның күшіне ену тәртібін реттейді. Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
Парламент Сенатының жалпы отырысынан кейін депутат Бектас Бекназаров Елбасы ел өміріндегі тарихи миссиясына орай Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болғандығын мәлім етті.

Руслан ҒАББАСОВ

Жауап қалдыру