Ел келешегі жастардың қолында

0
330

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Қазақстан Президенті іс-шара алдында жастардың киімдер, спортшыларға ар­налған тағамдар өндірісі мен интерактивті қызмет көр­сету платформаларын құру жөніндегі бірқатар жо­ба­ларымен танысып, Үкімет­ке бұл бастамаларды жү­зеге асыруды және ілгері­летуді ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Мемлекет басшысы жиын­ға қа­тысушыларды Жас­­­тар жы­лының ашылуымен құт­тықтап, бұл шара­ның ке­лешек ұрпақ үшін ма­ңызы зор екенін атап өтті.
– Жастар – елі­міздің қазіргі әлем­дегі бәсекеге қа­бі­лет­тілігінің негізгі фак­торы. Қазақ­стан­ның бо­ла­ша­ғы сіз­­­дерге – сіз­дердің бі­лім­деріңізге, күш-жігер­леріңіз бен патриоттық се­зім­деріңізге байланыс­ты. Қазір қолға алынған жұ­мыс­тардың бәрі сіздердің ба­қытты өмірлеріңіз, сон­дай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жү­зеге асыра алу үшін атқа­ры­лып жатыр, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті ірі қалалардағы жас от­ба­сылардың тұрғын үй проб­ле­­ма­ларының өзек­тілігін атап өтіп, бұл мәселені ше­шу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондай-ақ, адам­ның жақсы тұрмы­сы­ның негізгі көзі – жұмыс еке­нін айтты.

– Өткен жылы Қазақ­станда орта мектепті 125 мыңнан астам жас тү­лек бітіріп шықты. Келе­шекте еңбек нарығына шығатын жастардың саны арта түспек. Қазіргі уақытта елімізде 300 мыңға жуық адам немесе жастардың 9 пайызы оқуға және еңбекке тартылмаған. Бұл санатқа жататын жастардың санын азайтуға септігін тигізетін тиімді шаралар қабылдау қажет, – деді Мемлекет бас­шысы.
Нұрсұлтан Назарбаев тех­­­никалық және кәсіби бі­лім беру жүйесін сапалы да­мытудың негізгі басым­­дық­тарына арнайы тоқ­талды.
– «100/200» қағидаты негізінде «Жас маман» бағ­дарламасын әзірлеу қа­жет. Үш жыл ішінде бұл жоба еліміздің барлық өңірі бойынша 200 мыңға жуық жас азаматты қамтитын бо­лады. Осы жоба аясында жаңғыртылған 200 оқу орнының базасында сұранысқа ие 100 индустриялық және қызмет көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлау іске асырылады, – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға арнайы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Бұл жас қазақстандықтарды қол жетімді әрі сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй және отбасын құру жөніндегі маңызды қажеттіліктермен қамтамасыз етуді көздейтін нақты қолдау шараларын қамтуға тиіс.

Жауап қалдыру