Ел бірлігін нығайту маңызды

0
145

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз.
Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы  Қазақстан халқын біріктіреді.
Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалып­тастыруға мүмкіндік берді.
Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.
Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі болып табылады.
Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жү­ректен құттықтаймын!
Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!

Жауап қалдыру