Экономикалық өсім 4 пайыздан асты

0
101

Кеше Мемлекет бас­шы­сының төраға­лы­ғымен Үкі­мет­­тің ке­ңейтілген отыры­сы өтті. Жиынға Үкімет мү­ше­лері, Астана, Ал­маты және Шымкент қалалары мен облыс­тардың әкімдері, орта­лық мемлекеттік органдар мен министрліктер басшылары қатысты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы кеңесті аша отырып, 2018 жылдың қоры­тындысы бойынша эко­но­ми­калық көрсет­кіштердің оң динамикасын атап өтті. Эко­номикалық өсім 4 пайыздан асқан. Тұтастай алғанда саудада – 7,6%, транспорт саласында – 4,6%, өнеркәсіпте 4% өсім болды, басқа салаларда да жақсы ырғақ сақ­талынып отыр. Жылдық инф­ляция 5,3% құрады. Негіз­гі капиталға салынған инвес­тиция көлемі 17,2% ұлғай­ды.
Кеңес барысында Пре­мьер-Министрдің орын­ба­­­сары Е.Досаевтың, Ұлт­тық банк төрағасы Д.Аки­­­шевтің, Премьер-Министр­дің орынбасары – ауылша­руа­шылық министрі Ө.Шөкеев­тің, Индустрия және инфра­құ­ры­лымдық даму министрі Ж.Қа­сымбектің, жамбыл об­­лы­сының әкімі А.Мыр­зах­ме­­товтың, Батыс Қазақстан об­­лысының әкімі А.Кульги­нов­тың баяндамалары тың­дал­ды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының аралық қорытындысын мәлімдеді.
– 2018 жылдың 1 шілдесінен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы басталды. Бүгінде 43,7 млрд теңге сомасына 3 600 несие берілді. Жалпы 92 млрд теңгеден астам мөлшерде өтінімдер келіп түсті, – деді Премьер-Министр орынбасары.
Бағдарламаның орындалуы барысының баяу екеніне назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұрғын үй бағдарламаларына қайта талдау жасауды тапсырды.
Жиынды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек жалғап, Елбасы тапсырмасы бойынша Астана, Алматы, Шымкент жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын айтты.
– 2018 жылы құрылыс саласы тұрақты өсім қарқынын көрсетті және 2017 жылғы деңгейге қарағанда 4,1 пайыз болып, еңбек өнімділігінің өсімі 9 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысында инвестициялар 8,1 пайызға артты. Бұл 1,2 трлн теңгені құрайды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражаттың 1 теңгесі көрсеткіш ретінде бола тұра, 6 теңге жеке инвестициялар тартылды. Рекордтық 12,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл 2017 жылғы деңгейден 12,1 пайызға жоғары. Сіздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жыл сайын кемінде 1 мың жалға берілетін пәтерлерді салу бойынша тапсырмаңызды орындау үшін қаржыландырудың те­тік­тері мен көздері айқын­далды. Мамыр айынан бастап әкімдіктермен бірге бұл бағдарламаны қарқынды жүзеге асыра бастайтын боламыз. Жалпы 2019 жылы 13 млн шаршы метр тұрғын үйді салуды жоспарлаудамыз. Оның арқасында шамамен 118 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, – деді ол.
Мұнан соң министр жаңа­дан іске қосылатын жобалар жайында мәлім етті.
– 2019 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн теңге бола­тын 120-ға жуық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Базалық металдарға қатысты әлемдік бағаның төмендеуіне, негізгі сауда әріптестерге қатысты санкцияларға және басқа да сыртқы факторларға қарамастан, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп 4,1 пайызға өсті. Бұл тау-кен секторының 4,6 және өңдеуші өнеркәсіптің 4 пайызға озық қарқынмен өсуі есебінен орындалды. Өнеркәсіп саласы бойынша өңірлер арасында Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Астана қаласы көш бастап келеді. Сонымен бірге, кейбір өңірлерде көрсеткіштің төмендеуі байқалады. Олар: Қызылорда, Батыс Қазақ­стан және Түркістан облыстары. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын 1 250-ден астам жоба іске қосылып, 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал, 2018 жылы құны 1,3 трлн теңге болатын 100 жоба іске қосылып, 13 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды, – деді Жеңіс Қасымбек.
Мұнан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өз банктерін тонаған акционерлерді сынады.
– Елге келіп банк құрып, жұмысын бастайды. Адамдар сеніп, ақшаларын салады, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор да қаржысын салады. Кейіннен акционерлер қаржыны жымқыруды бастайды. Осы заңсыздық үшін оларды түрмеге отырғызуға заңдар жоқ. Олар қашқаннан кейін, аталған адамды іздеп әуре боламыз. Банк жұмыс істеп тұрғанда акционерлер қаржыны ұрла­мауы тиіс – деді Президент Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевке қарата айтқан сөзінде.
Елбасы экономиканы банкроттан тазартпай, елде даму үрдісі дұрыс жүрмейтінін атап өтті.
– Бұл мәселелерді шешпесек, Үкімет те, банктер де үнемі сүріне береді. Неден қорқамыз? Банкроттық институты нарықтық елдерде айтарлықтай кеңінен тараған. Сіздер Үкімет немесе министр емес, қорқақсыңдар. Шешім қабылдау үшін қол-аяқтарың дірілдеп тұрады. Онда не үшін жұмыс істеп отырсыңдар?!, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.
Елбасы табыс пен өмір сапасы мемлекет дамуының басты өлшемі екеніне назар аударды.
– Өткен жылы мемлекеттік және әлеуметтік саясатты жүйелі қайта қарай бастадым. Алғашқы қадам жасалды. Бұл – 5 әлеуметтік бастама. Таяудағы Жолдау мен жастарға арналған әлеу­меттік пакет барлық қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Бүгінде барлық ел бірдей мұн­дай әлеуметтік шығыс­тарды өсіріп, біз жүргізіп отыр­ған жұмыстарды атқара ал­мауы мүмкін. Сондық­тан барлық мемлекеттік қаражат барынша тиімді пайдаланылуы тиіс, оларға бақылау болуы қажет. Кіріс пен өмір сапасы сынды екі көрсеткішті мемлекет дамуының басты өлшемі деп жариялаймын. Барлық экономика және біз жасап жатқанның барлығы түптеп келгенде адамдарға арналған. Әрбір министр мен әкімнің жұмысын осы көрсеткіштерді жүзеге асыруы бойынша бағалау керек, – деді.
Нұрсұлтан Назарбаев жиын соңында өткен жылы атқа­рылған жұмыстарға оң баға берді.

Жауап қалдыру