Экономикалық оң өсім қуантады

0
55

10 шілде күні ҚР Премьер-Ми­нистрі Ба­қытжан Са­­ғын­таевтың төра­­ғалы­ғы­мен өткен Үкімет оты­рысында 2018 жылдың І жарты жылды­ғындағы әлеуметтік-экономи­калық даму мен республикалық бюджет­тің атқары­луының қорытындысы қаралды.
Ұлттық экономика министрі Ти­мур Сү­лейменов бірінші жар­ты жылдықтың қоры­тындысы бо­йынша ЖІӨ өсімі 4,1 пайызды құрағанын мәлімдеді.
Жалпы эконо­мика­ның өсімі инфляция­лық процестердің жал­­ға­сып келе жат­қан бә­сең­деуі және жоға­ры ин­вес­ти­циялық бел­сенділік нәти­же­сін­де бо­лып отыр.
– Инфляция біртіндеп төмендеуде және соң­ғы үш жылдағы ең төменгі мәнге жетті. Жыл басынан бері ол 2,6 пайызды құрады. Инфляцияның барлық компоненттері бойынша баға өсуінің бәсең­деуі байқалады, – деді Т. Сүлейменов.
Негізгі капиталға са­лы­натын ин­вес­ти­ция­ларда жоға­ры өсім үр­дісі – 25,8 пайыз көле­мінде сақ­тал­ған.
Өнеркәсіп өндірісі 5,2 пайызға артып, өсу қарқынын сақ­таған. Тау-кен өнді­рісі өнеркәсібі 5,5 па­йызға артты. Өң­деу өнеркәсібі сер­пі­ні­нің тұрақты өсімі бай­қалады. Жарты жыл­дықтың қоры­тын­дысы бойынша өсім қарқыны 5,2 па­йызды құрады.
Өңдеу саласында екі мәндік өсу қағаз өнімдерін өндіруде, химия өнеркәсібінде және машина жасау­да сақталып отыр. Ме­тал­лургия мұнай өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру секілді өңдеудің бас­қа да ірі салалары бо­йынша оң өсім сақталған.
Ауыл шаруашылығы өні­мі 4 пайызға артып, бір­тіндеп ұлғаюда. Өсу­дің нығаюы мал шар­уа­шылы­ғының озық қар­қынымен өсу­іне байланысты.
Алты айдың қоры­тын­дысы бо­йын­ша құ­ры­лыс саласыны­ң өсу үрдісі 3,8 па­йызға дейін күрт арт­қан. Өсім тұрғын үй ғимарат­тары­ның, өнер­кәсіптік және әлеу­меттік нысан­дар­дың, магистральдік газ құ­бырлары мен құбыр жолдарының, газ компрессорлық стан­саларының құры­лысы, Семей қала­сындағы авто­көлік жол­дарын, ұшу-қону жола­ғын реконструкциялау, Шымкенттегі мұнай-химия зауы­тын жаңғырту жұмыс­та­рының артуына байла­нысты болды.
Ұлттық экономика министрі тұты­ну­шылық сұра­ныс­тың күшеюі мен эконо­миканың нақты сек­то­рындағы тұрақ­ты іскерлік белсенділік ұсынылатын қызметтер саласының өсу драйверлері бол­ғанын айтып өтті. Оның өсімі 3,8 пайызды құрады. Сауда мен көлік саласында да­мудың қолайлы серпінінің 5,9 пайызға және 4,9 пайызға же­дел­деуі тіркелді. Бай­ла­ныстың өсу қарқыны 5,9 пайызды құрады.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов­тың айтуынша, өңірлік бөлі­ністе экономи­каның бар­лық дерлік са­лаларында оң өсім қарқыны байқалады. Бұдан өзге, ұлттық экономика министрі енді өңірлердің даму серпіні бойынша 16 өңірдің орнына 17 өңірде бақы­лау жүр­гізілетінін мәлімдеді.
Сыртқы сауда айналымы тұ­рақты түрде жоғары өсу траекториясында тұр. Ол І тоқсанда 24,3 пайызға немесе $21 млрд ұлғайды. Экспорт 27 пайызға өсті.
– Жоғары өндіріс­тік белсенділік еңбек нары­ғының көрсет­кіш­теріне оң әсер етті. Осы жылдың ба­сы­нан бері 178,7 мың адам жұмысқа ор­на­лас­тырылды (1 мау­сым­дағы жағдай бо­йын­ша). Еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде. Қаңтар-мамыр ай­ларын­да орташа айлық еңбекақы 152,8 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 0,8 пайыз өсті. Қаңтар-сәуір айла­рында нақты ақша­лай кірістер 1,2 пайызға өсті, – деді Т. Сүлейменов.
Сөз соңында ұлттық экономика министрі І жартыжылдықтағы тұрақ­тылық пен сапа­лылықты ескерумен ЖІӨ «4+» өсімін қамтамасыз ету үшін әлеует жеткілікті екенін атап өтті. Ол үшін экономиканың дамуын ІІІ тоқсанда 3,9 пайыз және IV тоқсанда 4 пайыз деңгейінде сақ­тап тұру керек.

primeminister.kz

Жауап қалдыру