Экономикада оңды өсім қарқыны бар

0
55

11 маусым күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы аясында биылғы қаңтар–мамыр аралығындағы Қа­зақстан Республикасының әлеуметтік-экономи­калық дамуының және республикалық бюджеттің орын­далуының қорытындылары қаралды.
ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов биылғы қаңтар–мамыр аралығында ЖІӨ оң қарқыны сақталғанын, өсім 4% құрағанын айтты.
– Инвестициялардың динамикасы ЖІӨ өсім қарқынынан жоғары. Осы жылдың 4 айындағы 6,7%-ға қарағанда, өсім 7,8%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығында және құ­рылыс саласында инвес­тиция­­лар бір жарым есе өсті. Өнер­кәсіпте инвестициялар 17,5% -ға өсті, – деді Р. Дәле­нов.
Өнеркәсіптік өндіріс биылғы қаңтар–мамыр айларында 2%-ға артты. Құрылыс саласында жеделдеу байқалады. 5 айдың ішінде өсім 8,8% жетті. Өнеркәсіптік объектілерді, автокөлік жолдарын, газ құ­быр­ларын салу жұмыстары, сон­дай-ақ ірі зауыттардағы құ­рылыс-монтаж жұмыстары ұл­ғайды.
Қызмет көрсету саласында жеделдеу байқалады. Есепті кезеңде бұл сала қаңтар-сәуір айларындағы 4,2%-ға қарағанда 4,7%-ға өсті. Атал­ған сектордың барлық салаларында динамиканың жеделдегені байқалады. Қызметтер сегментінде сауда ең жоғары өсімді көрсетеді. Сатылымдар көлемі 5 айда 7,5%-ға өсті. Бұл негізінен автокөлік құралдарын, авто бөлшектерді және мұнай өнімдерін сату көлемінің артуымен байланысты. Көлік саласында 5,3%-ға дейін жеделдеу белгіленген.
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Е. Досаев осы жылдың мамыр айындағы айлық инфля­ция­ның 0,6% құрағанын атап өтті. Инфляция жылдық көрсет­кіште – 5,3%. Ұлттық банктің болжамдарына сәй­кес, инфляция 2019–2020 жыл­­­­дарға белгіленген 4-6% нақ­ты­ланған мақсатты дәліз ше­гінде сақ­та­лады. Теңгенің айыр­бас ба­ғамы 2018 жыл­дың со­ңын­дағы деңгейде сақ­тал­ды.
Отырыста ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Сма­­йылов осы жылдың 5 айын­дағы мемлекеттік бюд­жет­­­тің атқарылу қоры­тын­ды­лары туралы баяндады.
Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 5 айдың қоры­тын­дысы бойынша бюд­жеттің барлық дең­гейлерінде кірістердің өсуі байқалады: мем­лекеттік бюджетте – 115%, рес­публикалық бюджетте – 119% және жергілікті бюджетте – 106%.
Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 3,8 трлн теңге сомасында табыс түсті, бұл жоспардың 105,4 пайызын құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, бюджет табыстары 510 млрд теңгеге артты. Жоспар 2,7%-ға немесе 73 млрд теңгеге асыра орындалды.
– Асыра орындау негізінен салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Бұған келесі бас­ты фак­­торлар ықпал етті: экс­порт­тық кеден салығының мөл­шер­ле­месінің өсуі және бірқатар сала­ларда тауарлар мен қыз­мет­тер өндірісінің артуы, – деді Ә. Смайылов.
Табыстарды әкімші­лендіру­­­де не­гізгі назар бұзу­шы­лық­­тардың жоғары тә­уеке­ліне ұшырайтын салық тө­леу­ші­­лер­­ге аударылды. Бұл жұмыс тәуекелдерді басқару жүйе­сінде камералық бақылау аясында жүргізілді. Камералық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар саны 2 есеге артты. Соның нәтижесінде өтеудің үлес салмағы 86%-ға жетті немесе оның үлесі 7%-ға артты. Бюджетке қосымша 31 млрд теңге түсті.
Жергілікті бюджеттер табыстары бойынша жоспар 120 млрд теңгеге асыра орындалып, 1,2 трлн теңгені немесе 113,4% құрады.
2018 жылдың бес айымен салыстырғанда шығыстарды орындау жақсарды. Респу­бликалық бюджет шығыстары 4,9 трлн теңгеге игерілді. Өткен жылдың 5 айымен салыс­тырғанда шығыстар 1,2 трлн теңгеге артық жүргізілді.
Сондай-ақ Ә. Смайыло­в мем­лекеттік аудит және ка­мералық бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. 5 айда 1 462 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 292 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 48 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау арқылы жалпы 39 млрд теңге сомасына қаражаттар өтелді. Аудит объектілеріне қызметті жетілдіру және тиімділікті арттыру бойынша 1 170 ұсыным берілді. Олардың 669-ы орындалды. Қалғаны бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
4,5 трлн теңге сомасына камералық бақылаумен 676 мың мемлекеттік сатып алулар қамтылды. Тексерулердің нәтижесінде 261 млрд теңге сомасына 13 593 рәсім бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталған. Аудит объектілеріне заң бұзушылықтарды жою туралы 13 478 хабарлама жіберілді. Соның нәтижесінде, 215 млрд теңге сомасына заң бұзушылықтарға жол берілмеді. Олар конкурстардың қорытындыларының шешімдерін болдырмау және конкурс құжаттамасына өзгерістер енгізу арқылы шешілді.
Жиында өнеркәсіптік са­ланың дамуы туралы Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрі Роман Скляр баяндады.
ҚР ИИДМ деректері бо­йынша, жыл басынан бері өнеркәсіптік өндіріс көлемі 102% құрады, оның ішінде тау-кен өндірісі – 100,7%, өңдеу өнеркәсібі – 103,6%. Тау-кен өндірісі саласында түсті кендерді өндіру көлемі 15,7%-ға артты, темір кенін өндіру көлемі 98% құрады. Жалпы, темір кенін өндіру көлемі бойынша динамика артып келеді және жыл соңына қарай 44,7 млн тоннаны құрайтын болады.
Р. Скляр баяндағандай, көмір мен лигнит өндіру көлемі 95,8% құрады. Негізгі көмір өндіретін кәсіпорындарда көмір өндірудің төмендеуі электр станцияларының көмір өнімдерін тұтынуының азаюымен байланысты. Дегенмен, бүгінгі күні көмір экспорты бойынша оң динамика бай­қалып отыр, өсім 105,6% немесе 11,3 млн тоннаны құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде жеңіл өнеркәсіпте 23%-ға, машина жасауда – 16%-ға, фармацевтика өнеркәсібінде – 11,6%-ға, дайын металл бұйымдар саласында – 9,2%-ға, құрылыс материалдарында – 3,4%-ға өсім байқалып отыр.
Көлік кешені бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында нақты көлем индексі 105,3% құрады. Жалпы, барлық көлік түрлерінің жүк тасымалдау көлемінің өсімі 3,7% болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымалдар 47%-ға өсіп, 240 мың ЖФЭ құрады.
Құрылыс бойынша нақты кө­лем индексі қаңтар–мамырда 108,8% құрады. 15 өңірде оң қарқын байқалады. Тұрғын үй құрылысы бойынша 5 айдың қорытындысы бойынша 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда 100,1% құрай­ды.
– Республика бойынша жал­пы 40 546 тұрғын үй беріл­ді. Өткен жылмен са­лыс­­­­тыр­­ғанда тұрғын үйді пайда­лануға беру көлемінің артуы рес­пуб­ликаның 15 өңірінде жал­ғасуда. Жылдық жоспарға қол жеткізу бойынша қабыл­дан­ған міндеттемелерді орындау үшін облыстардың әкімдіктеріне өз­дерінің жұмы­сын жандандыру қажет, – деді Р. Скляр.
Отырыста Премьер-Министр Асқар Мамин «Биылғы қаң­тар–мамыр айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылға қарағанда 4% құрады», – деп экономикалық даму қар­қынын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әлеу­меттік-экономикалық даму бойынша Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының оң жұмысы байқалды.
ҚР Премьер-Министрі А. Ма­мин өңірлер әкімдеріне құ­­рылыс, инвестициялар, өнер­кәсіп және тұрғын үйді пайдалануға беру салаларында көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтуді тапсырды.
Биылғы мамырда айлық инфляция 0,6% құрады. Осылайша, жыл басынан бері инфляция 2,4% құрады. ҚР Үкіметінің басшысы белгіленген дәлізге (4–6%) сәйкестігіне қарамастан, бірқатар өңір­лерде ауыл шаруашылығы тауарларына бағаның өсуі бай­­қалғанын айтты.
– Қазір жеміс-жидек пен көкө­ністердің көп уақыты, сон­дықтан бағалар арзандауы керек, – деді Аскар Мамин. – Әкімдер, әсіресе, әлеу­меттік ма­ңызы бар азық-түлік тауар­ларының бағасын тұрақ­ты ұс­тау бойынша нақты шаралар қабылдасын.
Республикалық бюджеттің орындалуы бойынша кон­курстық рәсімдерді уақытылы өткізу бойынша күшейтілген жұ­мыс­тарды жалғастыру қа­жет­тігі атап өтілді. Бұл бюджет қаражатын игеру бойынша тә­уекелдерді жоюға мүмкіндік береді.
Мәселені қорытындылаған Асқар Мамин экономиканың және инфрақұрылымның тұ­рақты дамуы, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру мәселелерінің орын­­далу барысы назарда бо­ла­тынын айтты. Мемлекет бас­шысының сайлауалды тұ­ғырнамасының стра­тегия­­лық міндеттерін тиімді жүзеге асы­рудың арқасында әлеу­меттік мәселелерді шешуге мүм­кіндік жасалады.
– Жаңа жұмыс орындарын ашу – Үкімет жұмы­сы­ның ба­сымдықты міндеті, – деп А. Мамин, нәти­желі жұ­мыс­пен қам­ту мәсе­ле­лері эко­номи­ка­ның даму­ына, тұрғын­дардың табы­сын арт­тыруға, бәсекелі өнді­рістер­дің ашылуына тікелей бай­ланысты екенін атап өтті.

primeminister.kz

Жауап қалдыру