Экономика 30 пайызға өседі

0
148

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмаға­лиевті қабылдады.
Кездесуде Мемлекет бас­шысына «Цифрлық Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ла­ма­сының іске асырылу барысы және бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау үшін атқарылған ша­ралар жөнінде баяндалды.
– Цифрландырудың арқа­сында Қазақстан экономи­касы 30 пайызға өсуі керек, ол ақшаға шаққанда 2 триллион теңгеден асады, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнестің қатысуы қажет екенін атап өтті.
– Цифрландыру бағдар­ламасы бекітілді. Мемлекет оған аз ақша бөліп отырған жоқ, сондықтан олардың тиімді пайдаланылуын қам­та­­ма­сыз ету керек, – деді Мемле­кет бас­шысы.
Асқар Жұмағалиев Қазақ­стан Президентіне «Цифр­лық Қазақстан» бағдар­­ламасының орындалуынан күтілетін нәти­желер жөнін­де мәлімдеді.
– Цифрландыруды енгізу­дің арқасында өндіруші өнер­­кәсіпте өнімнің өзіндік құны төмендеп,  өндіріс кө­лемі ұл­ғаяды. Сондай-ақ, элект­рон­ды коммерция саласында 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп отырмыз. Біздің есебіміз бойынша, тек кеден және салық қызметтерін цифрландыру нә­ти­жесінде мемлекет қазы­на­сына 100 миллиард теңгеден ас­­там қаржы түседі, – деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумды өткі­зуге дайындық жөніндегі есепті тыңдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру