Едігеден бастап әз-Тәукеге дейінгі қазақ хандығының ордасы

0
33

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаты­суымен 6 шілде күні Астананың 20 жылдығына ар­налған салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты қабылдауға Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасы­ның президенттері де құрметті қонақ ретінде қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев бар­ша қазақстандықтарды Аста­наның 20 жылдығымен құттық­тап, «Қазақстан», «Тә­уел­сіздік» және «Ас­тана» сөздерінің мәні елі­міздің әр азаматы үшін айрықша екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Аста­на­ның тарихына ерек­ше тоқ­талып, Қазақ­станның қа­зіргі елордасы көне Бозоқ қалашығынан бастау алаты­нын еске салды.
– Астана ел қамын жеген Едігеден бастап Әз-Тәукеге дейінгі қазақ хандарының ордасы болған. Менің тап­сыр­мам бойынша зерт­теу жүргізген астаналық архео­логтар Есілдің бойын­дағы Күйгенжар ауылының тұсы­нан Әз Тәуке ханның жазғы ордасының орнын тапты, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­станның жаңа елор­да­сы­ның құрылысына атса­лыс­қан­дардың бәріне риза­шы­лық білдіріп, еліміз­дің барлық өңіріне Астана­ның мерейтойына жасаған сый­лықтары үшін алғыс айтты.
– Астананың салынуымен Қазақстанның жаңа дәуірі басталды. Біріншіден, тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдары­нан бастап мемлекет­тілі­гіміздің барлық институт­тары орнықты. Астана бүкіл әлем таныған жаңа саяси орталыққа айналды, – деді Елбасы.
Сондай-ақ, Мемлекет бас­шысы Қазақстанның бү­кіл әлемге тәуелсіздік пен Ас­та­наның арқасында таныл­ғанын айтты.
Қазақстан Президенті соң­ғы 20 жыл ішінде Астанаға 22 монарх, 180 президент, 109 үкімет басшысы және 114 халықаралық ұйым бас­шысы келгенін атап өтті.
– Қала 4.0 индустриясының жаһандық технологиялық үр­дісіне сай дамып келеді. Өңірлік жалпы өнім осы жыл­дар ішінде 190 есе өсті. Ол номиналды түрде 5 триллион теңгеге жетіп, нақты айт­қанда 5,5 есе артты. 20 жыл ішінде инвестиция кө­лемі шамамен 8 триллион теңгені құрады. Жалпы, бас қаланы дамытуға жұмсалған мемлекет қаржысы шамамен 2,5 есе ақталды, – деді Нұр­сұлтан Назарбаев.
Соңында Мемлекет бас­шысы қазақ­стан­дықтарды елор­даның 20 жылдық ме­рейтойымен тағы да құттық­тап, бүкіл халқымызға бақ-береке тіледі.
Салтанатты қабылдаудан кейін Қазақстан Президенті елорданың мерейтойына арналған мерекелік гала-концертті тамашалады.

Орынбек ЖОЛДЫБАЙ,
«P&H»

Жауап қалдыру