ДСҰ бас директорымен кездесті

0
107

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Дү­ниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті. Кездесуде тараптар әлем­дегі қалыптасқан жағдайға байланысты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір алмасты, сондай-ақ 2020 жылы Астанада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының ХІІ Министрлер конференциясына дайындық барысын талқылады.
– Сізбен Астанада қайта жүздескеніме қуаныштымын. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болар кезде елімізге үлкен қолдау біл­діргеніңізді білеміз. Бүгін­де біздің ел ұйымның белсенді мүшесі саналады. 2020 жы­лы Астанада конференция өткізу жөнінде шешім қа­былданды. Біз осы шараны тиісті деңгейде өткізу үшін күш жұмылдырамыз, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Дү­ние­жүзілік сауда ұйымы­ның елдер арасындағы сау­да-экономикалық қарым-қаты­настарды нығайтуды және ке­ңейтуді көздейтін басты қағи­даттарын Қазақстанның то­лық қолдайтынын атап өт­ті.
Роберту Азеведу Нұрсұл­тан Назарбаевқа қонақжай­лық танытқаны және Қазақ­стан мен Дүниежүзілік сауда ұйымының алдағы ынты­мақ­тастығына арналған мәсе­лелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.
– Женевадағы соңғы кездесуімізден кейін Қазақстан мен Дүниежүзілік сауда ұйымы арасындағы ынты­мақ­тастықтың тереңдегенін нық сеніммен айта аламыз. Сіздің еліңіз көпжақты сауда жүйесін дамыту қағидаттарын әрдайым берік ұстанып келеді. Біз Қазақстанның 2020 жылы Министрлер конференциясын өткізуге келісім бергеніне қуаныштымыз. Бұл бүгінгі әлемде болып жатқан оқиғаларға орай ерекше маңызға ие болып отыр, – деді Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры.
Сондай-ақ Р.Азеведу жетекші державалар арасын­дағы сауда-экономикалық шие­леністің басқа елдерге ти­гізетін салдарына тоқтал­ды.

Жауап қалдыру