Достықтан өрбіген ынтымақтастық

0
143

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйек күні Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапармен болды. Сапар аясында екіжақты кездесулер өткізіліп, Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында өңірлік күн тәртібіндегі негізгі аспектілерді және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын нығайту мәселелерін талқылады.
Мемлекет басшысы алды­мен Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан халқының жал­пыұлт­тық символы болып саналатын «Тәуелсіздік және гуманизм» монументіне гүл шоғын қойды.
Мұнан соң Елбасы Өзбекстан Президентімен бірге Ташкент қаласының ең көрнекті орын­дарының бірі сана­латын «Төле би кесенесі» сәулет кешініне барды.
Мұнан соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының Пре­зиденті Шавкат Мир­зиёевтің келіссөзі кезінде екі елдің арасындағы бірқатар ма­ңыз­ды мәсе­лелер тал­қы­ланылды.
Сондай-ақ, келіссөз бары­сында  екі ел арасын­дағы ынтымақтастықты ны­ғай­тудың нақты жолдары қа­растырылды. Мемлекет бас­шы­сының Өзбек­стан Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Жауап қалдыру