Денсаулық сақтау саласын жетілдіру – басты міндет

0
163

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 көкек күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады.
Мемлекет басшысына азаматтардың ден­сау­лығын нығайтуға, Қа­зақ­стандағы меди­цина­лық көмектің сапасын арт­тыруға және оның қол же­­тімділігіне қатысты қа­былданған шаралар жөнінде есеп берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жеткілікті қаражат бөлінетінін атап өтті. Бұл қаржыны оның тиімділігін арттыруға, ішкі ресурстарды жұмыл­дыруға және медицина қызметкерлерінің ең­бек­ақысын өсіруге жұмсау қажеттігін айтты.
Елбасы мен Қазақстан Президентінің тапсырмалары бойынша 2019 жылғы 1 маусымнан бас­тап жалақысы төмен медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға артады.
Елжан Біртанов Мем­лекет басшысына ал­ғаш­қы медициналық-сани­тар­лық жәрдем сапасын арттыруға, дәрігерлердің жұмыс жүктемесін азай­туға, тұрғындардың скринингпен қамтылуын кеңейтуге, медициналық қызмет көрсету ісін цифрландыруға және елордада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру туралы жобаны жүзеге асыруға қатысты жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.

Жауап қалдыру