Дәлел жинау

0
32

Дәлелдеме кез келген аза­маттық іс жүргізудің ажырамас бөлігі. Сот талқылауына түскен тараптар өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін дәлелдерді дұрыс келтіре білуі керек.
Заңсыз жолмен алынған дәлелдемелердің заңдық кү­ші жоқ және ол сот шешіміне негіз бола алмайтынын да ескеру керек. Дәлелдемелер негізінде сот дұрыс шешім шығара алады. Істi заңды, негiзді және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жай­ларды анық­­тау мақ­сатында дә­лел­­­де­ме­лер жиналады. Дәлел­деме­лерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот тал­қылауы барысында жүргізі­леді. Соттың өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқы болмайды. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардан түскен өтінішхаттар бойынша немесе өз бастамасымен дәлел жинайды. Ол жауап алу үшін кез келген адамды ша­қы­ру­ға, кез келген жеке, заң­ды тұлғалардан қажетті құ­жат­тарды талап етуге құқы бар. Сол сияқты сот талқылауына қатысушы қор­ғаушы немесе жәбір­ленушінің өкілі жәбір­ленушіні қорғау үшін заңды тұлғалардан анық­­тамаларды, мінез­де­мелерді және басқа да қа­жет­ті құжаттарды талап етіп ал­­дыра алады. Ал көрсетілген заң­ды тұлғалар талап етілген құ­жатты немесе оның расталған кө­шір­месін 10 тәулік ішінде беруге міндетті.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде талап етілген мұндай құжаттар қорғаушыға екі тәулік ішінде ұсынылуы керек. Сонымен қатар қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бас­тамашылық жа­сауға, сараптама мекемесіне шарттық негізде тиісті сараптама жүргізу туралы сұрату жолдауға, шарттық негізде маман тартуға құқылары бар. Бір ескеретіні, бұл кезде қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі ҚР заңнамалық актілерінде белгіленген ком­мер­циялық және заңмен қор­ғалатын өзге де құпия мәліметтерді жария етпеуі керек. Бұл талаптарды орындамау заңда белгіленген жауап­тылыққа әкеп соғады.

Бейбіт ТҰРЫСОВ,
Талдықорған қалалық сотының судьясы

Жауап қалдыру