ҰБТ тапсыртуда ұмтылыс бар

0
41

Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
Саят НҮСІПОВ:

Оқу жылының соңына қарай оқушылар мен ата-аналарды, сондай-ақ мектеп мұғалімдерін жиі мазалайтын тақырып ҰБТ екені анық. Ұлттық Бірыңғай Тестілеу елімізге енгізілгелі 11 жыл болды. Елімізде алғаш рет 2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді, осы аралықтағы 11 жылдың ішінде тестке 1 миллион 422 мың мектеп бітіруші қатысып, сынақтан өтіп, өмір жолына аттанды. Дегенмен, осынау жауапты сынақты тапсыруда әлі де ойланарлық жағдайлар аз емес. Десек те әлемнің көптеген елдерінде қолданып келе жатқан бұл жүйенің оқушының білім сапасының жақсаруына оң ықпалы аз емес.
Жыл сайынғы олқылық­тар сара­ланып, оның тиімді­лі­гін арт­тыруда батыл қадамдар жасалып келеді. Жуырда өт­кен Үкімет отырысында осы мә­селе арнайы қаралып, тиіс­ті шешімдер қабылданды. Ұлт­тық бірыңғай тестке тың өзге­ріс­тер енді. Енді 11 жыл үз­дік оқы­ған оқушылардың еңбе­гі зая кетпейді. Білім және ғылым ми­нистрлігі осындай уәде беріп отыр. Сонымен, 2015 жылдан бастап аттестатқа Ұлттық бір­ың­ғай тест балы мен пән бойынша алынған жылдық ба­ғаның орташа есептелген көрсет­кі­ші қойылады. Яғни 11 жыл бойы беске оқып, Ұлттық тестте 4 не 3 алып қалған оқушының аттестатына 5 не 4 деген баға қойылады. Мұндай аттестаттау мектеп бітірушілерге түсетін психоэмоционалдық жүктемені азай­туға мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. Биылғы жыл­дың тағы бір жаңалығы – енді тест қо­рытындылары ашық жария­лан­байды. Енді ол құпия ақ­па­рат. Ұлттық тест қорытын­ды­сын тек түлектің жеке сәйкес­тін­ді­ру нөмірі бойынша білу­ге болады. Екінші өзгеріс – лектер са­ны­ның ұл­ғаюы және олардағы тес­ті­ле­ну­ші­лер са­ны­ның 600-ге дейін ке­муі есебінен ҰБТ өткізу мер­зі­мі 2 аптаға ұзартылды. Се­бе­бі биылға дейін ҰБТ мерзімі бір аптаны құрайтын, ал лекте­гі бі­лім алушылар саны 800-ге дей­ін жететін. Кейде тіпті уа­қыт­тың аздығынан асығыстық орын алып, жұртты әбі­герге салатын.
Үшінші өзгеріс – жыл сай­ын тест тап­сырмаларының базасы 20-30 пайызға жаңар­ты­лып отыратындығы белгілі. Осы жолы да базаны 21 200 тап­сыр­ма­ға то­лықтырып, оның 3 мыңын логикалық тап­сыр­ма­лар жасадық. Егер 2012 жылы ма­тема­тикалық тест­те 1 логи­ка­лық тапсыр­ма­дан болса, 2015 жы­лы – 2-ден ен­гі­зіл­ген. Ен­ді 2016 жылдан бастап ҰБТ-ға фун­кцио­налдық сауат­ты­лық­ты анық­тау­ға арнал­ған жа­ра­ты­лыс­тану-матема­ти­ка­лық ба­ғыт­та­ғы тапсырмалар қосылмақшы.
Төртінші өзгеріс – облыс ор­та­лық­та­рын­да және Аста­на мен Алматы қалала­рын­­да ҰБТ өткізу кезінде мектеп бі­ті­ру­ші­лер мен олардың ата-ана­ла­ры­ның өті­­­­ніш­те­рі мен ша­ғым­дарына жедел назар аудару үшін ҰБТ-ны өткізу және үй­лес­ті­ру жө­нін­дегі штабтар құ­ры­ла­ды. Ми­нистрлік жа­ны­нан Рес­пуб­ли­калық штаб жұмыс атқарады. Бұдан бөлек енді 2015 жылдан бастап ҰБТ қо­рытындысы құ­пия ақпарат ретінде қа­ралады, оны жеке сәйкестендіру нө­мі­рі (ЖСН) бойынша ғана бі­лу­ге болады. Алған балл тізі­мін­де бі­ті­ру­шінің тегі ЖСН-мен ал­мастырылады. Сондай-ақ ҰБТ қо­ры­тындысы Ұлттық тес­ті­леу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады. Сер­виске қол жеткізу үшін ЖСН мен ем­тихан басталар ал­дында берілетін жеке код­ты ен­гі­зу талап етіледі.
Биыл тестті тапсыру мерзімі де өзгертілген. Енді сынақ 2 ап­та бойында өтеді. Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестті өт­кі­зу пункттерінің саны он­ға артып, жалпы саны республика бойынша 165-ке жетті. Тәр­тіп те күшейтілген: әр аудито­рия­ға қойы­латын камералар саны да, қо­сым­ша тексеру құралдары да кө­бей­тілді. Тест барысын ті­ке­лей министрліктің 2 мың өкі­лі ба­қы­лайды. Үстіміз­де­гі жылы мектеп қабырғасын 125 мың­ға жуық түлек тәмам­дай­ды. Оның ішінде 87782-сі ҰБТ-ға қаты­су­ға өтініш берген, ол жалпы мектеп біті­ру­ші­лердің 71 пайызы. Тест тапсыр­ма­ла­рының базасы 20-30 пайызы жа­ңар­ты­лып, 21200 жаңа сұрақ­пен то­лық­қан.
Ағымдағы жылы ҰБТ өт­кі­зу пункт­те­рінің саны 10-ға кө­бейіп, еліміз бойынша жалпы саны 165-ке жетті. Оның 116-сы аудан ор­та­лық­тарын­да, 49-ы облыс ор­та­лық­тарын­да жә­не Астана мен Алматы қа­ла­ла­рын­да орна­лас­қан. Ста­тис­ти­ка­лық деректерге қа­ра­ған­да биыл елі­міз­дегі білім ұяла­рын 124 379 оқушы бітіреді. Мұ­ның 84 302-сі қазақ тілінде, 40 077-сі орыс тілінде оқиды. Бұлар­дың арасында ҰБТ-ға қатысу­ға 87 782 өтініш беріліпті, ол мектеп бі­тіру­шілердің жалпы са­ны­ның 71 пайызын құрай­ды. Та­лап­керлердің 62 384-і қа­зақ тіліндегі, 25 398-і орыс тілін­дегі мектепті аяқтай­ды. 2015 жылы ҰБТ-ға алғаш рет 12 жылдық білім беру бағ­дар­ламасы бойынша білім ал­ған бі­тірушілер де қатыса­ды. Олар­ға арналып 12 жыл­дық бі­лім беру бағдарламасы не­гізін­де тест тапсырмалары базасы әзірленген. Күні бүгінге дейін 12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардан 341 өтініш түс­ке­нін айта кеткен артық болмас.
Ендігі бір ұстаздар қауы­мы­ның алдында үлкен пробле­ма­ға айналып бара жатқан осы тест тапсыру алдында жиілеп кететін оқушылардың өзіне-өзі қол жұмсау оқиғалары туралы айтпасақ болмайды. Жасыратыны жоқ еліміз мектеп оқу­шылары арасында суицид өте көп орын алатын ел­дер­дің қатарында. Тіптен соң­ғы бір айдың көлемінде аймақ­тарда мұн­дай оқиға тіп­тен жиі­лей түс­кені алаң­дау­шы­лық туғы­зуда. Бұл өте күр­де­лі сұ­рақ. Әр­бір баланың жағдайы біз үшін өте маңызды. Екіншіден, ай­мақ­тарда тіркелген оқушы­лар­дың өз-өзіне қол жұм­сау фак­тілері бойын­ша тергеу жү­ріп жатыр. Тергеу аяқталмайынша қандайда бір мәлімет жасау­ға болмайды. Әрбір ата-ана, оқушы өз күшіне сенуі керек. Жур­на­лис­тер­ден сұрайтыным, бол­ған жағ­дайларды ушық­тыр­май, ке­рі­сін­ше, балаларға пси­хо­ло­гия­лық кө­те­рің­кі көңіл күй сыйлатын ақ­па­рат тарату керек.
Тесттердің сапасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Типо­гра­фиядан қателіктер болмаса, ҰБТ ешқандай кемшіліксіз өтеді деп жоспарлап отырмыз. Биыл әрбір оқушы дайындық ретінде алдын ала бес реттен тест тапсырды. Мен өзім екі-үш об­лысты аралап шықтым. Жалпы, әр­бір об­лыста ұстаздарды да, оқу­шыларды да психо­логиялық дайындықтан өткіздік. Жуырда Астанада өңір-өңірден ұс­таз­дар­дың басын қосып, тү­лек­тер­ді осы сынаққа қалай дайын­дау керектігін тағы бір тал­қы­ла­дық. Мұғалім «тапсыра ал­май­сың, дайынды­ғың жоқ» деген сөздерді айтпауы тиіс. Ке­рі­сін­ше, «бәрі жақсы болады, тест­ті жақсы тапсырып шы­ға­сың» деп, оқушыға қол­дау көр­сет­кені абзал. Сондай-ақ, өт­кен жыл­ғы «Серпін» пилот­тық жобасы биыл да жал­ғасын табатын болады. Бұл жоба бойынша солтүстік пен шы­ғыс аймақтардағы жоғары оқу орын­дарына оңтүстік өңір­ле­рі­нің түлектерін әкелу жоба ре­тін­де жүргізіліп, алғаш рет 3000 талапкер аттан­ды­рыл­ған болатын.
Енді ҰБТ тапсыруда бола­шақ­та болатын төмендегі өз­ге­ріс­тер жайлы да айта кеткен орынды болар еді. Яғни, бола­шақ­та біз оқу­шы­ларға ҰБТ-ны бір емес, бір­неше рет тап­сы­ру­ға мүм­кін­дік беруді жоспарлап отыр­мыз. Мұн­дай тестті бірнеше мәрте тап­сыру тәжіри­бесі әлем­нің көп­те­ген елдерінде қол­да­ны­лып жүр.
Сол сияқты, көпшілік ара­сын­да жиі айтылып, ата-ана­лар­дың ренішін туғызып жүр­ген оқу­шы­лар­дың ҰБТ тапсыру пункті­не кірген кезде тек­се­ру­ден өтуі­не қатысты мы­наны айтқым келе­ді. Оқушы­лар ұлт­тық бір­ың­ғай тес­тілеу тап­сырған кезде тек­се­ріс­тен өте­ді. Ол рас. Өйт­ке­ні, заңға сәй­кес тест өткізу ережесі бойынша еш­­кім ешқандай тех­ни­ка­лық құрал-жабдықты ұлт­тық бір­ыңғай тест тапсыруда пайд­алан­бауы тиіс. Сондықтан, ата-аналарға, мұғалімдерге, оқу­шы­ла­ры­мыз­ға айтарымыз, еш­қан­дай байланыс құралын пай­да­лану­ға болмайды. Жылдан-жылға біз­дің ҰБТ тапсыратын пункт­тері­міз­де тех­ни­­калық құралдар көбей­іп жатыр. Сон­дық­тан, біз оқу­шы­лар­ды тінту мақ­сатын көз­де­мей­міз.
Бір сөзбен айтқанда, алда­ғы мек­теп түлектерінің өмі­рін­де­гі басты сынағы ҰБТ-ны ой­да­ғы­дай өткізуге мүм­кін­ді­гіміз мол.

Жауап қалдыру