Браконьерлікпен күрес айрықша бақылауда

0
62

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады.
Мемлекет басшысына ми­нистрліктің қазіргі жұ­мыстары, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекс­тің әзірлену барысы тура­лы мәлімет берілді. Ми­нистр геология саласын дамыту, су ресурстарын үнем­деу, ор­мандарды және жа­нуарлар әлемін қорғау үшін қабылданған шаралар жө­нінде есеп берді.
Мемлекет басшысы қатты тұрмыстық қалдықтарға қатысты мәселелерді ше­шу, соның ішінде сынақ алаң­дарын экологиялық және санитарлық талап­тарға сәйкестендіру, сон­дай-ақ, қатты тұр­мыс­тық қалдықтарды шы­ғару және қайта өңдеу сала­сының инвестициялық тар­тымдылығын күшейту қа­жеттігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізу мәселелері айрықша бақылауда болуы тиіс екеніне тоқталды.
Сонымен қатар, Қа­зақстан Президенті халық­тың экологиялық мәдениет­тілігін арттыруға және қор­шаған ортаны қорғау жұ­мыстарына еріктілерді тартуға шақырды.

 

Жауап қалдыру