Бизнесті мемлекеттік бақылау функциялары қысқарады

0
62

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойды.
Заңға жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сө­зінде аталмыш заңның ма­ңыздылығын ерекше атап өтті.
– Енгізіліп отырған өз­ге­рістердің басты мақ­саты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мем­лекеттік бақылау функ­цияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көз­деліп отыр. Құқық бұзу­шылық­тың алдын алатын профи­лактикалық бақылау институтына баса мән берілген. Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тара­пынан көрсетілетін қыз­­меттер реттеледі, – деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бизнес шы­ғындарын жаппай төмен­дету үшін заңда қарас­ты­рылған шаралар жөнінде және бәсекеге кедергі келтіретін нормалардың алынып тасталғаны туралы айт­ты.
– Осы заң арқылы 14 кодекс пен 109 заңға шамамен 1 мыңға жуық өз­геріс енгізіліп отыр. Осы өзгерістердің бәрінің діттеген мақсаты бизнесті дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдай қалыптастыру жө­ніндегі мемлекеттің басты стратегиялық бағытына толық сай келіп отыр. Қа­зіргі уақытта іскерлік белсенділікті күшейту жә­не жұртшылықты кәсіп­керлікпен айналысуға тарту үшін барлық мүм­кіндікті пайдалану аса ма­ңызды, – деді Нұрсұлтан На­зарбаев.
Сөз соңында Қазақстан Президенті бүгінде жүзеге асырылып жатқан «Бес әлеуметтік бастама» ша­ғын және орта бизнес үшін зор мүмкіндік туғызып отырғанын атап өтіп, осы заңның қабылдануы хал­қымыздың игілігі жолында елдегі кәсіпкерлік қызметті жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Жауап қалдыру