Бізге жаңа әлемдік мәміле керек!

0
80

Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев үсті­міздегі жылғы 26-30-қыр­күйек аралы­ғында Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін Америка Құрама Штаттарында болды. Мемлекет басшысы 28-қыр­күйекте Нью-Йоркте бірқатар екіжақ­ты кез­десулер өткізді. Cisco Systems компаниясының директорлар кеңесінің төра­ғасы Джон Чемберспен, Ха­лық­­аралық қаржы корпора­циясының атқарушы вице-президенті Цзин-Юн Каймен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Польша Республикасының Пре­зи­денті Анджей Дудамен, Люксембург Премьер-минис­трі Ксавье Беттельмен кез­дес­ті. Бұл кездесулерде зама­науи өткір мәселелеер талқы­ланылды.
Мемлекет басшысы Нью-Йоркке ұшып келген күннің ертесіне, 27-қыркүйекте БҰҰ-ның 2015 жылдан кейінгі даму кезеңіне арналған күн тәртібін қабылдау жөніндегі саммитіне қатысты.
Саммит барысында 2015 жылға дейінгі дамудың негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген Мыңжылдық декларациясын орындау жө­ніндегі шаралар нәтижесі тал­қы­ланды. Сондай-ақ ша­раға қатысушылар 2015 жыл­дан кейінгі кезеңге арнал­ған даму саласының күн тәртібін қа­был­дады.
Жиналғандарға сөз арнаған Қазақстан Президенті біздің еліміз Мыңжылдық дамудың сегіз мақсатын жүзеге асыру ісінде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін айтты.
Мемлекет басшысы 29-қыр­күйекте БҰҰ Бас ассамб­лея­сының жалпы дебатына қа­тысып, күн тәртібіндегі мей­­­лінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақ­стан­­ның ұстанымын және олар­ды шешу жолдарын қазақ тілінде баяндады. (Елбасы сөзінің мәтіні осы бетте беріліп отыр)
Мемлекет басшысы 30-қыр­күйекте зорлық-зомбылық си­па­тындағы экстре­мизмге қар­сы күрес жөніндегі саммитке қатысты. Онда сөйлеген сөзінде зорлық-зомбылық си­па­тындағы экстремизм бейбітшілік пен қауіпсіздікке төн­ген ең елеулі қатерге айналып, халықаралық терро­риз­мнің өсуіне ықпал етіп отырғанын атап көрсетті.
«Бізге жаңа әлемдік мәміле керек», деп атап өтті Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

Жауап қалдыру