Бірлік биік белестерге бастайды

0
132

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр күні Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты. «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының өкілдері өздерінің ұлттық дәстүрін көрсетіп, ән айтып, би билеп қарсы алды.
Елбасы барша қазақстан­дықтарды және шараға қа­тысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды ортақ мей­ра­мымыз – Қазақстан хал­қының бірлігі күнімен құт­тықтаймын. Бірліктің арқа­сында біз тәуелсіз мемлекет бола білдік. Біздің бірлігімізді барлық ұлыстар дәріптеп отыр. Бізге әлемнің түкпір-түкпірінен көпұлтты мемлекетті қалай құру керек екенін үйрену үшін келетіндер бар, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы елі­міз айтулы жетістіктерге кө­пұлтты Қазақстан халқы­ның бірлігі мен достығының арқасында қол жеткізгенін атап өтті.
– Бірлігіміздің арқасында біз озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу және ха­лықтың әл-ауқатын арттыру үшін өзімізге жауапкершілік жүктедік. Халқымыздың бе­реке-бірлігінің арқасында мен әрбір қазақстандықтың өмір сүру жағдайын жақ­сартуға бағытталған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жария еттім, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті барша жұртты мерекемен құттықтап, өскелең ұрпақтың болашағының жар­қын болуына ниеттестік білдіріп, әр отбасыға бақ-береке мен амандық тіледі.
– Біз еліміздегі алуан түрлі мәдениеттердің, барлық тіл­дер мен дәстүрлердің бәрі де өркендеп келе жат­қа­нын көріп отырмыз. Біз – біртұтас халықпыз, бір-бірімізді құр­меттейміз әрі жақсы кө­реміз, ортақ Конституция мен заңдарға бағынамыз. Бір-бірімізді құрметтеп, дос­тық қарым-қатынаста бо­лу – зор бақыт. Осы бірлігі­мізді сақтап, бақытымыз­дың қа­дірін білейік! – деді Нұр­сұл­тан Назарбаев.
Мерекелік концерт аясында елордалық ұлттық-мәдени бірлестіктердің шығар­ма­шы­лық ұжымдарының, Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Рухани жаңғыру – бірлік пен тұтастық негізі» атты театрландырылған қо­йы­лым көрсетілді.

Дастан ҚАДЫР

Жауап қалдыру