Білім беру ісі – жіті бақылауда

0
48

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 көкекте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қа­былдады. Кездесуде Мемлекет басшысына Бі­лім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ла­ма­сының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді.
Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесі еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру ісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
– Біз іске асырып жатқан барлық бағдарламалық құ­жат­тарда білім беру ісіне зор мән берілген. Мектептегі білім берудің сапасы осы бас­тамалардың табысты жү­зеге асырылуының кепі­лі болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы еліміз­дің білім беру жүйе­сіндегі реформа­лардың уа­қы­тылы жүргізіліп жатқа­нын айтып, жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшу үде­рісіне ерекше тоқталды.
Кездесуде Білім және ғылым министрі мемлекеттік жә­не салалық бағдарлама­лар аясында министрлік алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы жөнінде мәлімдеді.
Е.Сағадиев мектепке де­йінгі білім беру жүйе­сін же­тіл­діру бағытында атқа­ры­лып жат­қан жұмыстың ара­­лық нә­ти­желері жөнінде баян­да­ды.
– 2018 жылы мектепке де­йін­гі білім берумен қам­ту көрсеткіші 95 па­йыз­ға жетеді. Негізінен, бұл жеке балабақшалар құры­лысы­ның есебінен жүр­гізіліп отыр, – деді Білім және ғы­лым министрі.
Сонымен бірге, Е.Саға­диев Қазақстан Президентіне мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжі­рибесі бойынша жа­ңа мазмұнға көшірудің нәтижелері жөнінде айтты.
Білім және ғылым минис­трі жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін мұғалімдер даярлау барысы жөнінде мәлімдеді.

Жауап қалдыру