Бейбіт келісімге үміт бар

0
30

Кеше Астана процесі  аясында өткен сириялық келіс­сөздің екіжақты кездесулері бейбіт келісімге деген үміт­ті ширатып отыр. Сирия жөнін­дегі келіссөздердің жалпы отырысы алдындағы делега­ция­лардың екіжақты бұл кездесулері тығырықты пробле­маларды шешудің алғышарт­тарын әзір­лемек.  
Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті. «Кездесу басталды қарулы оппозиция өкілдері сәл кейінірек – болады, олардың қатысуымен кездесу түске дейін өтеді», – деді Жайнақов.
Еске сала кетейік, кеше, 16-ақпан күні Сирия ахуалын реттеуге байланысты Астана процесінің аясында жоғары деңгейде кезекті отырыс өтті. Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекет­терінің xабарлауынша, отырыс­та Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақ­тау мәселелері, соның ішін­де нақты территорияларда аxуал­ды тұрақтандыру жайы қарастырылды. Сондай-ақ бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режімді күшейту және Женева келіссөздері алдындағы басқа да шаралар талқыға салынбақ.
Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ бақылаушы ретінде АҚШ өкілі қатысты. Атап өтерлік жайт, Астанада өтіп жатқан консультацияларға Сирия қарулы оппозициясы бас­шы­­ларының бірі Усама Әбу Зейд пен  басқа да мүшелері қа­ты­суда.
Бұған дейін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана про­цесінен кейін елордада xалық­аралық теxникалық кезде­су өткен болатын. Соның нәти­жесі бойынша РФ Қарулы Күш­тері Бас шұғыл басқарма басшы­сының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған болатын.

Жауап қалдыру