Бауырлас елдердің байланысындағы соны серпін

0
273

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 көкек күндері мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасында болды. Мемлекет басшысы сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізіп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізіп, Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Келіссөздер барысында президенттер дәстүрлі дос­­тық, өзара сыйластық, сенім мен ашық рухта екі­жақты қатынастардың негізгі мәселелерін, өзара мүд­делілік танытылған өзекті өңірлік және халықаралық проблемаларды талқылап, екі ел арасындағы кеңформатты ынты­мақтастықты одан әрі те­рең­дету мен кеңейтудің перс­­пек­тиваларын қарас­тырды.
Президенттер, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы 1998 жылғы 31 қазандағы Мәңгілік достық туралы шарт пен 2013 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы шартта бекітілген принциптер мен міндеттемелерге бұлжымас беріктігін растай отырып, төмендегілер туралы мәлімдеді:
  Екіжақты сауданың оң қар­қынын ризашылықпен атап өте отырып, мемлекет басшылары екіжақты сауда көлемін 2020 жылдың соңына 5 млрд. долларға дейін өсі­руді, оның құрылымын әр­та­­рап­тандыруды, сон­дай-ақ өңіраралық ықпал­дас­­тықты қоса алғанда, эконо­­­микалық кооперация мен инвестициялық ынты­мақ­тастықтың ұзақ мерзімді жаңа нысандарын дамытуды қам­тамасыз етуге өз ұмты­лыс­­­та­ры бойынша ортақ пікірде.
Мемлекет басшылары ха­­лық­аралық саясаттың өза­ра мүдделі, маңызды мәсе­­лелері бойынша тараптар ұстанымдарының ұқ­сас­тығын растады және Орталық Азияның гүлденуі мен халықтарының игілігі үшін тұрақтылық пен қауіп­сіздік атмосферасын ны­ғайтуға қолғабыс етуге екі жақ­тың да ұмтылысын атап көрсетті. Тараптар ШЫҰ, ТМД, АӨСШК мен басқа да халықаралық және өңірлік ұйым­дар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты жал­ғастыруға уағдаласты.
Өзбекстан лидері Қазақ­стан Республикасының 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің ортақ мүд­делерін халықаралық аренада ілгерілету мәселе­леріндегі қызметіне жоғары баға берді.
Елдердің басшылары БҰҰ және басқа халық­ара­лық ұйымдар шең­берінде екі тараптың халық­ара­лық бастамаларын өзара қолдау бойынша екі ел ұста­нымдарының мыз­ғымас­тығын растады.
Тараптар өңірде және жал­­пы әлемде қалып­тасып отырған ахуалды баға­лаудағы ортақ ұстаным­дарды атап көрсетіп, өңірдегі қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы тұру мен олардың алдын алуға бағытталған, ең алдымен екіжақты форматта және көпжақты құрылымдар шеңберінде халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, есірткі трафигіне, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көші-қонға және басқа да проблемаларға қарсы күресте бірлескен шаралар қабылдауды жақтап сөйледі.
Мемлекет басшылары қор­ғаныс және әске­ри-техни­калық сала­дағы, сон­дай-ақ ғарыш­тық зерттеулер мен әзір­ленімдер сала­сын­дағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамытуға жәр­дем­десу ниеттері туралы мәлім­деді.
Екі мемлекеттің басшылары Арал теңізі бассейніндегі нақты бағдарламалар мен жобаларды іске асыру бойынша өңір елдерінің халықаралық ұйымдар, қаржылық және эколо­гиялық институттармен ықпалдастығын кеңей­ту арқылы Аралды құтқа­ру­дың халықаралық қоры шеңберіндегі ынтымақ­тас­тықты жандан­дыруға өзара мүдделілікті растады.
Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының мәдени, тарихи және рухани бірлігін атап өте отырып, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев ғылым, білім беру, мәдениет, өнер, туризм, спорт және басқа да салалардағы ынты­мақтастықты одан әрі қар­қынды дамытуға бейілділіктерін растады.
Тараптар 2018 жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылының сәтті өткізілуін және 2019 жылғы 15 сәуірдегі Өзбекстандағы Қазақ­­стан жылының салта­натты ашылуына риза­шы­­­лықтарын білдірді. Мұндай іс-шаралар қазақ және өзбек халықтарының бауырластығы мен рухани туыстығының, екі елдің шынайы достығы мен тағ­дырларының ажырамас жақындығының нышаны болып табылатынын, сондай-ақ халықтар арасындағы тату көршілік қатынастарын нығайтуға, өзара түсіністік пен сенімді, көршілік қолдауды тереңдетуге жәрдемдеседі деп атап өтті.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы мемлекеттік шека­раны демаркациялау үдерісінің сәтті жүріп жат­­қа­нын, сондай-ақ екі ел­дің шекара маңындағы тұр­­ғындарының тұрмыс-тір­шілігін жақсартуды, транс­­­шекаралық эконо­ми­калық байланыстар мен гуманитарлық алмасуларды жандандыруды, аза­мат­тардың өзара сапарларын арттыруға септігін тигізетін өткізу бекеттері қызметінің тиім­ділігін қамтамасыз етуді құптады.
Екі елдің президенттері өз аумағында тұратын екінші тарап өкілдерінің этни­калық, тілдік және ұлттық мәдениеттерін сақтау мен дамыту үшін ынтымақтастықты нығайтуға, тараптардың заңна­маларына сәйкес олардың өкілдерінің қоғам­дық-саяси, мәдени және әлеу­меттік-экономикалық өміріне белсенді қатысуына жағдай жасауға ниеттерін растады.
Қазақстан Респу­блика­сының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке, бүкіл өзбек халқына жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін алғысын білдірді және Өзбекстан басшысын оған ыңғайлы уақытта Қа­зақстанға сапармен келуге шақырды. Сапардың мерзімдері дипломатиялық арналар арқылы келісіледі.

Жауап қалдыру