Басты міндет – инвестициялар көлемін арттыру

0
1195

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төра­ғалығымен кеше Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста негізгі капиталға инвестициялар ағымын ҚР ЖІӨ-іне шаққанда 30%-ға дейін арттыру бойынша институционалдық және заңнамалық шаралар талқыланды. Ұлттық экономика министрлігінің инвес­тициялар тарту, экономика өсімін қолдау үшін 2025 жылға дейін негізгі капиталға шетелдік инвестициялар мен салымдардың қажетті көлеміне талдау бойынша жүйелі тәсілдері қарастырылды.
Жыл сайынғы жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағымын 2018 жылғы $24 млрд-тан 2025 жылға қарай $34 млрд-қа дейін арттыру бойынша міндет қойылды.
МЖӘ көлік және логистика, энергетика, туризм, ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру т.б. салаларға инвестициялар тартудың тиімді құралына айналуы тиіс.
Экономиканы әртарап­тан­­дырудың маңызды драйвері жұмыс істеп тұрған кәсі­порындардың вертикальді кірі­гуін қамтамасыз ететін жобаларға инвестиция­лар­дың шоғырлануы болады.
Салалар бойынша инвестициялар тарту көрсеткіштеріне қол жеткізу де еліміздің экспорттық базасының тех­нологиялық күрделілілігін арт­тыруды қамтамасыз етеді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін ЖІӨ-ге инвестициялардың мақсатты арақатынасына қол жеткізу үшін инвестицияларды тарту бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштері әзір­ленеді.
Отырыстың күн тәртібінде сонымен қатар көтерме сауда-тарату орталықтары желісін дамыту мәселесі қаралды. Қазақстанда логистикалық қуаттылықты арттыру мақса­тында 2020-2023 жылдары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент, Ақтөбе, Семей, Көкшетау, Атырау және Ақтау қалаларында 8 өңірлік тарату орталығынан тұратын желіні құру жоспарланған. Бұл тетік фермерлерден өнімдерді ерте сатып алып, қажетті қор жасап, одан кейін өнімдерді маусымаралық кезеңде – желтоқсан айынан сәуір айына дейін сауда желілерінде арзандатылған бағамен сатуға бағытталған.
Жобаны іске асыру нәти­жесінде бағалардың тұрақ­тылығы қамтамасыз етіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мау­сымдық алыпсатарлық үс­теме баға қостырылмайды. Жо­баны іске асыруда са­лынған бір теңгеден жиын­тық әлеуметтік-экономикалық тиімділік 30 теңгеден асады.
Үйлестіру кеңесі отыры­сының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасына инвестицияларды одан әрі тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды.
– Экономиканың дамуы инвестицияларды тартумен тікелей байланысты. Жаңа тауашалар іздеп, инвестициялар тарту тетіктерін құрып, барлық қолдау шараларын көрсету керек, – деді Асқар Мамин. – Басты міндет – экономикаға инвестициялар көлемін 2 есе арттыру».
ҚР Үкіметінің басшысы орталық мемлекеттік орган­дарға, өңірлер әкім­деріне, холдингтерге ұлттық және шетелдік инвесторлармен, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйым­дарымен ел экономикасына инвестициялар тарту және жаңа ауқымды жолбаларды табу бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

primeminister.kz

 

 

Жауап қалдыру