Баспана: Меминвестиция – 1 теңге жеке инвестиция – 8 теңге

0
16

Баспана:
Меминвестиция – 1 теңге
жеке инвестиция – 8 теңге
6 қарашада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының осы жылдың тоғыз айында жүзеге асырылу барысы қаралды.
Инвестициялар және да­му министрлігінің мәлі­ме­тіне қарағанда, осы жылдың 9 айының қоры­тын­дысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ла­масы арқасында 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезе­ңімен салыстырғанда 11,6 пайызға артық.
– 77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақ­сартты, оның ішінде 9,5 мыңға жуық отбасы мемле­кеттік қаржы есебінен са­лынған баспанаға қол жет­кізді, – дейді ҚР инвес­ти­циялар және даму министрі Ж. Қасымбек.
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға ар­тып, 818,9 млрд тең­геге жетті. Мемлекеттік инвес­ти­цияның 1 теңгесіне жеке инвес­тициялардан 8 теңге салынды. Биылғы 9 ай­дың қоры­тындысы бойынша, тұр­ғын үйді пай­дала­нуға беру кө­лемі жағы­нан Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау об­лысы көш бастап тұр.
– Биыл 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосуды жоспарлап отырмыз, оның 1,3 млн шаршы метрі мем­лекеттік инвестициялар ая­сында жүзеге асырылады, – деп атап өтті Ж. Қасымбек өз баяндамасында.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы мем­лекеттік бағдарламаны іске асыруға республикалық бюд­жеттен 148,6 млрд теңге қарастырылған. Қар­жы­­лан­дыру жоспарына сәйкес тұр­ғын үй құрылысы ау­мағына инженерлік ком­муни­кацияларды жеткізу үшін 44,6 млрд теңге аударылған, оның 40,8 млрд теңгесі игерілді. 500 шақы­рым инженерлік желі салынды.
Сонымен қатар, Ж. Қа­сымбек бағдарламаның бө­лек бағыттарының қалай жү­зеге асып жатқаны туралы баяндады.
Биыл «Халықтың әлеу­меттік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз жал­ға берілетін тұрғын үй құрылысы» бағыты бойын­ша 3470 пәтер салу жоспар­лануда.
– Биылғы 1 қазандағы жағ­дай бойынша, жалға бері­летін 1176 пәтер тап­сырылды. Бөлінген 26,9 млрд теңгенің өңірлерге 21,3 млрд теңгесі жетті. Оның 20,1 млрд теңгесі игерілді. Жалпы, Мемлекет бас­шысының Жолдауы ая­сын­да жалға берілетін тұр­ғын үй құрылысын қар­жы­ландыруды 50 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспар­лап отырмыз, – деді министр.
«Несиелік тұрғын үй құ­рылысы» атты екінші бағыт­қа облигациялық қарыздың бір бөлігі ретінде 2 жыл сайын айналымға 207 млрд теңге бағытталады. Ж. Қасымбектің айтуынша, аталған бағытты іске асыру үшін Ұлттық қордан «Бәйтерек» холдингі арқылы 2016 жылы әкімдіктерге 67 млрд теңге бөлінді. 2017 жылдан бастап әкім­діктерге «Бәйтерек» хол­дингі мен «Самұрық-Қазына» қорынан бөлінген қо­сымша қаражаттар қайта бағытталды. Биыл минис­трлік 141 жобаны іске асыру үшін әкімдіктерге 100 млрд теңге қаржы беруді жоспарлап отыр. Бұл қаражат 9793 пәтердің құрылысына жұмсалады. 2018 жылдың 5 қарашасындағы есеп бо­йынша, әкімдіктер 93 млрд теңге тартқан. 180,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3096 пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 6697 пәтер халық игілігіне беріледі.
«Жеке тұрғын үй құры­лысын дамыту» бағыты ая­сында биыл шамамен 40 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациямен қамта­масыз етіледі. Қазіргі уа­қытта шамамен 16,5 мың жер телімі берілген.
«Жеке құрылыс салушы­ларды тұрғын үй салуға ын­та­ландыру» төртінші ба­ғытын іске асыру опе­ра­торы – «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қоры. Қор деректеріне сәйкес, құры­лыс салушыларға субси­дияланатын несие­лерді беру жоспары 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысына шаққанда 152 млрд теңгені құрайды. Бүгінде жеке құрылыс салушылар 138,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берген. Жалпы, бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері банктер 67,2 млрд теңге несиелер сомасына 77 жобаны мақұлдаған, оның ішінде 42,9 млрд теңгеге субсидиялау бойынша 46 келісімшарт жасалған.
– Бүгінде 578,4 мың шаршы метр немесе 9669 пәтер пайдалануға берілген. «Са­мұрық-Қазына» қоры 2016 жылы бөлінген 97 млрд теңгеден 75,9 млрд теңгеге коммерциялық тұрғын үй құ­рылысына келісім­шарт­тар жасасқан. Жыл соңына дейін «Самұрық-Қа­зына» қалған 50,3 млрд теңгені қайтаруы тиіс. Бұл қаражатты жер­гі­лік­ті атқарушы органдар не­сиеге берілетін тұрғын үй құрылысын қаржы­лан­ды­руға жұм­сайды, – деді ми­нистр Ж. Касымбек.
primeminister.kz

Жауап қалдыру