Бас мүфтиді қабылдады

0
130

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 13 желтоқсан күні Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Оразды қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Серікбай қажы Оразды Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына сайлануымен құттықтады.
– Мен Тәуелсіздік күні қарса­ңында Сізді осындай жоғары лауазымға сайлануыңызбен құт­тықтау үшін шақырдым. Тә­уелсіздіктің арқасында дәс­түрі­мізді қайта жаңғыртып, ата-бабамыздың дінін ұстану мүмкіндігіне ие болдық. Мемлекет тарапынан кез келген аза­маттың діни бостандығын қам­тамасыз ету үшін барлық жағдай жа­салды, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі арқылы діни қатынастар саласын реттеуде мемлекет ерекше рөл атқаратынын айтты.
– Қазақстан – зайырлы мемлекет. Министрлік дінге қандай да бір шектеу қою үшін құрылған жоқ. Министрлік дін саласында тәртіп орнатып, дін жолындағы адамдар бір-бірінің құқығын бұзбауын қамтамасыз ету үшін құрылған, – деді Мемлекет бас­шысы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев әзірленіп жатқан діни қызмет туралы заңның негізгі ережелерін кең ауқымда тү­сіндіріп, халыққа жеткізу жө­нінде бірлесе жұмыс жүр­гізу­дің қажеттігіне назар аударды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкіл­дерімен биылғы сәуірдегі кездесуіне тоқталып, онда сананы жаңғыртып, еліміздің тарихи және рухани байлығын сақтау қажеттігі талқыланғанын атап өтті.
– Патриотризм, отанды сүю, еліміздегі және өңір­дегі тұ­рақ­тылық – біздің болаша­ғы­мыздың кепілі. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек, – деді Елбасы.
«Астана Медиа Пресс».
сылмандары үшін ханафи мазхабының дәстүрлі сипатына назар аударып, бұл ағымның мәнін ұғындыру қажеттігін айтты.
– Дін жолындағы адамдардың арасында жастар да бар. Мешіттерге сән үшін баратындар да бар, шалбарының балақтарын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бәріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы радикалды діни ағымдарды ұстанушылармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды.
– Дәстүрлі ханафи мазхабының қағидаларын және оның теріс пиғылды діни ағымдардан айырмашылығын түсіндіру үшін Құран мен хадистерді білетін білікті имамдарды тарту қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен конференциялар өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін де меценаттықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның Бас мүфтиі жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі діни мектепті қайта жаңғыртуға байланысты үлкен міндеттер тұр, – деді Серікбай қажы Ораз.
– Сіз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда жаңа үрдістер мен әлемдегі өзгерістерге бет бұру қажеттігі туралы айттыңыз. Бүгінде біздің имамдар жаңа әдебиеттерді зерттеп, уағыз айту мен мінажат ету барысында осы білімдерін қолдануда, – деді Бас мүфти.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Серікбай қажы Ораз еліміздегі діни білім беру мәселесін талқылады.

Дастан ҚАДЫР,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру