Барлық бастамалар жүзеге асырылады

0
70

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалы­ғымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2019-2023 жыл­дарға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық да­муы және 2019-2021 жылдарға арналған респуб­ли­калық бюджет болжамын нақтылау мәселелері қа­рал­ды.
Негізі макрокөрсеткіштер мен бюджеттік параметр­лердің болжамдары туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы минис­трі Ә. Смайылов және ұлт­тық экономика министрі Р. Дәленов баяндады.
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов нақты­лан­ған республикалық бюд­жет­тің жобасы әзірленгенін айтты.
– Алда тұрған басты мақ­сат­тардың бірі – біріншіден, ол осы нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын Парла­ментке енгізу және оның қа­был­­дануын қамтамасыз ету. Екіншіден, нақтыланған бюджетте көзделген төлемдердің уақытында алушыларға жетуін қамтамасыз ету үшін, барлық бюджеттік процедураларды тез арада өткізу. Үшіншіден, бюджет кірістерінің толық орындалуын қадағалау және бюджет қара­жатының атқарылуына онлайн-мониторингті жалғас­тыру, – деді Ә. Смайылов.
Нақтыланған бюджет жобасы қаражаттардың 3 бағыт бойынша бөлінуін қарас­тырады.
Біріншісі. Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезін­де атаған «Әлеуметтік қам­қорлық» әлеуметтік шараларын жалпы сомасы 444,3 млрд теңге іске асыру.
– Аталған қаражаттар аясын­да азаматтардың жекелеген са­наттарына әлеуметтік қол­дауды күшейту көзделген, оның ішінде төмен жалақы алатын жұмысшылардың ең­бек ақысын, мүгедектігі бо­йын­­ша жәрдемақыларды ұл­­ғайту, атаулы әлеуметтік кө­мек тағайындау параметрлерін өзгерту, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға жалдамалы тұрғын үй салу және ҚТҚЖБ арқылы жеңілдікті не­сие­­лендіруді енгізу, сондай-ақ өңірлік инфрақұрылым мен «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жо­ба­­сын дамыту, – деді Ә. Смайылов.
Екіншісі. «Жастар жылын» өткізу аясында іс-шараларды іске асыру – 24,6 млрд теңге.
Үшіншісі. Президенттің 2017 және 2018 жылдардағы жолдауларда айтылған тапсырмаларын орындау – 286 млрд теңге.
Қаржы министрі аталған қаражаттар аясында Түр­кістан облысын және Астана қаласын дамытудың кешенді жоспарларын іске асыру, Астанада Ғылыми-онкологиялық орта­лық, «Сарыарқа» газ құбырын салу, сондай-ақ, еліміз­дің қа­уіпсіздігін қам­тамасыз етуге қатысты іс-шараларды іске асыру көзделгенін атап өтті.
Мұнан соң биылғы қаңтар-ақпандағы елі­міздің әлеуметтік-эконо­микалық дамуының және республикалық бюд­жеттің орын­далуының қоры­тындысы туралы Р. Дәленов баян­дады.
Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов жалпы осы жылғы екі айдың қорытын­дылары бойынша ЖІӨ серпіні жылдамдағынын, инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр­ғанын, инвестициялар қай­та өсе бастап, халықаралық қорлар тұрақты деңгейде тұрға­нын атап өтті.
– ЖІӨ өсуі 3,5%-ға дейін жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9% құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өнді­рісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторының өсуі­мен қам­та­масыз етілді, – деді ұлттық экономика министрі.
Сонымен қатар, инвестициялар серпінінде өзгеріс болды. Егер ол өткен айда төмендесе, есепті кезеңде олардың өсімі 4,2 пайыз құрады. Өсу машиналар мен жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының компрессорлық станциясының құрылысымен байланысты.
Премьер-Министр ұсынылып отырған өзгерістерді енгізу халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Ел­басының «Әлеуметтік қам­қорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асырумен байланысты екенін атап өтті.
– Президенттің барлық бастамаларына толық көлемде қаржы бөлініп, жүзеге асырылатын болады, – деп Асқар Ма­мин, алға қойылған мін­дет­тердің уақытылы орындалуын, нәтижелі және сапа­сының жоғары болу қажет­тігін айтты.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша, тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте заң жобаларын ҚР Парламенті қарауына енгізу тапсырылды.

primeminister.kz

Жауап қалдыру