Бағыт – инновациялық экономика

0
139

Бұл уақыт пен күшейіп келе жатқан жаһандық бәсекелестіктің талабы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 15-16 ақпан күндері оңтүстік астанамыз – Алматы қаласын жұмыс сапарымен келіп, Алма­ты қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты. Бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандарда болды, атқарылып жатқан жұмыстардың мән-жайымен танысты.
Нұрсұлтан Назар­баев Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дү­ниежүзілік қысқы универ­сиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңеске Президент Әкім­ші­лігінің Басшысы Н.Нығ­ма­тулин, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Президент Әкім­шілігі басшысының орынбасары Қ.Ақсақалов, сондай-ақ минис­трліктердің, жергілікті атқа­рушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының бас­шы­лары, іскер және ғылыми ор­та өкілдері қатысты.
Мемле­кет басшысы отандық экономи­каның тиімділігін арттыру жө­нінде қойылған міндеттерді жүзеге асыру көбіне өңірлерге байланысты екенін, олардың қатарында Алматы маңызды рөл атқаратынын айтты.
«Қала ірі экономикалық ор­талық ретінде қалыптасты, ол республикалық бюджеттің доноры болып табылады және бүгінде жиынтық ішкі өнімнің бестен бірін қамтамасыз етеді. Алматы жетекші білім орталығы да болып саналады, мұнда елдегі жоғары оқу орындарының 40 пайыздайы шоғырланған. 86 ғылыми-зерттеу институты мен 11 мың ғылыми қызметкерлерді қамтитын, инновация мен эко­номиканың ғылыми қам­тымды секторларын дамытуға қомақты үлес қосуы тиіс салмақты ғылыми әлеует бар. Қалада 17 республикалық мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы спорт нысандарының желісі құрылған, олар алматы­лықтарды ғана емес, өзге өңірлер мен елдерден айтарлықтай мөл­шерде туристер тартып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Үкімет­тің кеңейтілген отырысында жария­ланған, ақша-несие саяса­тының тиімділігін арт­тыруға және елдегі қаржы тұрақ­ты­лығын сақтауға бағыт­талған эко­но­миканы қосымша қолдау шараларын да еске салды.
«Сарапшылардың мәліме­тін­ше, әлемдік эконо­миканы жай­лаған дағдарыс ұзаққа созы­лады. Біз қабылдаған, жалпы құны шамамен 2 триллион теңге көлемінде болатын қо­сым­ша шаралар 60 мың адам­ды жұмыспен белсенді қам­туға, 18 мың жаңа жұмыс ор­нын ашуға және мыңға тарта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру негізінен өңірлер мен мемлекеттік аппараттың кәсі­билігіне байланысты бола­ды», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қаржы ресурстарының шектеулі екен­дігін ескеріп, оны барынша тиім­ді пайдалану қажеттігін айт­ты.
Қаланың алдына қоятын не­гізгі міндетім – инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу. Әкім мен оның аппаратының жұмысын бағалау осыған бай­ланысты болады. Мемлекет-жеке­меншік серіктестігін бел­сенді түрде енгізу қажет. Әкім баяндағандай, қалада бұл жұмыстар қазірдің өзінде бас­та­лып кетті. Тек биыл ғана жалпы құны 30 миллиард теңгеге мем­лекет-жекеменшік серік­тестігі негізінде 25 бала­бақша, 3 мектеп және бір емхана салынады, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әкімдікке қаладағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.
«Алты жыл бұрын менің тапсырмаммен индустриялық даму бағдарламасы іске қо­сылды. Осы уақыт аралы­ғында елде 900 жаңа нысан салынды, 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Сонымен бірге, осы бағдарлама басталғаннан бері Алматыда жалпы инвестиция көлемі 285 миллиард теңге болатын барлығы 27 жоба жүзеге асырылған, соның 243 миллиард теңгесі үш жобаға тиесілі. Тек 42 миллиард теңгесі ғана жеке инвестициялардың үле­сінде. Алматының әлеуеті үшін бұл жеткіліксіз», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл ретте Қазақстан Прези­денті Алматы қаласының іскерлік ортасында инно­вация­лық, жобалық-конструкторлық және сервистік кәсіпорындарды ұлғайту қажеттігіне назар аударды.
«Қазіргі заманғы қалаға ин­но­вациялық экономика қа­жет. Бұны уақыт пен күше­йіп келе жатқан жаһандық бәсе­келестік талап етіп отыр. Сол үшін біз Алматыда «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнаулы экономикалық аймағын құрдық. Бүгінде 150 компания тартылып, олар 15,5 мил­лиард теңге инвестиция салды. Бұл жұмыстың басы ғана, жүктеме деңгейі мен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Алматыда 42 жоғары оқу орны, соның ішінде алты ұлттық оқу орны мен барлық студенттердің үштен бірі шоғырланған. Алайда олардың жанында екі технопарк қана жұмыс істейді. Біреуі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында, екін­шісі – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерт­теу университеті жанында», – деді Мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Нұр­сұлтан Назарбаев жас ғалым­дар мен студенттерге өз идея­ларын жүзеге асыру және жаңа әзірлемелерді енгізу үшін қа­жетті жағдайлар жасау мін­де­тін қойып, білім және ғылым ми­нистрі Е.Сағадиевке осы тап­сыр­маның орындалуын ай­рықша бақылауға алуды тап­сырды.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті жергілікті атқарушы органдарды шағын және орта биз­несті белсене қолдауға шақырды.
«Бұл сектор Алматының өңір­лік жиынтық өнімінің 85%-ын құрайды. Өндіріс көле­мін сақтау, шағын және орта биз­несті қолдау үшін елде жалпы 600 миллиард теңге бөлінеді. Капиталды заңдас­тыру үдерісі айтарлықтай жеңілдетілуде. Ха­лықтың жұмыспен қамты­луын қолдау үшін қалаға қосымша 2,7 миллиард теңге бөлінеді, бұл тағы 2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Алматы бірінші кезекте осы мүмкіндіктерді пайдалануға тиіс. Барлық банктер, шағын және орта бизнес субьек­ті­лерінің бестен бірі дерлігі осында орналасқан, құрылыс секторы дамыған. Сондықтан әкім­дікке осы бағыттардың бар­лығы бойынша жұмысты жан­дандыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту ісіне назар аударды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысына 47 миллиард теңге бөлініп, 3000-нан астам пәтер салынатын болады. Бұл ретте 1 шаршы метр баспана бағасы Алматы үшін 200 мың теңгеден аспайды. Кезекте тұрғандарға сатып алу құқығы берілетін жалдамалы тұрғын үй үшін төлем 1 шаршы метріне 1230 теңгеден, ал сатып алу құқығынсыз 640 теңгеден аспайды», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қала халқына әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы түйіткілдерді де шешу қажет­тігін атап өтті.
«Таяуда сіздерде әкімдердің халық алдындағы есеп беру жиындары аяқталды. Қалалық­тар көтеретін негізгі мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығына, көлік қатынасына, тұрақтарға, арық желісіне бай­ла­нысты болып келеді. Әкім­дік қоғамдық көлік жүйе­сін дамытуға, қала халқына қыз­мет көрсету деңгейін арт­тыруға қатысты жұмысты жалғас­тыруы керек. «Оңай» электрондық билет жүйесінің кейбір қолайсыз және әлі шикі тұстарына қатысты белгілі бір шағымдар бар. Экология проблемасы да Алматы үшін мейлінше өзекті мәселе болып қалып отыр. Әкімдік қаланы көгалдандыру, көлікті және жекеменшік үйлерді газға көшіру, қалаға сырттан кіретін 250 мыңнан астам көлікдің қозғалысын реттеу жұмыстарын жалғастыруы керек. Бұл орайда осы саладағы халықаралық тәжірибені зерттеу қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшы­сы ипотекалық несие алушы­лардың проблемаларына тоқ­талды.
«Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл түйіткілді шешу жөніндегі жұмысты бастады. 25 мыңға жуық проблемалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге бөлінді. Алматыда 7 мыңға жуық проблемалық несие иелері арасынан 3565 өтінім банктер қарауына ұсынылып, соның 1470-і қазірдің өзінде қайта қаржыландырылды. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Бұл ретте 90 миллиардқа жуық теңге әлі игерілген жоқ. Мұндай шырғалаң халықтың наразылығын тудырады. Деген­мен, көмек тек шынымен мұқ­таждарға ғана көрсетілуге тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті кри­ми­ногендік ахуалға да тоқ­талып, азаматтардың қауіпсіз­дігін күшейту қажет­тігіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы универ­сиада­ның басталуы және ай­тар­лық­тай көп спорт­шы­лар­дың, жанкүйер­лердің, турис­тердің келуі қарса­ңында қалада құқықтық тәртіпті қатайту жө­нінде кешенді шаралар қа­был­дап, бейнека­мералар ор­на­тып, көшелер­ді жарық­тан­дыру ісін жалғас­тыруды тапсыр­ды.
Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, универсиада өткізу Қа­зақстан үшін елеулі экономи­калық тиімділік әкелетін маңыз­ды имидждік жоба болып саналады. Осы орайда Қазақ­стан Президенті Үкіметке ұйым­дастыру комитетімен және қала әкімдігімен бірлесіп, бұл іс-шараға ойдағыдай дайын­дық жасау үшін барлық қажет­ті шараларды қабылдауды тап­сырды.
«Бүгінде бірқатар нысандар әлі дайын емес. «Медеу» мұ­зайдынының, «Шымбұлақ» тау-шаң­ғысы базасының және Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының дайындығы ай­тар­лықтай алаңдаушылық туғызады. Бұдан бөлек, ойын­дар өткен соң нысандарды қалай пайдалану керектігі жөнінде қазірдің өзінде ойлану қажет. Бұл ретте бюджетке түсетін салмақ мейлінше аз, ал спорт нысандары халық үшін қолжетімді болуға тиіс. Универсиаданы өткізу қаланың дамуына тың серпін беріп, оның архитектуралық келбетін жақсартып, қонақүйлердегі, мейрамханалардағы, қоғам­дық көліктегі және спорт нысан­дарындағы қызмет көр­сету деңгейін арттыруға тиіс. Соның бәрі шағын және орта бизнесті жандандырып, көрсе­тілетін қызмет ауқымын ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп­тігін тигізеді», – деді Мем­лекет басшысы.
Сондай-ақ іс-шара бары­сында Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Мәде­ниет және спорт министрі А.Мұ­ха­медиұлы, Алматы қала­сы­ның әкімі Б.Байбек баян­дама жасады.
Содан кейін Мемлекет бас­шысы Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүние­жүзілік қысқы универ­сиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Кеңеске Президент Әкімші­лігінің басшысы Н.Нығ­ма­тулин, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Президент Әкім­шілігі басшысының орынбасары Қ.Ақсақалов, сондай-ақ минис­трліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының басшылары, іскер және ғылыми орта өкілдері қатысты.
Іс-шараны ашқан Мемлекет басшысы отандық эконо­миканың тиімділігін арттыру жөнінде қойылған міндеттерді жүзеге асыру көбіне өңірлерге байланысты екенін, олардың қатарында Алматы маңызды рөл атқаратынын айт­ты.
«Қала ірі экономикалық ор­талық ретінде қалыптасты, ол республикалық бюджеттің доноры болып табылады және бүгінде жиынтық ішкі өнімнің бестен бірін қамтамасыз етеді. Алматы жетекші білім орталығы да болып саналады, мұнда елдегі жоғары оқу орындарының 40 пайыздайы шоғырланған. 86 ғылыми-зерттеу институты мен 11 мың ғылыми қызметкерлерді қамтитын, инновация мен эконо­миканың ғылыми қам­тымды секторларын дамытуға қомақты үлес қосуы тиіс салмақты ғылыми әлеует бар. Қалада 17 республикалық мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы спорт нысандарының желісі құрылған, олар алматы­лықтарды ғана емес, өзге өңірлер мен елдерден айтарлықтай мөлшерде туристер тартып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Үкі­мет­тің кеңейтілген отыры­сын­да жарияланған, ақша-несие саясатының тиімділігін арт­­тыруға және елдегі қаржы тұрақ­тылығын сақтауға бағытталған экономиканы қо­сым­ша қолдау шараларын да еске салды.
«Сарапшылардың мәліме­тін­ше, әлемдік экономи­каны жайлаған дағдарыс ұзаққа созы­лады. Біз қабылдаған, жалпы құны шамамен 2 трил­лион теңге көлемінде болатын қосымша шаралар 60 мың адамды жұмыспен белсенді қамтуға, 18 мың жаңа жұмыс орнын ашуға және мыңға тарта инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру негізінен өңірлер мен мемлекеттік аппараттың кәсібилігіне байланысты бола­ды», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қаржы ресурстарының шектеулі екен­дігін ескеріп, оны барынша тиімді пайдалану қажеттігін айтты.
«Қаланың алдына қоятын негізгі міндетім – инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу. Әкім мен оның аппаратының жұмысын бағалау осыған бай­ланысты болады. Мемлекет-жеке­меншік серіктестігін бел­сен­ді түрде енгізу қажет. Әкім баян­дағандай, қалада бұл жұмыс­тар қазірдің өзінде бас­талып кетті. Тек биыл ғана жалпы құны 30 миллиард теңгеге мемлекет-жекеменшік се­рік­­тестігі негізінде 25 бала­бақша, 3 мектеп және бір ем­хана салынады», – деді Қазақ­стан Президенті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әкімдікке қаладағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ іс-шара бары­сында Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Мәде­ниет және спорт министрі А.Мұ­хамедиұлы, Алматы қала­сының әкімі Б.Байбек баяндама жасады.

Жауап қалдыру